125
«кітапшылар (көшірмешілер) мен фарисейлерге» қарсы айыптаушы сөздер
айтады, онда оларды екіжүзділер дейді; бірақ миссиясы ізгілікке құрылған
адамның шынайы фактілерді бұлай бұзуы шындыққа жанаспайтын сияқты.
Мәселен, Лука Інжілінде де, «Апостолдар әрекетінде» де фарисейлер тура
-
лы жағымды пікірлер білдірілген. Егер де фарисейлер шынында Иисустың
дұшпаны болып, оны жазалауды ұйғарса, Павел өзінің бұрын фарисейлер
-
мен бір болғандығын айтпас еді деп қосқымыз келеді. «Матфей Інжіліндегі»
антисемиттік реңк кейін туындаған, 80-шы жылдарда орныққан иудаистер
мен христиандар арасындағы шиеленісті бейнелеген болуы керек. Інжіл
-
де Иисус фарисейлермен жиі дауласады, алайда бұл пікірталастар достық
рәуішті немесе қатал Шаммай мектебімен келіспеушілікті баяндайды.
Иисус өлімінен кейін, шәкірттері оны Құдай деген шешімге келеді. Алайда
бұл бірден бола қойған жоқ; Құдай бейнесіндегі Иисус туралы доктрина тек
төртінші ғасырда қалыптасқандығына ілгеріде көзіміз жетеді. Адаммен кірі
-
гуге негізделген христиандық сенім баяу және күрделі жолмен қалыптасты.
Иисустың
өзі Құдайлыққа талаптанбады. Шоқынғанда аспаннан шыққан
дауыс оны «Құдай Ұлы» деп атайды, бірақ бұл ең алдымен оның сүйікті Мес
-
сия болғандығының дәлелі болуы керек. Мұндай жоғары куәдүрлікте ерек
-
ше көрінген ештеңе жоқ: раввиндердің көпшілігі Аспан Дауысы -
бат кол
(сөзбе-сөз аудармасы: «Дауыс қызы») деп аталатын
ерекше рухани хәлді
бастан кешірді, ол нағыз пайғамбарлық көріністерге ұқсас болды
151
. Бір күні
осындай
бат колды
Иоханан бен Заккай естиді де, оған және оның шәкірт
-
теріне түскен Қасиетті Рухтың оты раввиннің миссиясын растап кетеді. Ии
-
сус өзін «Адам Баласы» деп атаған. Бұл атау төңірегінде де аз дау болған
жоқ, бірақ арамейлік түбір сөз
(бар наша)
адамның әлсіздігі мен жалғанның
өткіншілігін білдіретін болуы керек. Олай болса, Иисус өзінің адам секілді
өлетінін және ерте ме, кеш пе, ол да дүниеден өтетінін түсіндірмек болған.
Інжілде Құдайдың Иисусқа белгілі бір құдайлық күштер
(dynamis)
да
-
рытқанын, солар арқылы оның емдеу мен күнәларды кешіру кереметтерін
орындай алғандығы айтылған. Осылайша, Иисусқа қарап, адамдар тірі және
151 T. Sof ., 13:2.
126
болмысы айқын Құдайға ұқсас бейнені көрді. Бұған бір күні оның шәкірттері
көздерін күмәнсіз жеткізеді. Бұл сюжет барлық дерлік синоптикалық Інжіл
-
де («Жаңа Өсиеттің» алғашқы үш кітабы осылай аталады–
ауд.
) сақталған
және болашақта христиандар үшін маңызды болды. Иисус биік тауға (қа
-
лыптасқан нұсқа бойынша бұл Галилеядағы Фавор тауы) Петр, Иақұб және
Иоанмен бірге көтеріледі де, сол жерде «көз алдарында өзгереді: Оның
жүзі күндей ағарып, Оның киімдері нұрдай жарқырап шыға келді»
152
. Сосын
Иисус қастарындағы Илия (Ілияс) және Мұсамен сөйлеседі – сәйкесінше,
олар пайғамбарлар мен Өсиет бейнесінде болды. Петр есінен танып қала
жаздайды; өзінің не айтқанын түсінбестен, осы
оқиғаның естелігі ретінде
тауда үш бұта қойып кетсек жаман болмас еді деп күмілжиді. Осы сәтте тау
шыңын жарық шашқан бұлт орайды (кезінде Синай тауына түскендей) да,
бат кол
мыналарды айтады: «Бұл Менің Сүйіктім, Онда Менің Жарылқауым
бар; Оны тыңдаңдар
153
. Ғасырлар өткен соң
осы көріністің қасиетті мәні
-
не ой жүгірткен христиан гректер сол кезде Иисус адамилығының түрленуі
арқылы Құдай «күштері» жарқырап көрінді деген қорытындыға келеді.
Дәл сол гректер «Иисус мұндай құдайлық «күштер» тек өзі арқылы көрі
-
нетіндігін ешқашан айтпаған» деп ескерткен.
Керісінше, ол шәкірттеріне
«сенім» болса, «күш» те болатындығын тынбай еске салып отырған. «Сенім»
астарында ол барлық
теологиялық талдауларды емес, ішкі көңіл-күйді -
Құдай жолына өзін толық арнау мен ашылу жолына тәрбиелеуді түсінген.
Кез келген адам өзін толығымен Құдайға тапсырса,
Иисус жасағанды жа
-
сай алады. Раввиндер сияқты, Иисус, Рух сирек таңдаулыларды емес, бар
-
лық мейірбан адамдарды қолдайды деп санаған. Кейбір үзінділерде Иисус,
көптеген раввиндер сияқты, Рухтың
Достарыңызбен бөлісу: