107
J-
ді мұндай ойлар таң қалдырған. Жалпы, еврейлер Филонның Құдай ту
-
ралы түсініктеріне сенімсіздікпен қараған. Алайда христиандарға мұндай
көзқарастардың пайдасы тиді, ал гректер болса, әрі қарай көретініміздей,
танылмайтын Құдайдың «болмысы» мен бізге Өзін көрсететін «энергиялар»
арасындағы айырмашылық туралы ойға қатты берілді. Оларға Құдайлық Ло
-
гос туралы филондық теория да қатты әсер етті. Даналық туралы кітаптар
-
дың басқа авторлары сияқты, Филон жаратылыстың әлдебір бас жоспарын
(логос)
құрған. Логос-жоспар Платонның кемел пішіндер әлеміне сәйкес
келді. Бұл пішіндер кейіннен материалдық ғаламда жасалды. Бұл мәселеде
де Филон ақырына дейін дәйекті емес: ол бірде Логосты күштердің бірі десе,
бірде оны күштерден жоғары қойып, адам танитын Құдайдың үстем идеясы
деп атайды. Дегенмен Логос туралы ойланған сайын, біз Құдайды тануға еш
жақындамаймыз, әйтсе де жаңылыс ойдың шегінен шығып, «ойлаудан жоға
-
ры және барлығынан да бағалы, өйткені басқаларының бәрі – тек қана ой»
деген интуитивті түйсікке ие боламыз
113
. Бұл әрекет платондық толғанысқа
Достарыңызбен бөлісу: