Бағдарламасы аясында іске асырылды Russell Grigg becoming an outstanding primary school teacher



Pdf көрінісі
бет473/510
Дата19.03.2022
өлшемі5,81 Mb.
#136229
түріБағдарламасы
1   ...   469   470   471   472   473   474   475   476   ...   510
Байланысты:
grigg rassell bastauysh mektep mugalimi sheberlikti shyndau

Есеп беру 
Мұғалімдер түрлі аудиторияларға, атап айтқанда, әріптестеріне, 
басқарушыларға, ата-аналарға, қамқоршыларға, басқа да мамандарға 
және оқушылардың өзіне есеп береді. Көп мектептер есеп беруді оңтай
-
ландыру үшін 
Report
Box, SIMS 
Teacher Comments
және 
The Report King
сияқты компьютерлік бағдарламаларды пайдаланады. Компьютерлік 
бағдарламалар оқу бағдарламасымен байланысты тармақшаларды 
қамтиды және осы бойынша жүйелі қызмет көрсетіп, айтарлықтай уа
-
қытты үнемдейді. Бұл компьтерлік қосымша арқылы есеп беруді кәсі
-
подақ ұйымдары қолдап, дұрыс көріп жатса, кейбір мамандар мен ата-
аналар жеткілікті түрде жеке мәлімет ала алмайтындықтан, оны қысқа 
қайырып жаба салады деп мәлімдейді. Селдон (2010) есеп беру дәстүрі 
біркелкі және мағынасыз есеп беруге айналып барады деген уәж айта
-
ды. Есеп беру кезінде жиналған пікірлерді алып тастау мен енгізудің 
бір қауіпті жері – ол ата-аналар жиналысы кезінде ата-аналар балала
-
рын жақсы білетін мұғалімдерді тез тауып алады. 
Мұғалімдер оқушының жетістігі туралы толыққанды және өте ұғы
-
нықты мәлімет беріп және күшейту керек кейбір тұстарына нақты ұсы
-
ныс айта алса, бұл есеп берудің ең үздік түрі деп есептеледі. Мұғалімдер 
жетістікке қатысты ұстаным пен көзқарас жайлы пікірді бірдей ұстауы 
керек. Оқушының даму деңгейін ескеріп, оның жетістіктерін асыра 
мақтаудан аулақ болған жөн, өйткені ол оқушының үлгеріміне жалған 


Ширату өнері 
556
сенім орнатуы мүмкін. Корольдік Бас инспектордың кеңсесі (OHMCI, 
1998: 14) шамамен мектептердің 10–15 пайызында осы тенденция бай
-
қалғанын мәлімдеді. Ауызша немесе жазбаша есеп беру кезінде мына 
идеяларды есте ұстаған дұрыс: 
„
жақсы даи�ындалыңыз, есеп беруге жеткілікті уақыт бөліңіз. Егер 
компьютерлік бағадарламаны қолдансаңыз, оның шектеулері тура
-
лы біліп алыңыз. Ата-ана/қамқоршымен әңгімелесу кезінде оларға 
алдын ала жазылған пікірлерді көрсету үшін және қаи�та оқып беру 
үшін қолыңызда оқушының жұмысы болсын; 
„
әрбір оқушыға жеке зер салыңыз, оның күшті тұстары мен даму қы
-
зығушылығын, саласын ескеріңіз; 
„
қарапаи�ым болыңыз, жаргон араластырмаи� және қарапаи�ым тілмен 
сөи�лесіңіз, ата-аналармен өктем сөи�леспеңіз; 
„
жалпақ пікірлерден аулақ болыңыз, «ол жақсы оқиды» деген сияқты 
пікірлер дұрыс көрінгенімен, ата-аналар барынша толыққанды ақ
-
парат алуға құқылы, мысалы, оқу мен санау таргеттеріне қатысты. 
„
дәлдік үшін барлығын екі қаи�тара тексеріңіз, қате және дәлелсіз сөи�
-
леу кәсібилікке сын келтіреді; сабаққа қатысу сияқты мәселелерді 
көтергенде де нақты дәлел болуы қажет; 
„
есеп беруді жақсы көңіл-күи�де жеткізіңіз, мұнда барлық бала бірге 
өткізетіндеи� бір іс-шара болуы керек, мысалы, жалпы мектеп өміріне 
арналған сабақтан тыс шаралар, меи�ірім немесе оқу сапасына қатыс
-
ты сұрақтар қои�ылуы мүмкін; 
„
«күрделі» мәселені қалаи� жеткізуді басшылармен алдын ала ақыл
-
дасып алыңыз, сын ешқашан индивидуалды түрде болмауы керек 
және ол үи�де компьютер ои�ындарына өте көп уақыт жұмсаи�ды де
-
ген сияқты болжау мен құндылықтарды бағалаудан аулақ болыңыз. 
Кейбір мектептер стажерларға оқушының сабақтағы бағалауы не
-
гізінде ата-анаға «мокап» (mock up) түріндегі есеп беруге мүмкіндік бе
-
реді. Ең дұрысы, олар білікті мұғалімдермен қатар ата-аналар жиналы
-
сына қатыса алады. Бұл есеп берудің қалай жүргізілетіні және уақытты 
басқару тұрғысында тәжірибе жинауға себеп болады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   469   470   471   472   473   474   475   476   ...   510




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет