Бағдарламасы аясында іске асырылды Russell Grigg becoming an outstanding primary school teacher



Pdf көрінісі
бет467/510
Дата19.03.2022
өлшемі5,81 Mb.
#136229
түріБағдарламасы
1   ...   463   464   465   466   467   468   469   470   ...   510
Байланысты:
grigg rassell bastauysh mektep mugalimi sheberlikti shyndau

ерте жастан білім берудің
 
17 мақсатына сай бағаланатын 
болады. 
Егер балалар күтілген нәтижеден асып түссе немесе оны орындай 
алмай жатса, мамандар оны көрсетіп, жол сілтеп отырады. Білім ми
-
нистрлігі өздерінің уеб-сайтына осы 17 мақсатты орындау мен күтілетін 
оқу нәтижесінің ұлттық стандартын қалыптастыру үшін мысалдар кел
-
тіреді (www.education.gov.uk/assessment). Мамандар әрбір оқыту тақы
-
рыбымен, күтілетін нәтижені орындау деңгейлерімен және ерте оқыту 
мақсатын (ELG) орындауға бағытталған континуумдармен таныс болуы 
қажет. Оқушыларға профайл толтыру кезінде мұғалімдер ерте оқыту 
мақсатына әділ баға беруі керек (Standards &Testing Agency, 2013). 
Балабақшаға кіру мен дайындық тобын бітіру кезіндегі екі міндет
-
ті бағалау сипаты бойынша суммативті болатындықтан, мұғалімдерге 
прогресті көрсету үшін жетістіктер туралы барлық мәліметтерді жинау 
маңызды. Монтессори жүйесі бақылау, әңгімелер, жұмыс көрсеткіште
-
рі және баланың үлгерімін көрсететін фотолар мен диаграммалардан 
тұратын «Білімге саяхат» портфолиосын қолданады (Montessori Schools 
Association, 2012). Біріккен Корольдікте мұғалімдердің өзінің кәсіби ба
-
ғалауы мен бағалауды негіздейтін көптеген дәлелдерді қолдануына 
көп басымдық беріледі. Нақты бағалау баланың ойы, үлкендердің қо
-
сымша қолдауы және ата-ана/басқа қамқоршыларының әртүрлі көзқа
-
растарын негізге алады. 
OFSTED басшысы Майкл Уилшоу мырза дайындық тобында ба
-
лаларды ерте және барынша толық, мақсатты бағалауға шақырады. 
Уилшоу тұрмысы төмен отбасынан шыққан кейбір балаларға қарым-
қатынас пен тіл, сауат ашу бойынша қолдау көрсету үшін мектепке 
қабылдау жылының соңына дейін күту тым кеш болатыны айтады
(Ross, 2013). 


Ширату өнері 
550


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   463   464   465   466   467   468   469   470   ...   510




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет