Бағдарламасы аясында іске асырылды Karen Armstrong



Pdf көрінісі
бет140/204
Дата04.10.2024
өлшемі28,29 Mb.
#205657
түріБағдарламасы
1   ...   136   137   138   139   140   141   142   143   ...   204
Байланысты:
Karen Armstrong. A History of God

фәна 
үрдісіне ұқсайтын. Экхарт та «үзілу» немесе «айрылу» 
(
Abgeschieden beit
) жайлы жиі-жиі сыр шертетін.
402
Мұсылман адам Құдай
-
дан басқаға құрмет көрсетуді өзі үшін мәжусилік (
ширк
) санайтыны сияқты, 
Экхарт та мистиктің Құдай жайында шектеулі ойларға құл болуын жоққа 
шығарды. Құдаймен осы жолмен ғана бірігуге болады, өйткені «Құдайдың 
барлығы менің барлығым болуы тиіс және Құдайдың заты (
Istigkeit
) менің 
затым».
403
Құдай болмыстың мәйегі болғандықтан, Оны «сырттан» іздеудің 
немесе осы дүниенің арғы жағындағы бір құбылыс деп санаудың қажеті 
жоқ. 
Халлаж «Мен Хақпын!» дегенде ғұламаларды өзіне жау етті. Экхарттың 
402 Ibid., p. 288.
403 «On Detachment», in Edmund Coledge and Bernard McGinn, eds. and trans. Meister Eckhart, the Essential Sermons, Treatises 
and Defense (London, 1981), p. 87.


355
мистикалық көзқарастарынан Германия епископтары сілейіп қалды. Қара
-
пайым пенденің Құдаймен бірге бола аламын деуінде қандай мән бар? Он 
төртінші ғасырда грек дін ғалымдары бұл мәселе жайлы жиі-жиі дауласатын. 
Құдайға зат ретінде ұласу мүмкін болмаса, ол адамзатпен қалай байланыс 
құрады? Құдайдың заты және «қарекеті» мен «қуаты» арасында Әкелер ай
-
тқандай, ерекшелік бар болатын болса, әлбетте, бір христиан құлшылық ет
-
кенде бет түзейтін «Құдай» мен Құдайдың өзін салыстыру сандырақ болып 
шығар еді. Салоники епископы Григорий Палама парадокс сияқты көрін
-
се де, әрбір христианның Құдайдың тура Құдай ұғымына ұласа алатынын 
алға тартты. Әлбетте, Құдайдың заты әрқашан біздің санамыздан тыс жатыр, 
бірақ Оның «энергиялары» Құдайдан бөлек емес және иләһи шоғырдың 
нұры ретінде сипатталуы мүмкін. Яхуди мистик мұны қабылдауы мүмкін: 
Құдай 
Эн Соф
әрдайым сәулесіз түнек болып қалатын еді. Бірақ оның 
сефи
-
роты 
(гректердің «қарекетіне» балама еді) жалғыз өзі киелі болады және 
мәңгілік Құдайдың жүрегінен төгіледі. Кейде адамдар Киелі Кітапты Құдай
-
дың «құрметінің» көрінісі дегені сияқты, бұл «қарекеттерді» көріп, сезіне 
алар еді. Ешкім де Құдайдың затын көре алмаған, бірақ бұл мүлде Құдай
-
дың өзімен тура байланысуы мүмкін емес деген мәнді білдірмейді. Пала
-
ма бұл көзқарас қайшылыққа әкеледі деп мазасызданбады. Гректер Құдай 
туралы сөздердің қайшылық тудыратынын сан ғасыр бұрын айтып қойған. 
Адамдар Ол жайындағы нәрсені тек осылай сыр мен ойға сыймайтын сезім 
деп ұғатын. Паламаның түсіндіргені былай: 
Киелі болмысқа ұмтылуды меңгерсек те, Оған қол жеткізу мүлдем 
мүмкін емес. Екі пайымды да сақтап, 
антиномиядағы бұл қайшылықты 
дұрыс қағиданың критерийлері ретінде қорғауымыз 
керек.
404
Паламаның ілімі жаңалық емес еді: жетінші ғасырда жаңа теолог Симе
-
он бұл көзқарасты алғаш ұсынды. Бірақ Варлаам Калабрийский Паламаға 
қарсы шықты. Варлаам Италияда білім алды. Фома (Томас) Аквинскийдің 
404 Theophanes, PG. 932D; 
курсив
К

Армстронг
.


356
Аристотель рационализмінен барынша әсерленді. Құдайдың заты мен «қа
-
рекеттері» арасындағы гректің дәстүрлі жіктеуіне қарсы шықты және Па
-
ламаны «Құдайды екі бөлшекке бөлді» деп айыптады. Варлаам антикалық 
грек рационалистері ұсынған Құдай ұғымын тілге тиек етті. Оның абсолют
-
тік даралығына назар аударды. Варлаамның сөзінше, Аристотель сияқты 
Құдайдың ерекше нұры жауған грек философтары Оның тылсымдығы мен 
әлемнен бөлектігін қорғады. Сондықтан адамдар үшін Құдайды «көру» мүм
-
кін емес: адамдар киелі жазбалар мен жаратылыстың мұғжизаларында тек 
оның әсерін ғана сезіне алады. Варлаамды 1341 жылы Православ Шіркеуі 
Соборы сотқа тартты, бірақ оны Аквинскийдің ықпалына жығылған басқа 
монахтар жақтап шықты. Бұл түптің түбінде мистиктер Құдайы ман филосо
-
фтар Құдайы арасындағы кикілжіңге айналды. Варлаам мен жақтаушылары 
Григорий Акиндин («Теология шоғыры» кітабынан жиі сілтеме келтіретін), 
Никифор Григора мен томасшы Прохор Кидонис Византияның үнсіздік, па
-
радокс пен құпия нышаны бар апофатикалық теологиясынан бөлінді. Батыс 
Еуропаның Құдайды Жоқтық емес, Барлық ретінде танытқан позитивистік 
теологиясын қабылдады. Дионисий, Симеон мен Паламаның тылсым Құдай
-
ына қарсы жаңа Құдай ұғымын ойлап тапты. Бұл Құдай хақында пайымда
-
уға, әңгіме қылуға болады. Гректер Батыс ғалымдарының бұл талпынысына 
әркез шүбәмен қарайтын. Осы рационалистік латын идеяларының өтіп ке
-
туіне қарсы Палама Шығыс Правсолавиесінің парадокс теориясын жаңа
-
дан талдады. Құдайды адамның құр сөзімен сипаттайтын дәрежеге дейін 
төмен түсірмеу керек. Варлаам екеуі Құдайдың тылсымдығы мәселесінде 
бітімге келді. Бірақ сонда да адамдардың «сезіне алатынына» күмәнсіз сен
-
ді. Фавор тауында Исаның адамдық сипатын өзгерткен шұғыла ешкім көре 
алмайтын Құдайдың заты емес-тін. Бірақ тылсым кейіпте Құдайдың өзі еді. 
Грек теологиясы бойынша православ идеяға иләһи сипат дарытқан литур
-
гия «Фаворда Әке мен Рухты нұр сипатында көрдік» деп еді. Бұл Иса сын
-
ды иләһи кейіпке енгенімізде «бір кезде не едік және қазір не боламыз» 
сұрағының уахи етілуі еді.
405
Және бұл өмірде Құдай жайлы толғанғанда 
405 Homily, 16.


357
көргеніміз «Құдайдың» орнына қойған бір нәрсе емес, Оның өзі еді.
Әлбет
-
те, бұл да бір қайшылық-тұғын. Бірақ христиан Құдайы парадокс болатын. 
Қайшылық пен үнсіздік «Құдай» деп аталатын тылсым жайында әділетті 
ұстанымды көрсететін, қалай болғанда да қиындықтарды түзеуге тырыса
-
тын философиялық менмендік емес-тін. 
Варлаам Құдай ұғымын тым қатты үндестікке жүйелеуге тырысып еді: 
оның көзқарасы бойынша, Құдай затымен сәйкес немесе сәйкес емес. 
Құдайды тек затынан тұратын қылғысы келеді және затынан тысқарыдағы 
«белсенді әрекеттерімен» бар болуын мүмкін емес дейтін. Бірақ бұл Құдай
-
ды басқа қандай да бір көрініс секілді ойлау және Құдайға не мүмкін, не 
мүмкін емес деп қарау адам ұғымдарымен ойлауды білдіретін. Паламас 
Құдай көріністерін екі жақты экстаз хәлі екендігін табанды түрде қорғайтын: 
адамдар өз шегінен асады, 
бірақ
Құдай да жаратқан мақұлықтарына өзін 
білінетіндей қылу үшін «өзінің» шегінен шығады және трансценденттіліктің 
экстазына түсетін: «Құдай да шегінен асады және біздерге еніп, санамызбен 
бірлеседі».
406
Православие Христиандығының нормативті теологиясы ретін
-
де із қалдырған Паламастың он төртінші ғасыр грек рационалистерін тізе 
бүктіруі үш монотеист діндегі мистицизмнің одан да ауқымды жеңісін паш 
етеді. Он бірінші ғасырдан бері мұсылман философтары медицина немесе 
жаратылыстану ғылымдарында қажетті болған ақылдың Құдай тарапын
-
дағы ізденістерінде толымсыз екендігіне көздері анық жеткен еді. Тек қана 
ақылға байланып қалу – шанышқымен сорпа ішкендей әурешілік.
Сопылардың Құдайы Ислам империясының көп бөлігінде философтар
-
дың Құдайының алдына шықты. Келесі бөлімде каббалистердің Құдай
-
ларының яхуди руханилығында он алтыншы ғасырда тәуелсіз болғанын 
көреміз. Мистицизм көбіне санаға ықпал ететін немесе қағидашыл діндерге 
қарағанда ой төріне жиірек озды. Оның Құдайы философтардың ұзақтағы 
Құдайы жете алмаған үміттерді оятып, қорқыныш пен үрейді залалсыздан
-
дыра алатын. Он төртінші ғасырға табан тірегенде Батыс өзінің мистикалық 
дінін қалыптастырып, келешектен дәмелі көрінген бастаманы қолға алған. 
406 Triads 1.3.47


358
Бірақ Батыста мистицизм еш уақытта басқа дәстүрлер секілді құлашын кең
-
ге жайған жоқ. Әйгілі мистиктерді туғызған Англия, Алмания және Орталық 
Еуропа елдерінде он алтыншы ғасырдың протестант реформистері Інжілден 
тыс мұндай руханилықты сынады. Католик Шіркеуінде Авилалы Әулие Те
-
реза секілді атақты мистиктер жиі-жиі инквизицияның қаупімен бетпе-бет 
келіп отырды. Реформацияның нәтижесінде Батыс Құдайын барынша раци
-
оналды терминдер аясында түсіне бастады. 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   136   137   138   139   140   141   142   143   ...   204




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет