Бағдарламасы аясында іске асырылды Karen Armstrong



Pdf көрінісі
бет39/204
Дата04.10.2024
өлшемі28,29 Mb.
#205657
түріБағдарламасы
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   204
Байланысты:
Karen Armstrong. A History of God

мицвот
ы
 
қайырымдылық болды. Сондай-ақ, бірнеше еврей жина
-
лып Тәуратты оқыса, Құдай көзге көрінбесе де, олармен бірге болады деп 
ұйғарды. Жаңа ғасыр басында елде өзара бақталас екі мектеп қалыптасты: 
біріншісі – раввин Ұлы Шаммайдың қатаң ұстанымды ілімі (Бет-Шаммай); 
екіншісі – раввин Ұлы Гиллель құрған әйгілі фарисейлер тобының бағыты 
(Бет-Гиллель). Көне бір аңызда бір пұтқа табынушы Гиллельге келіп, егер ұс
-
таз бір аяғымен тұрып, Тәураттың бүкіл мәнін түсіндіріп үлгере алса, иу
-
даизмді қабылдайтынын айтады. Гиллель оған мынадай жауап береді: «Өзің 
қаламағанды басқаға да істеме, - Тәураттың бар мәні осы. Ал енді бар да, 
оны оқы»
115
.
Үрейге толы 70-ші жылдардың басында фарисейлік Палестинада иу
-
даизмнің ең құрметті де беделді бағытына айналады. Ол халыққа Құдайға 
сыйыну үшін ғибадатханалардың қажеті жоқтығын дәлелдейді. Төмендегі 
астарлы сөздің мәні осыған меңзейді: 
115 Shabbat, 31a.


111
Бір күні раввин Иоханан бен Заккай Иерусалим қақпасынан шыға
-
ды, ал раввин Иошуа артынан жүріп отырып, Ғибадатхананың қиран
-
дыда жатқанын көреді. 
«Басымызға қандай іс түсті! – деп айқайлайды Иошуа. – Израил 
күнәларын жуып- шаятын қасиетті орнымыз құрыды!»
«Қайғырма, балам, - деп жауап берді Иоханан. – Бізде бұрынғысын
-
ша басқа, тазарудың одан төмен емес сенімді жолы бар – бұл маха
-
ббатқа толы мейірімділік; өйткені Құдайдың айтуынша, Ол құрбан
-
дықты емес, мейірімділікті керек етеді»
116
.
Аңыз бойынша, Иерусалим құлағаннан кейін раввин Иоханан бен Зак
-
кайды (б.д. 1–80 жж. шамасы) отқа оранған қаладан табытпен алып шыға
-
ды. Ол еврейлердің көтерілісіне қарсы болды және халқына бұл шиеленісті 
болдырмау тиімді деп есептейді. Римдіктер оған Иерусалимнің батысын
-
дағы Иавнеяда фарисейлердің тәуелсіз қауымын құруға мүмкіндік береді. 
Мұндай топтар бүкіл Палестина мен Бабыл елінде құрылып жатты және 
олардың арасында тығыз байланыс болды. Осындай қауымдарда көшір
-
меші-
таннаилар 
дайындықтан өтті. Олардың қатарында Иохананның өзі, 
мистик Акиба бен Иосиф (50–135 жж. шамасы) және раввин Исмаил бен 
Элиша болды. 
Таннаилар 
Ауызша Заңның кодификациялық жинағы – «Миш
-
нуды» құрастырады. Онда Мұса өсиеттері мүмкіндігінше заманға лайықтал
-
ды. Кейіннен басқа да оқымыстылар - 
амораилар
«Мишнуға» түсіндірмелер 
және бірқатар трактаттар жазады. Бұл жинақ «Талмұд» деп аталды. Жалпы 
айтар болсақ, ІҮ ғасырда құрастырылған Иерусалимдік және ҮІ ғасыр ба
-
сында ғана аяқталған Бабылдық – екі Талмұд бар. Соңғысы қазіргі таңда 
беделді саналады. Бірақ мұнымен процесс аяқталған жоқ: дін білгірлерінің 
келесі ұрпақтары Талмұдқа және бұрынғы уағызшылардың талқысына өз 
түсіндірмелерін қосты. Мұса заңдары туралы талмұдтық байыптамалар, 
әдепкіде ойлағандай, соншалықты қасаң емес. Негізінде, бұлар Құдай Сөзі 
мен жаңа «киелі орын» туралы шексіз ойлар ағымы еді. Әрбір түсіндірме 
116 Aroth de Rabba Nathan, 6.


112
Құдайдың Өзі жаратқан адамдар арасында болу киесін сезіндіретін Ғиба
-
датхананың қабырғалары мен шатырына кірпіш болып қаланды. 
Яхве қашан да арғы әлемдік Құдай болды және адамдарға сырттан, жеті 
қат көктің қиял жетпес төрінен әмірін жүргізді. Алайда раввиндар Оны 
адамға мейлінше жақындатты және күнделікті ұсақ-түйектің бәріне Құдай
-
ды қатысты қылып қойды. Ғибадатханадан айырылу мен кезекті азапқа толы 
қуғын-сүргіннен жапа шеккен еврейлер үнемі жанында жүретін Құдайды 
қажетсінді. Раввиндер Құдай туралы қандай да бір ресми ілім ойлап тапқан 
жоқ. Есесіне олар Оның болмыстағы сезілер-сезілмес ишаратына құлшылық 
етуді үйренді. Мұндай руханилықты «қалыпты мистикалық» күй кешу деп 
атайды
117
. Талмұдтың ең ескі үзінділерінде Құдайды сезіну тәжірибесі құпия 
табиғи құбылыстармен байланыстырылды. Раввиндер бүкіл болмыс пен қа
-
сиетті ғимаратты панасына алып, өзінің жақын маңда барлығын лүп еткен 
самал немесе оттың жалыны арқылы сездіретін Қасиетті Рух туралы сөз 
қозғады. Басқа біреулер Құдайдың даусын қоңыраудың қаңғырынан және 
қатты соққысынан есіткендей боп жатты. Мәселен, раввин Иоханан бір күні 
Иезекиил көріп қалған күйме жайында ойлағаны сол еді, кенеттен аспан
-
нан от түсіп, қайдан екені белгісіз – періштелер пайда болады және көктен 
шыққан дауыс Құдайдың раввинге ерекше миссия жүктегенін айтады
118
.
Құдайдың жақындығын сезіну әсері күшті болғаны соншалық, қандай да 
бір ресми, жеке тұлғаға қатыссыз доктриналар бұл жағдайда үйлесім таппас 
еді. Раввиндер бір замандары Синай тауының етегінде тұрған әрбір изра
-
илдықтың Құдайды өзінше қабылдағандығы жайында талай рет айтқан бо
-
латын. Құдай Өзін «әр адамның санасына лайықтап» бейімдеді деп айтуға 
болады
119
. Бір раввин «Құдай ешкімді есінен тандырмастан, бірақ адамның 
Оны тануға деген қабілетіне сай көрінеді» деген болатын
120
. Сананы шай
-
дай ашқан бұл өте маңызды пайым Құдайды жалпақ жұртқа ортақ, қатаң 
117 Louis Jacobs, Faith (London, 1968), p. 7.
118 Leviticus Rabba, 8:2; Sotah, 9b.
119 Exodus Rabba, 34:1; Hagigah, 13b; Mekhilta 
к
«
Исходу
», 15:3.
120 Baba Metzia, 59b.


113
қалыпқа түсірілген қағидамен сипаттауға болмайтындығын білдірді; Құдай 
– тек субъективті құлшылық нысаны. Әр адам Құдайдың болмысын өзінің 
мұң-мақтажы мен мінез-құлқына сәйкес қабылдайды. Раввиндер тіпті әр 
пайғамбардың Құдайды өзінше, Ұлы Жаратушы туралы түсініктерінің ерек
-
шеліктеріне сай танығанын айтқан. Осыған ұқсас көзқарастар бірқұдай
-
шылдықтың басқа түрлерінде де қалыптасқандығына кейін көзіміз жетеді. 
Осы күнге дейін иудаизмде теологиялық пікірлер жеке адамның ісі болып 
қалып отыр және ешкімге зорлап таңылмайды. 
Кез келген ресми доктрина Құдайдың тылсым құпия екенін жоққа шығар
-
майды. Раввиндер әрдайым Құдайдың мүлде танылмайтындығын атап өткен. 
Құдай жұмбағына Мұса да бойлай алмаған. Ал Дәуіт патша өзінің Құдайды 
тануға бағытталған әрекеттерінің сәтсіз болғандығын мойындаған: Ол адам 
санасынан мейлінше жоғары
121
. Еврейлерге тіпті Оның атын атауға тыйым 
салынды. Бұл – Құдай болмысын тануға бағытталған кез келген әрекетке 
сәтсіз болу жазылғандығының тағы бір ескертпесі. Құдай атын 
YHVH
түрінде 
жазды және қасиетті мәтіндерді оқығанда атамайтын. Қоршаған ортадағы 
Құдай әрекеттеріне таңдануға болады. Бірақ раввин Хуна айтпақшы, бұл 
тек ақиқаттың бір сәттік көрінісі ғана. «Адамның найзағай, боран, дауыл, өз 
болмысы мен ғаламдағы тәртіпті тануға күші жетпейді. Олай болса, Патша
-
лардың Патшасының жолын тануға ол қабілетті деу ессіз батылдық емей 
не?»
122
. Құдай идеясының мәні жайлы жауап табуға емес, бүкіл болмыстың 
құдіреті мен құпия екендігі сезімін ояту ғана қалады. Раввиндер, тіпті, из
-
раилдықтарды дұғаларында жиі мақтамауға үндеді, өйткені мақтау сөздер 
ақиқатты бұзады
123
.
Алайда бұл арғы әлем, танылмайтын болмыс қарапайым әлеммен қандай 
жолдармен байланысқан? Раввиндердің бұл жауабы қисынсыз: «Құдай – 
әлемнің тұрағы, бірақ әлем – Оның тұрағы емес»
124
. Былайша айтқанда, 
Құдай әлемді өз ішіне алады, қамтиды, бірақ Өзінің жаратқан болмысы сын
-
121
Қараңыз

Пс
. 138; Mishna Psalm 25:6; Tanhuma, 3:80.
122
Иов
.
түс
. 11:7; Mishna Psalm 25:6.
123
Мəселен

раввин
Иоханан
бен
Наппаха
осылай
санаған
: «
Кім
Құдайды
аса
мақтаса

бұл
əлемнен
түп
-
тұқиянымен
алынып
тасталады
».
124
Рабба
к
«
Бытию
», 68:9.


114
ды әлем ішінде бола алмайды. Раввиндердің мынадай тағы бір сүйікті теңе
-
уі болды: Жан тәнге енгендей, Құдай әлемге енеді: жан тәннен, Құдай әлем
-
нен жоғары. Сондай-ақ Құдай шабандозға ұқсайды деп те айтылатын. Ол ат
-
тың үстінде отырғанымен, ішінара астындағы жануарға тәуелді, бірақ аттан 
ақылдырақ және оның тізгінін өз қолында ұстайды. Бұл, әрине, шала-шарпы 
және ақиқаттан алыс теңеулер, өйткені біздің қиялымыз өзіміз өмір сүріп, 
әрекет етіп отырған ортада ұшы-қиыры жоқ және айтып беруге тіл жетпей
-
тін «бір нәрсенің» болуы туралы болжамдар ғана құра алады. Тәураттың 
авторлары секілді, раввиндер де Жаратушының жердегі ишараты туралы 
айтқанда, Құдайдың танылмайтын киелі болмысының мүмкіндік берген ше
-
гіндегі із-белгілерін аса мұқияттылықпен ажырататын. Олар «даңқ» 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   204




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет