Бағдарламасы аясында іске асырылды Karen Armstrong



Pdf көрінісі
бет41/204
Дата04.10.2024
өлшемі28,29 Mb.
#205657
түріБағдарламасы
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   204
Байланысты:
Karen Armstrong. A History of God

Шехинаның
арқасында қайырымды Құдайдың жақын маңда 
екендігін түйсінетін. Иудаистер сол қолы мен маңдайына дұға жазылған 
қағаз салынған тері тұмарды 
(тфиллин)
байлап қоятын, киімдеріне ғұрып
-
тық шашақ 
(цицит)
тағатын және «Қайталанған заңда» міндеттелгендей, үй
-
дің есігінің үстіне 
Шема 
мәтінін шегелеп қоятын. Мұндай әдеттен тыс ғұрып
-
тарға ешкім назар аудармауы керек болды, өйткені талқыға салу олардың 
қасиетті мәнін жойып жіберетін еді. Мұның орнына, 
мицвот
ты
 
ғұрыптың өзі 
Құдайдың сүйіспеншілік сезіміне ұласып кетерліктей етіп орындау қажет 
болды: «Израилды жақсы көреміз! Інжіл оны көптеген 
мицвотпен 
баурай
-
ды: қол мен баста 
тфиллин, 
киімде 
цицит
»
135
. Бұл белгілер патшалардың 
жұбайларына сұлулықтарын одан әрі асыру үшін ұсынатын қымбат сый
-
лықтарына барабар-тұғын. 
Бірақ барлығы бірдей оңайға соққан жоқ. Талмұдқа үңілсек, біздің 
сүреңсіз әлемімізде Құдайға деген сенім бір нәрсені өзгерте алады дегенге 
кейбіреулер күмәнмен қараған
136
. Раввиндердің рухани көсемдігі қалыпты 
жағдайға айналды; бұл Иерусалимнен қашқандар ғана емес, бар өмірін бө
-
тен елде өткізген еврейлер арасында да бекіді. Қисынды теориялық дәлел
-
дер соншалықты маңыз атқара алмады; өйткені Мұса Заңының көптеген 
практикалық нұсқауларының логикалық мәні жоқ еді. Раввиндер діні қа
-
былдануының себебі – оның әрекетке жетелеп, уайымның тұңғиығына түсіп 
кетпеуге көмектескендігінде. 
133
Рабба
к
«
Песни
песней
», 8:12.
134 Yalkut 
к
Песн
. 1:2.
135 Sitre 
к
Втор
. 36.
136 A. Marmorstein, The Old Rabbinic Doctrine of God, The Names and Attributes of God (Oxford, 1927), pp. 171–174.


117
Алайда руханилықтың бұл түрі тек ерлердің еншісіне бұйырды. Әйел
-
дерге раввин болуға, Тәуратты зерттеуге және синагогада ғибадат жасауға 
ұсыныс білдірілмеді, былайша айтқанда, рұқсат етілген жоқ. Сол уақыттың 
көптеген идеологиялары секілді, Құдайға сенім де патриархалды сипат
-
тарға ие бола бастайды. Әйелдердің діни міндеттері үйде ғұрыптық таза
-
лықты сақтаумен шектелді. Еврейлерде ұлы болмысты дәріптеу әу бастан 
оның бір бөлігін екіншісінен ажырата алуды білдірді, сондықтан олар осы 
әдетіне басып, асханада сүтті еттен алыс ұстағандай, әйелдер мен ерлердің 
арасын бөліп тастады. Іс жүзінде бұл әйелдерді төмен қарай ысырып қою
-
ды аңғартты. Раввиндер Әйел құдайдарді айрықша жарылқады деп айтқа
-
нымен, таңғы құлшылықтың кезінде ерлерге Құдай оларды пұтқа табынушы, 
құл немесе әйел етіп жаратпағаны үшін ризашылық білдірулері керектігі 
міндеттелді. Бірақ, не десе де, неке мен отбасы қасиетті нәрсе саналды. 
Еврейлер некенің киелілігін кейде қате ұғынылатын қағидалармен бекіт
-
ті. Мысалы, хайыз уақытында жыныстық жақындыққа тыйым салу әйелдер 
бұл күндері былғанышты және ұнамсыз болады-мыс деумен түсіндірілмеді. 
Қысқа уақыттық тыйылу еркек махаббатын нығайтуға сеп болады: «Күйе
-
уі әйеліне үйренісіп кетіп, одан суынуы мүмкін, сондықтан Тәуратта былай 
делінген, жеті күн [хайыз уақытында] әйел
 нидда 
[жыныстық қатынастарға 
қол жетімсіз] болуы керек, сонда күйеуі оған алғашқы неке күніндегі секіл
-
ді құштар болады»
137
. Мереке күндері синагогаға барар алдында ерлерге 
ғұрыптық шайыну қажеттігі жазылған. Бірақ бұлай ету дененің ластығы се
-
бебінен емес, қасиетті ғибадат алдында ерекше таза болу үшін көзделді. 
Дәл осындай мақсатта әйелге де хайыздан кейін шомылу міндеттелді; осы 
арқылы ол өзін күйеуімен киелі кездесуге әзірледі. 
Жыныстық қосылулардың қасиеттілігіне қатысты мұндай идея христиан
-
дыққа мүлде жат болды: онда көбіне тән рахаты мен Құдай ұғымы өзара 
үйлеспейді делінді. 
Кейін яхудилер расымен де өз заңдарын көбіне тыйым ретінде түсіндірді, 
бірақ сол уақытта раввиндер қараңғы, тақуалық және өмірдің мәнін жоққа 
137 Niddah, 31b.


118
шығаратын руханилықты мүлде насихаттамады. Олар, керісінше, яхуди 
бақытты және жайдары болуы керек деп сендірді. Мәселен, олардың сурет
-
теулерінде Иақұб, Дәуіт немесе Эсфирь сынды танымал інжілдік кейіпкер
-
лерді ауырған немесе уайымға салынған кездерінде Қасиетті Рух «тастап 
кетеді» немесе «қалдырып кетеді»
138
. Рухты жоғалтқан раввиндер жиырма 
бірінші жырдың (псалом) бастапқы жолдарын көп қайталаған: «Құдайым! 
Құдайым! Сен мені не үшін тастадың?» (бұл ретте Иисустың өлім аузын
-
да айтқан осы жұмбақ сөздеріне қатысты қызық сұрақ туындайды). Қалай 
болғанда да, раввиндер Құдай адамдардың азапталғанын қаламайды деп 
үйреткен. Адам өз тәніне құрметпен және күтіммен қарауы керек, өйткені 
ол Құдайға ұқсас жаратылған. Тән рахатына келер болсақ, олардан қашудың 
өзі күнә саналады, өйткені Құдай оларды ләззат үшін жаратқан. Раввин
-
дер азап пен аскетизм (тақуалық) Құдайға жақындатады деп есептемеген. 
Халқын Қасиетті Рухты «кәдеге жаратудың» практикалық әдістеріне үнде
-
ген. Олардың әрқайсысына Құдай туралы өзінің жеке түсініктерін қалыпта
-
стыруды ұсынды. Раввиндердің сөзіне сүйенсек, адам істерінің қай жерде 
аяқталып, Құдай Әрекеті басталатынын білу қиын. Тіпті санасы шайдай ашық 
пайғамбарлар да Құдайға қатысты өзінің 
жеке
қиялындағысын таңып, Жа
-
ратушыны жерде көрінетіндей етіп қабылдаған. Осылайша раввиндер бір 
мезгілде адами және илаһи міндеттерді шешу ісін өздерінің үлесіне қалды
-
рып отырған. Жаңа қағидаларды адамдар мен Құдай бірлесіп жасайды деп 
есептеген. Тәуратты көшіріп көбейткен раввиндер Оның жердегі болмысы
-
ның аумағын кеңейтті және іргесін нығайтты. Көп ұзамай олардың өздері 
Тәураттың тірі бейнесі ретінде дәріптеле бастайды; олар басқалардан гөрі 
көбірек «Құдайға ұқсады», өйткені Заңды жақсы білді
139
.
Құдайдың он сегіз мың ғаламды қамтитындығын сезіну иудаистерді 
бүкіл адамзаттың қасиеттілігі туралы түсінікке алып келді. Раввин Акиба 
«Жақыныңды өзің сияқты жақсы көр» 
мицва
сы «Тәураттың ұлы заңы» деп 
138 Yalkut 
к

Цар
. 22; 
В
. Yoma, 22b; Yalkut 
к
Есф
. 5:2.
139 Jacob E. Neusner, «Varieties of Judaism in the Formative Age», in Arthur Green, ed. Jewish Spirituality, 2 vols. (London, 1986, 
1988), I, pp. 172–173.


119
үйреткен
140
.
Ағайынның намысын қорлау адамды Өзіне ұқсата жаратқан 
Құдайға күйе жағу деп бағаланды; шын мәнінде, жақынына жаманшылық 
істеу діннен безгендікті, Құдайға қарсы күпірлікті білдірді. Әрине, кісі өлтіру 
ең ауыр қылмыс болып саналды, өйткені «Киелі Кітапта айтылғандай: кім 
қан төксе, сол Құдайлықты төмендетеді»
141
. Жақынға жәрдемдесу 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   204




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет