Бағдарламасы аясында іске асырылды Russell Grigg becoming an outstanding primary school teacher



Pdf көрінісі
бет498/510
Дата19.03.2022
өлшемі5,81 Mb.
#136229
түріБағдарламасы
1   ...   494   495   496   497   498   499   500   501   ...   510
Байланысты:
grigg rassell bastauysh mektep mugalimi sheberlikti shyndau

Магистр дәрежесіндегі зерттеу 
Соңғы жылдары Біріккен Корольдікте «магистратура деңгейіндегі 
мамандық» ұғымы кең қолдауға ие болды. Университеттер жанындағы 
Педагогикалық орталық сияқты ұйымдар магистр дәрежесі жеке мұға
-
лімдерге, мектеп пен оқушыларға пайдасын тигізе отырып, мамандық
-


Үздіксіз оқу 
588
тың статусын көтереді деп мәлімдеді. Мұғалімдер терең зерттеу жүр
-
гізіп, оны тәжірибе арқылы көрсетіп, өз әдістерін дамыту үшін уақыт 
қажет етеді. 
Үкіметтің мүддесі практикаға негізделген магистратураны дұрыс 
көреді, ал ол көп дәстүрлі университеттердің бағдарламасына сай келе 
бермейді. Англия үкіметі Даярлау мен даму агенттігінің бағыты (TDA, 
2009) бойынша, оқыту мен оқу бағдарламасының магистратурасын 
қаржыландыра бастады, алайда кейіндеп қаржыландыру (бағдарла
-
ма емес) тоқтатылды. 2012 жылы Уэльс ассамблеясы ұлттық сауатты
-
лыққа басымдық беретін және оқуға қолжетімділікті арттыра отырып, 
Білім беру тәжірибесі магистатурасын ашты. Осыған ұқсас Шотландия 
үкіметі де өзінің Білім беру магистратурасын ашу туралы жоспар құр
-
ды (National Partnership Group, 2012). Бұл магистратура бағдарламала
-
ры күнделікті тәжірибе мен теорияны ұштастыра отырып жасалады. 
Әр университеттегі магистратура бағдарламасының бір-бірінен 
айырмашылығы болса да, оларға мына сипаттамалар ортақ: 
„
қазіргі ғылым мен зерттеуге саи� мамандықты терең білу және түсіну, 
мамандықтың дамуы мен қазіргі мәселелеріне сыни тұрғыдан қарау; 
„
мамандықты тәуелсіз оқи алу қабілеті (өз бетінше оқу); 
„
мамандық бои�ынша алдыңғы қатардағы түрлі әдістер мен зерттеу 
методологияларын паи�далана білу (QAA, 2010). 
Бағдарлама мәселені креативті жолмен шешу және тиімді байла
-
ныс орнату сияқты жалпы дағдыларды шыңдауды да қарастырады. 
Магистр дәрежесін алғандар жинаған үлкен білімі арқасында пікірлер
-
ді синтездеуге және жоққа шығаруға деген сенімге ие болады (14.4-қо
-
сымша). 
Магистрлік бағдарламаның зерттеу жұмысы әдетте тәжірибелік 
зерттеу, көлемді эсселер мен диссертациядан тұрады. Диссертация 
құрылымы әдетте 14.5-қосымшада көрсетілгендей болуы мүмкін. Бұл 
жұмыстарды жазу жайлы университеттің нұсқаулығы болуы керек. 
Университеттер көбіне уақытты қалай тиімді басқару керек, кітапхана 
қызметін пайдалану, негізгі дереккөздерді қайдан алуға болады, сіл
-
теме жасау, сөз мөлшері, орындау, тапсыру, плагиаттан сақтану және 
көмекті қайдан алуға болады деген мәселелерде толық әрі нақты ке
-
ңестер береді. 
Магистрлік жұмыс кешенді мәселелермен, дербес жоспарлаумен, 
тапсырманы орындаумен айналысуды және қазіргі білім саласында 
болуы мүмкін басқа да кейбір 
«кешенді білімді» түсінуді
талап етеді 
(Sewell, 2008: 9). Білім берудің (педагогика ғылымдарының магист
-
рі) магистр дәрежесін алғандар болашақта тәжірибе жүргізуге дайын


Үздіксіз оқу 
589


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   494   495   496   497   498   499   500   501   ...   510




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет