Үздіксіз оқу
578
Зерттеу журналдары тәжірибелік зерттеу жұмыстарында деректерді
жинау мен жазып алудың ең белгілі құралы. Бақылау ескертпелерін
«дереу» тікелей журналға немесе ескертпелермен кейінірек енгізуге
болады. Журналдың қолжетімділігі ойлар мен тұжырымдарды көп уа
-
қыттан кейін еске түсіріп, қиналып жатпай-ақ бірден жазуға болады
дегенді білдіреді.
Интервью мәлімет жинаудың тағы бір басты әдісі саналады. Ол
құрылымды және мұқият жоспарланған немесе мүлдем кездейсоқ,
бейресми әңгіме түрінде болуы мүмкін.
Сұхбат өзара жақын сөйлесу
платформасы мен сұхбат берушілердің не ұнататыны, үміті мен үрейі,
ойлары туралы ашық айтуға мүмкіндік береді. Алайда сұхбат алушы
сұхбат берушінің айтуға дайындалып келгенін ғана жазып алуы мүм
-
кін. Баладан сұхбат алу кейде этикалық жағынан сұрақ туғызуы мүмкін
және бұған мұғаліммен қалыптасқан қарым-қатынас та әсер етеді. Өз
диссертациясы бойынша барынша қабілетті бір топ оқушылардан диф
-
ференция туралы сұхбат алған стажерға 10 жастағы баланың айтқаны:
«сіз менің осыны айтқанымды қаладыңыз деп ойладым».
Бақылау мониторинг пен бағалауда аса маңызды, әсіресе ерте
балалық шақта. Зерттеу тұрғысынан алғанда, бала бақылауы құнды
мәліметтер беруі мүмкін, әсіресе белгілі бір уақыт бойы жүйелі түрде
бақылау жүргізілсе. Баланың күнделікті ортасындағы (үй, мектеп, ба
-
лабақша және ойын алаңы) әрекетін бақылау кезінде оның іс-әрекет
сипатындағы (мысалы, ресурстарды қолдануы және коммуникация
дағдылары, ойын сипаты және физикалық дамуы сияқты баланың да
-
муындағы аспектілер) мәліметтері жинақталуы мүмкін. Бақылаудың
түрлі құрылымдық деңгейі бар және зерттеушілер
нені қарастырып
отырғаны мен мәліметті жазып алуды нақты шешуі қажет. Түрлері:
жаи� ғана, күнделікке немесе ескертпеге түртіп қою;
арнаи�ы бір уақыттардағы оқиғаларды сипаттау;
шкала мен чеклисттерді реттеу;
бақыланушының кескіні;
оқушының тәуелсіздігі сияқты тақырыптар бои�ынша ескертпелер;
эскиздер, диаграмма немесе суреттер.
Баламен жұмыста қатысушы-бақылаушы болған кезде, ескертпе
-
лерді байқатпай және ойынды бұзбай түртіп жазып алу сияқты мәсе
-
лелерді меңгеру қажет болады. Бақылау жұмысының пайдасы тиюі
мүмкін, әсіресе оқушының мінез-құлқы, сапалы оқыту және сұрақтарға
берген жауабын жазып алуда. Мінез-құлықтың жиі қайталануы мен уа
-
қыттарын жазып отыру керек. Кодтау жүйесі бақылау жұмысын жеңіл
-
детіп, жылдам жазуға көмектеседі (14.2-қосымша).