Бағдарламасы аясында іске асырылды Russell Grigg becoming an outstanding primary school teacher



Pdf көрінісі
бет441/510
Дата19.03.2022
өлшемі5,81 Mb.
#136229
түріБағдарламасы
1   ...   437   438   439   440   441   442   443   444   ...   510
Байланысты:
grigg rassell bastauysh mektep mugalimi sheberlikti shyndau

Мониторинг 
Мониторингті әртүрлі мақсатқа қолдануға болады. Мемлекеттік 
оқу бағдарламасы негізінде мектептер ресурстарды қолдану, жоспар 
мен оқыту сапасын тұрақты мониторингтеумен таныс бола бастады 
(Tymms and Merrell, 2007). Үздік мұғалімдер балалардың қасында бол
-
маса да, сыныбында не болып жатқанын жақсы біліп отырады. Осыған 
сай Коунин (1970) сабағы қалай өтіп жатқанын ажырата алатын осын
-
дай мұғалімдерге сипаттама беру үшін «байқампаздық» (withitness) де
-
ген маңызды идея ұсынды. Байқампаз мұғалімдер сыныпта өте жақсы 
«қатысушы» бола алады. Сонымен қатар олар бірнеше жұмысты қатар 
атқара алады, яки Коунин айтқан «қатарласу» ұғымына бейім; мыса
-
лы, кішігірім топпен бірге отырып, оның ар жағында не болып жатқа
-
нын көре алады. Олар оқушылардың қимылын бақылап, туындап кетуі 
мүмкін проблеманы алдын ала біліп, ол орын алмай тұрып жағдайды 
бақылауында ұстайды. 
Үздік мұғалімдер келесідей көптеген мониторинг стратегияларын 
ұстанады: 
 
„
артта тұру
– іс-шара басталғаннан соң, қаи� топтар жұмыс істеп жат
-
қанын көру үшін;
 
„
тыңдау
– әр топтың дұрыс бағытта екеніне көз жеткізу үшін қысқа
-
ша тексеру; 
 
„
шолу
– меи�лі топта, меи�лі сыныпта болсын, оқу мақсатына қатысты 
жаи�сыздықтар мен түсінбеушіліктер бар екені анықталса; 


Ширату өнері 
521
 
„
фокус топ
– белгілі бір уақытқа, аи�талық он минутқа бір топқа кө
-
мектесу немесе мониторингтеу; 
 
„
ескертпе жазу
– оқушылардың не істеп жатқаны мен тапсырманы 
қалаи� орындап жатқандары жаи�лы мәліметтерді жазып қою, кеи�ін 
бұл ескертпелер үлкен паи�даға асады. 
Белгілі бір топпен жұмыс жүргізіп отырған тәжірибелі маман ай
-
наласында не болып жатқанын да бақылап, байқай алады. Сыныптың 
реакциясын бақылағанда, мұғалім тұрып тұрса да, отырса да шамасы 
жеткенше көзбен байланыс жасаудың маңызы зор. Бұл жағдай кілем 
үстінде кішкентай балаларға әңгіме оқып отырғанда көп кездеседі. 
Орын таңдауға ерік берілсе, оқушылардың аз ғана бөлігі тұрақты түр
-
де мұғалімнен мүмкіндігінше алшақ отыруға тырысады (Hayes, 2006). 
Оқушылардың қай жерде отыруы мен мұғалім үшін көріп отырудың 
тиімді тұсы туралы жүргізген зерттеу «үшбұрышта» (13.1-сызба) көр
-
сетілді. Онда мұғалімнің оң жағы мен сол жағында отырған (үшбұрыш
-
тың сыртында) оқушылар көзге көп түсе бермейді және мұғаліммен 
жұмыс істеу белсенділігі төмендеу келеді (Pye, 1989). Мониторинг ке
-
зінде мұғалімдер барлық оқушыларды бақылап, назарда ұстап отыру 
үшін бар күшін салуы керек. Мысалы, жүйелі түрде оң, сол және ортада 
отырған балаларға зер салу. 
Көп сыныптарда үндемейтін, көмек сұрай бермейтін және мұға
-
лімнің өзіне назары аударғанын ұзақ күтіп отыра беретін «көрінбейтін 
балалар» болады. Шағын жұмыс тобы мен жеке уақыт бөлу, қолдаушы 
көмекшілердің жұмысын тиімді пайдалану және жекелеген тапсырма
-
ларды қолдану арқылы бұл балаларды «қатарға қосуға» болады. Жал
-
пы айтқанда, шағын ақпаратты бір орында тұрып айтқан абзал, өйтке
-
ні тым көп қозғалыс баланың көңілін бөледі. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   437   438   439   440   441   442   443   444   ...   510




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет