Бағдарламасы аясында іске асырылды Karen Armstrong



Pdf көрінісі
бет33/204
Дата04.10.2024
өлшемі28,29 Mb.
#205657
түріБағдарламасы
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   204
Байланысты:
Karen Armstrong. A History of God

жалғыз
Құдай деп жариялайды. Ол 
Израил тарихын тағы бір кезек қайта жазып шықты; енді 
Шығу 
туралы миф 
Мардуктың алғашқы теңіз – Тиаматты жеңгені туралы аңызды еске түсіретін 
символикамен толықтырылды:
Құдай [Яхве] Мысыр теңізінің шығанағын құрғатады да, Өзінің қо
-
лын Өзінің қатты желімен өзенге [Евфрат] созып, оны шоқаймен (сан
-
далмен) кешіп өтуге болатындай жеті арнаға бөліп тастайды. 
Сонда Оның […] қалған халқы үшін, Израилдың Мысыр жерінен 
шыққан кезіндегідей, үлкен жол пайда болады
92

Бірінші Исайя тарихты Құдайлық ескертумен көмкерді. Өзінің апаттан 
кейін жазылған «Жұбату кітабында» «Екінші Исайя» тарихтың ішінен бо
-
лашаққа қатысты жаңа үміт шырағын жақты. Бұрындары Яхве Израилды 
құтқарған-мыс, яғни мұны енді Ол қайта істейді. Ол тарихты Өзі жасайды, 
Ол үшін 
гойимның 
құмыра түбіндегі бір тамшы су құрлы қадірі жоқ. Бұл – 
шынымен де санасуға тұратын жалғыз Құдай. «Екінші Исайя» көне бабыл 
пұттарының арбаға артылып, келмеске кететін уақытын армандады
93
. Олар
-
дың күні бітті, «себебі Мен Құдаймын, менен басқа ештеңе жоқ», - дегенді 
пайғамбар Яхвенің атынан шаршамастан қайталап айтты
94
.
92
Шығу
. 11:15–16.
93
Ис
. 46:1.
94
Қ
-
з

мəселен
., 
Шығу
. 45:6,18, 22 
жəне
т
.
б
..


95
Менен бұрын Құдай болмаған, Менен кейін де болмайды.
Мен, Мен – Құдаймын, Менен басқа Құтқарушы жоқ
95
.
Апаттан кейін жеңімпаз деп атауға болатын пұтқа табынушылық құдай
-
ларын тағынан тайдыру үшін «Екінші Исайя» уақытын зая кетірмейді. Ол 
әлемді жаратқан ұлы мифтік ерліктерді Мардук немесе Ваал емес, Яхве 
жасағанына кәміл сенеді. Израилдықтарды алғаш рет Яхвенің жаратылыс 
тарихындағы маңызы ойланта бастайды; бұған сірә Бабылдың космологи
-
ялық мифтерімен қайта жанасу әсер еткен болуы мүмкін. Әлбетте, ешкім де 
ғаламның пайда болуының ғылыми теориясын жасауды мақсат тұтпағаны 
анық. Бұл тек қатал заман аясында жанға жұбаныш табу амалы ғана болды. 
Егер Яхвенің алғашқы қауымдық кезеңде бейберекетсіздік құбыжықтарын 
тізе бүктіру қолынан келген болса, қуғын көрген израилдықтарды құтқару 
Оған түкке тұрмас еді. 
Шығу
туралы әпсана мен алағай да бұлағай су ағынын 
ауыздықтау туралы пұтқа табынушылар аңызы арасында белгілі бір ұқса
-
стықтарды байқаған «Екінші Исайя» халықты болашаққа үмітпен қарауға 
және Құдайдың кезекті құдіретін күтуге үндейді. Осы мақсатпен, ол, мәсе
-
лен, Ваалдың ханаан мифологиясындағы теңіз құбыжығы Лотанды (Левиа
-
фанды) жеңу оқиғасына назар аударады; Лотанды, сондай-ақ, Раав, Қолты
-
рауын 
(таннин)
және Тұңғиық 
(тегом)
деп атаған.
Құдай құдіреті көтеріл, күшіңе ен!
Бұрынғы күндердегідей және көне елдердегідей, көтеріл! Сен емес 
пе едің Раавты құлатып, қолтырауынды 
(таннин)
жеңген?
Кешірілгендер өтсін деп, Ұлы тұңғиық суларын, теңізді құрғатқан 
сен емес пе едің?
96
Израилдықтардың діни қиялында Яхве бақталастардың барлығын түгел 
жеңіп шығады. Бұрын еліктерген пұтқа табынушылық қуғын-сүргін кезінде 
95
Шығу
. 43:10–11.
96
Шығу
. 51:9–10. 
Бұл
сюжет
тұрақтанады

соның
ішінде
,
қараңыз

Пс
. 65:7, 74:13–14, 76:17; 
Иов
. 3:8, 7:12.


96
тартымды болудан қалды, осылайша иудаизм туды. Яхве культі енді мүлде 
жоғалады деген сәтте бұл Құдай қырсық шалған халықтың азабын тоқтата
-
тын үміттің басты тірегі болды. 
Сонымен, Яхве Жалғыз және Бір Құдайға айналды. Бұл жағдайды ешкім 
философиялық тұрғыдан негіздеуге тырыспады да. Жаңа теология ақылға 
жүгінген дәлелдермен емес, іс жүзіндегі пәрменділігімен жеңіп шықты: ол 
шарасыздықтан құтқарды және үміттендірді. Отанынан және тіршілік тал
-
шығынан айрылған еврейлер Яхвенің тосын әрекеттерін енді жатырқамай
-
тын да, қауіпті санамайтын да болды. Бұл Құдайдың мінез-құлқы олардың 
сол сәттегі көңіл-күйіне сәйкесе кетті. 
Басқа жағынан алып қарағанда, «Екінші Исайяның» Құдайы жылы шы
-
райлы емес және адамдардан алыс болып қала берді. Ол, бұрынғысынша, 
адам санасынан тысқары ірге тепті:
Менің ойларым – сендердің ойларың емес, сендердің жолдарың 
емес – Менің жолдарым, - деп айтты Құдай. 
Бірақ, аспан жерден жоғары болғанындай, Менің жолдарым сен
-
дердің жолдарыңнан, Менің ойларым сендердің ойларыңнан жоғары
97
.
Құдай болмысы сөз бен ой шамасынан тысқары. Оның үстіне Яхве әрқа
-
шан адамдар қалаған әрекеттерді жасамайды. Қазір әсіресе өткір көрінетін 
соны сипатты төменгі үзіндіде пайғамбар болашақты болжап, Израилмен 
қоса, Мысыр мен Ассирия да Яхвенің жеріне айналатынын айтады. Құдай 
былай депті-мыс: «Менің жарылқанған халқым – мысырлықтар, Менің 
қолымнан шыққан – ассириялықтар, Менің мұрам – Израил»
98
. Яхве Ұлы 
Ақиқат символына айналды; енді құдайдың таңдауы туралы кез келген 
үстірт талқының мәні ұсақ, сипаты орынсыз көрінді.
Б.д.д. 539 жылы парсы патшасы Кир (Кіріш) Бабыл империясын бағын
-
дырған тұста, сәуегейліктің барлығы орындалған сияқтанды. Кир қол асты
-
на жаңадан қараған жұртқа парсылардың дінін міндеттеген жоқ; Бабыл 
97
Шығу
. 58:8–9.
98
Шығу
. 19:25.


97
жеріне салтанатты түрде қадам басып, тіпті Мардук ғибадатханасында құл
-
шылық қылды. Сонымен қатар, ол ертеректе Бабыл бағындырған елдердің 
барлық киелі құндылықтарын отандарына қайтарды. Әлем көп ұлтты алып 
империялардың тіршілігіне бой үйреткен кезде, Кирге уақыт сынағынан өт
-
кен қоныс аударту (көшіріп жіберу) амалы қажет болмай қалды. Егер қол 
астындағылар өз елдерінде тұрып, өз құдайларына сыйынса, билік жүргі
-
зу оңайлайды. Кирдің қалауы бойынша, империяның барлық жерінде көне 
ғибадатханалар қалпына келтірілді. Патша осылай істеуді оған құдайлар 
тапсырғанын үздіксіз қайталады. Ол кейбір пұтқа табынушылық түрлеріне 
тән төзімділік пен кең көзқарастың нағыз үлгісін танытты. Б.д.д. 538 жылы 
Кир еврейлердің Иудеяға оралып, ғибадатханаларын қалпына келтірулері
-
не мүмкіндік беретін үкім шығарды. Бірақ олардың көпшілігі жаңа қоныста 
қала бергенді қалады, сондықтан Уәде Етілген Жерге тек аз бөлігі ғана орал
-
ды. Тәуратта Бабыл мен Тель-Авивтен 42 360 еврей кеткендігі айтылған; 
олар отанына оралып, өз топырағынан табан аудармаған тайпаластарына 
жаңа иудаизмді уағыздайды. 
Бұл «Діндар»


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   204




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет