Ағылшын тілі, математика және жаратылыстану пәндерін оқыту мәселелері...
263
Балалардың дербес зерттеу жүргізуі міндетті емес. Кейде мұғалім
-
дердің көрсеткен материалдары немесе сырттай бақылауға арналған
серуендер жаңа идеяларды мәжбүрлі түрде тудыруға себеп болуы мүм
-
кін. Оқу тәжірибесін нық орнатуға көрсетілетін материалдың тартым
-
дылығы мен аудиторияның оған ден қоюының маңызы зор.
Сұрақ қою дағдыларын қалыптастыру тиімді ғылыми ізденістің
маңызды бөлігі саналады. Балалар сұрақтарының дұрыс қабылданға
-
нын сезінуі керек. Ол үшін мұғалімдер сұрақ қораптарын немесе сұрақ
қабырғаларын пайдаланып, сыныпта талқыланатын мәселелерді са
-
лыстырады, маңыздылығы бойынша екшейді. Балалар қалай зерттеу
жүргізетіндерін ойластырмастан бұрын, алдымен мекендейтін жерле
-
рі, тіршілік ету циклдері секілді белгілі бір өлшемдер бойынша сұрақ
-
тарды сұрыптай алады.
Мұғалімдер мүмкіндігінше оқушылардың мектептен тыс орын
-
дарда, мысалы, ғылыми мұражайлар, жабайы табиғат қоры, сулы-бат
-
пақты орталықтар, қала фермалары, супермаркеттер, саябақтар және
Ұлттық қор иелігіндегі жерлерге бару кезінде жинақтаған ғылыми
тәжірибесі мен пайымдауларына ықпал етуге тырысуы керек (6.7-қо
-
сымша). Бұл оқушыларға суретке түсіруге, тірі тіршілік иелерін тама
-
шалауға, жапырақтар, бүршіктер мен тастар жинауға, оларды өлшеуге,
іріктеуге және жіктеуге үлкен мүмкіндік береді.
Достарыңызбен бөлісу: