Тиімді цифрлық педагогиканы дамыту
297
Үздік мұғалімдер өз уақытын өте тиімді пайдаланады. Бұл әсіресе
уақытты үнемдеуге емес, уақытты үнемдейтін АКТ-мен жұмыс істеу ке
-
зінде өте маңызды. Кейбір студенттер мен оқытушылар өте жинақы әрі
тәртіпті. Олар қажет кезде жылдам іздеп табу үшін құжаттарын ыңғай
-
лы белгіленген компьютерлік бумаларда сақтайды.
Интерактивті тақталар
Біріккен Корольдіктегі мектептер интерактивті тақталардың саны
бойынша көш бастап тұр (IWBs), яғни бүкіл әлем бойынша қамтылу
12 пайызды құраса, мұнда сынып бөлмелерінің 80 пайызы жабдықтал
-
ған (Hennessy and London, 2013). Қазіргі уақытта мұғалімдердің көп
-
шілігі сабақты қызықты ету мақсатында, күрделі ұғымдармен таныс
-
тырып, түсіндіру үшін интерактивті тақталарды үнемі пайдаланады.
Арнайы бағдарламалық жасақтама көбіне ағынды кең жолақты клип
-
терді қамтитын уеб-сайт материалдары банкімен бірге пайдаланылады
(мына сайттарда: www.bbc.co.uk/learningzone).
Мұғалімдер үшін интерактивті тақтаны қолданудың артықшы
-
лықтары мынада: жас ерекшеліктері мен жағдайға икемділігі мен әм
-
бебаптығы; бірқатар материалға жедел қол жеткізу;
сынып алдында
контентті түрлендіру мүмкіндігі; модельдеу стратегиялары; түс, музы
-
ка және дыбыс қосу арқылы сабақты өткізуді жандандыру; контентті
барынша кәсіби деңгейде жеткізу және дайындық уақытын үнемдеу.
Зерттеулерге қарағанда, оқушылар интерактивті тақта қолданылған
сабақтар тез, қызықты әрі көңілді өтеді деп санайды (Smith
et al.,
2005).
Бұл оқытудың белгілі бір артықшылықтары да бар, мысалы, балаларға
компьютерге қарағанда интерактивті тақтаны қолдану оңай, өйткені
оларға тінтуірді басқару үшін моторика дағдылары керек болмайды.
АТ мұғалімдер мен балаларға экрандағы нәрселерді мәтін, пішін, мар
-
кер, қалам, прожектор, перде, үлкейту және толтыру секілді әртүрлі құ
-
ралдарды қолдана отырып бейімдеуге мүмкіндік береді.
Алайда мұғалімдердің көпшілігі интерактивті тақтаны кәдімгі бор
тақтасы ретінде қолданады, оның техникалық және педагогикалық ас
-
пектілерді қамтитын интерактивтік тұжырымдамасын бағаламайды
деп сынға алатындар да бар. Соңғысы технологияны қолдану арқылы
оқыту мен оқудың тепе-теңдігін қамтиды. Оқушылардың сұрақ қоюға,
талдау жасауға, өзінің және басқалардың түсінігін бағалауға қаншалық
-
ты мүмкіндігі бар? Оқушылардың интерактивті тақтаны қолдануы
-
на көбірек уақыт бөлу оңай нәрсе емес, мысалы, Смит (2001 ж.) бүкіл
сынып қатысатын интерактивті тақтамен өткен сабақ баланың бел
-
сенділігін төмендетіп, жалықтыруы мүмкін екенін айтады. Оқушылар
экрандағы контент туралы мұқият ойланып, өз сұрақтарын қадағала
-
Тиімді цифрлық педагогиканы дамыту
298
ғанда, шешімдерін негіздей білгенде және оқуда өзіне қажет техноло
-
гияны бақылайтын болғанда ғана терең білім ала алады. Бичэмп және
Паркинсон (Beauchamp and Parkinson, 2005) оқушылардың технология
-
мен өзара әрекетке түсуі арқылы жасалатын мынадай оң қадамдарды
көрсетеді:
Мұғалім
оқушыларға ақпарат ұсынады
↓
Мұғалім интерактивті тақтаға арнап жасаған материалдарын қолдана
отырып, сыныпта бірнеше талқылау өткізеді
↓
Интерактивті тақта арқылы сыныпты сабақтың мақсаттарымен та
-
ныстырып, олар сабақтың негізгі кезеңдерінде қайта қарастырылады
↓
Белгілеу, сурет салу және кесте сызу сияқты әрекеттер де интерактив
-
ті тақтада орындалады
↓
Жазбаша жұмыстың бір бөлігі, айталық, зерттеу қорытындысы сынып
-
та талданып, оны жақсарту мақсатында
ұсыныстар беріледі
↓
Оқушылар интерактивті тақтаның көмегімен дәлелдер мен түсіндір
-
мелерді дайындайды.
Достарыңызбен бөлісу: