Ағылшын тілі, математика және жаратылыстану пәндерін оқыту мәселелері...
226
Есеп бойынша дүние жүзінде 775 миллион адам оқи алмайды не-
месе жаза алмайды. 2010 жылы ересектердің дүниежүзілік сауаттылық
деңгейі небары 84 пайызды құрады (www.uis.unesco.org). Оқытудың
барлық кезеңінде көптеген оқушы оқу мен жазудың өзінен қиналады
деген қауіп бар (6.1-қосымша). Англияда әрбір бес баланың үшеуі ғана
5 жасында қарым-қатынас, тіл және сауаттылық бойынша жақсы даму
деңгейіне жетеді (OFSTED, 2012b). Эстин (2012)
Уэльс инспекциясы
орта мектепке барған оқушылардың 40 пайызының оқи алу деңгейі
өз жасынан әлдеқайда төмен болатынын анықтаған. Мұндай цифрлар
соншама уақыт бойы қол жеткізген прогресті жоққа шығармауы керек.
Біріккен Корольдіктің жетекші қайырымдылық ұйымы Ұлттық сауат-
тылық
қорының айтуынша, балалардың қазіргі сауаттылық деңгейі
ХХ ғасырдың ортасындағы деңгейден айтарлықтай жақсарған (Jama
and Dugdale, 2012). Алайда Біріккен Корольдікте жұмыс істеуге қажетті
сауаттылыққа, санау немесе зерттеу дағдыларына жетпей жатып мек-
тепті тастап кететін балалар өте көп. Ал Вестминстер үкіметіне қатыс-
ты былай дейді: «Шынын айтқанда, басқалар қасымыздан желіп өтіп
жатыр, ал біз тоқтап тұрмыз» (DfE, 2010: 3).
Достарыңызбен бөлісу: