Бағдарламасы аясында іске асырылды Russell Grigg becoming an outstanding primary school teacher



Pdf көрінісі
бет486/510
Дата19.03.2022
өлшемі5,81 Mb.
#136229
түріБағдарламасы
1   ...   482   483   484   485   486   487   488   489   ...   510
Байланысты:
grigg rassell bastauysh mektep mugalimi sheberlikti shyndau

Зерттеу сатылары
1. Зерттеу тақырыбын анықтау 
Білім саласын зерттеуге арналған тақырып жетерлік. Ол мына та
-
қырыптар аясында болады: сыныпты басқару, мұғалім немесе оқушы
-
ның мінез-құлық сипаттары, белгілі бір топтағы оқушылардың үлгері
-
мі (мысалы, ұлдар мен қыздар, нәсіліне байланысты, дарынды оқушы
-
лар сияқты), мотивация, жетістікке жету кедергілері, оқудың арнайы 
пәндік аспектілері, лидерлікке қатысты мәселелер, ресурстарды пайда
-
лану, ата-анамен, басқарушылармен және басқалармен қарым-қатынас, 
оқушылардың мектепке деген көзқарасы, мінез-құлық, сабақтан қалу, 
мектеп сырты мен ауласындағы мәселелер және бағалау үлгілеріне қа
-
тысты мәселелер. Зерттеу тақырыптары мектептің даму жоспарында 
көрсетілген басым бағыттармен тығыз байланысты болуы мүмкін; мә
-
селен, мектеп жазу стандартын көтеруді қарастыруды және белгілі бір 
стратегияның немесе жоспардың әсерін білгісі келуі мүмкін. Зерттеу 
идеялары әріптестермен әңгімелесуден, сабақ қорытындыларын неме
-
се кәсіби әдебиеттерді оқудан туындауы да мүмкін. Зерттеу тақырыбы 
нақты анықталған және зерттеушіге қызық болуы қажет. Бірақ ең ал
-
дымен, белгілі бір мамандық бойынша білімі мен түсінігін тереңдетуге 
мүмкіндік беретін және зерттеу субъектілері үшін барынша пайдалы 
тақырыпты таңдау керек. 
Тәжірибелік зерттеуге қатысты айтар болсақ, мұнда дамытатын 
және өзгеріс енгізетін тұстарды анықтап алу қажет. Бұл өзін-өзі ба
-
ғалаудан туындайтын немесе инспекция кезінде анықталған оқу мен 
оқытудың әлсіз тұстарына қатысты болуы мүмкін. Тест нәтижелері 
зерттеуді қажет ететін белгілі бір топтағы оқушылардың үлгерімі ту
-
ралы мәселе көтеруі мүмкін. Қатарлас оқушының бақылауы екінші бір 


Үздіксіз оқу 
572
оқушының интерактивті тақта сияқты ресурстарды пайдалана білмеуі, 
олардың мотивациясына қандай да бір әсері болуы мүмкін бе деген мә
-
селелерді көрсетуі мүмкін. 
2. Зерттеу сұрағын қою немесе гипотезаларды ұсыну 
Зерттеу жұмысының мақсаты нақты, анық жазылуы керек және 
ол зерттеудің аясы мен бағытын көрсететін гипотеза, сұрақ, мәселе тү
-
рінде қойылуы мүмкін. Бордейж және Даусонның сөзінше (2003: 378), 
«зерттеу сұрағы – зерттеу жұмысындағы ең маңызды бірден-бір ком
-
понент. Бұл тұтас жұмыстың басты элементі». Жақсы зерттеу жұмысы
-
ның сұрақтары мына сипаттамаларға сай болады:
„
қолданбалы – уақыт, мекен және ресурстар бои�ынша қолжетімді; 
„
анық – ұғынықты және жалпылама емес; 
„
аутентикалы – мұғалімдерде «өз» сұрақтары болуы қажет
„
маңызды – оқушыларға да, мұғалімдерге де; 
„
этикаға саи� – кәсіби құндылықтар мен қалыптасқан этикалық ере
-
желер негізінде
„
сәи�кес – білім берудегі зерттеудің мақсатына саи� болуы. 
Зерттеу жұмысы тереңдей бастағанда сұрақтар пайда болатыны 
сөзсіз. Егер зерттеу сапалық әдіспен жүргізілетін болса, әдетте сұрақ
-
тар ашық қойылады немесе аргументтер ұсынылады. Бұған қатысты 
пікірлер, айталық, сабақ беруге байланысты өмірлік тәжірибесі жайлы 
сұхбат берушілер қатарының көп болуы әбден мүмкін.
Қоятын дұрыс сұрақ табу да оңай емес. Сұрақтардың қалай құрыла
-
тынын түсіну үшін алдыңғы зерттеу сұрақтарына шолу жасау пайдалы 
болмақ. Зерттеу сұрақтарының түрлері көп. Зерттеудің басында негізгі 
сұрақ біреу болса, кейіннен мәлімет жинау, бақылау жүргізу және басқа 
да процедуралар кезінде жауабы табылуы мүмкін қосымша арнайы сұ
-
рақтар шыға бастайды. Зерттеу сұрақтары зерттеушінің назарын ұстап 
отыруға, әсіресе тақырыптан ауытқу тенденциясы байқалған кездерде 
көмектеседі. Зерттеу бағытына күмән туа бастаса, қашанда зерттеу сұ
-
рағына қайта оралып отырған пайдалы. Жаңа деректер мен мәселелер
-
дің туындауынан зерттеу сұрағы нақтылана түсуі мүмкін. Тәжірибелік 
зерттеу сипаты бойынша рекурсивті, қайталанатын және органикалық 
процесс саналады. Мысалы, мұғалімдер мынадай сұрақтар қоюы мүмкін: 
„
Егер қатарластың түзетуін енгізетін болсақ, 6-сыныптың жазу сапа
-
сына қалаи� әсер етеді? 
„
Егер түскі уақыттан кеи�ін 10 минуттық тыныш оқу уақытын енгіз
-
сек, оқушылардың мінез-құлқы қалаи� өзгеруі мүмкін? 


Үздіксіз оқу 
573
„
Біз беретін нұсқаулықтың сапасын арттыру үшін балалардың фидбә
-
гін қалаи� паи�далана аламыз? 
„
Оқушылардың ұқыптылығын қалаи� дамыта аламыз?
„
Оқушылар өздерінің оқуын топ болып талқылау үшін аптасына қан
-
ша уақыт жұмсаи�ды? 
Гипотезалар «зерттеу сұрағының күтілген жауаптары» ретінде 
анықталған (Punch, 2009: 65). Олар зерттеуші өзінің белгілі бір теория
-
сы немесе түсінігін тексеріп көру үшін ғана сұрақ орнына пайдаланы
-
лады. Мысалы, өзінің бірінші жұмыс аптасында сыныбының мінез-құл
-
қының «қиын» екенін біліп, оны тюторымен талқылаған стажер дауыс 
ырғағын өзгертіп сөйлесем, сынып үшін оң нәтиже береді деп сенеді. 
Ол сынып жетекшісінен осыны қадағалауды сұрады, дегенмен мінез-
құлықтың жақсаруына әсер ететін мақтау мен тәртібі қиын баланың 
сабаққа келмеуі сияқты басқа факторлар барын анықтаған. 
3. Бәкграунд 
Зерттеу барысында нәтижелі зерттеушілер басқа ғалымдардың 
қандай қорытындыға келгенін және олардың қорытындысына сыни 
тұрғыда қарау үшін көптеген дереккөздерді (ғылыми журналдардағы 
мақалаларды) оқып шығады. Әдебиетке шолу жүргізу – барлық эссе, 
тезис, мақала мен диссертация жұмыстарының бірден-бір негізгі бөлі
-
гі. Тәжірибелік зерттеу жұмысында ғылыми мақалаға шолу жасау бір 
бөлім немесе тарау болып қалмай, зерттеудің басынан аяғына дейін 
жүргізіле береді. Ғылыми мақалаға шолу жасағанда сұрақтың бұрынғы 
және қазіргі теорияларға, түсіндірмелер мен модельдерге байланысы 
қарастырылады. Зерттеушілер өз зерттеулерінің маңыздылығын дә
-
лелдеуі қажет, мүмкін жүргізілген зерттеулердің арасында қалып қой
-
ған мәселелер бар шығар, кейбір жаңа саясаттың енгізілуінен жұмысты 
қарастыру керек шығар немесе осы тақырыптағы алдыңғы зерттеу көп 
жыл бұрын жүргізілген шығар. Тақырып бойынша жазылғанның бар
-
лығын оқи берудің қажет жоқ, бірақ сәйкес келетін негізгі жұмысқа зер 
салып қарастыру өте маңызды. Көп таралған тұзақтардың бірі – «ко
-
роль жасау», «көз бояушылық» деп те аталады (McNiff and Whitehead, 
2009: 117). Зерттеуші оқыған ғылыми мақалаларының көптігін көрсе
-
ту үшін, көптеген пайдаланылған әдебиет тізіміне авторлардың есімін 
жосықсыз енгізе беруі мүмкін. Әдебиетке шолу жасаудың ең тиімді 
жолы – тиісті дереккөздерді таңдай білу және оларға басымдық беру, 
басқа авторлардың аргументтеріне сыни көзбен қарау. 
Келесі материалдардың көбін интернеттен табуға болады, бірақ ол 
қолжазба деректер мен тұпнұсқа сауалнамалардың, интервьюлер мен 


Үздіксіз оқу 
574
бақылаулардың онлайн нұсқасы болып қана қоймай, оларды толықты
-
руы керек: 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   482   483   484   485   486   487   488   489   ...   510




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет