368
Монотеизмнің бұл жаңа түрі Алланы индуизмнің Құдайымен тең дәрежеде
болған деп санайды. Мұсылмандар ғалымы Мир Әбу әл-Қасым Финдириски
(1641 ж. қайтыс болды) Мир Димад пен Мулла Садраның замандасы
Ибн Синаның Исфахандағы шығармаларын үйретумен қатар, Үндістанда
индуизмді және йога тақырыптарын зерттеуге де уақыт бөлген. Сол дәуірде
Фома Аквинскийді Рим католиктерінің сарапшысы ретінде елестетумен
қатар, тіпті Ибраһим дәстүрінде болмаған дінге деген ынта-жігері де бар
болған деп айту қисынға келмейді. III Үнді Моғол императоры, 1560 жылдан
1605 жылға дейін билік басында болған Акбардың толеранттылық пен
ынтымақтастық рухы және қол астындағы барлық басқарған діндерге
көрсеткен құрметі оның саясатында керемет түрде көрсетілді. Үнділерге
көрсеткен сезімталдығынан, вегетарианшы болып, ол өзінің ең жақсы
көретін аң аулау ісінен бас тартып, туған күнінде немесе индуизмнің киелі
жерлерінде жануарларды құрбандыққа шалуға біржола тоқтау салған еді.
Ол 1575 жылы барлық дін ғалымдарымен кездесіп, Құдай тақырыбын
талқылау үшін бас қосатын «ғибадатхана» үйін құрды. Бұл жиынға
Еуропаның ең агрессивті иезуит миссионерлерінің қатысқандықтарын
көруге болады. Бұған қоса, ол өзінің Құдайға тән монотеизмге (
Достарыңызбен бөлісу: