Мұғалімге
тән кәсіби құндылықтар
99
сі екені анық. Әлеуметтік әділет орталығының мәліметтері бойынша,
мектепке баратындардың 10 пайызы «қарым-қатынас дағдыларының
болмауы басқаларға, ересектер мен кішкентай балаларға зиян келтіруі
әбден мүмкін» (quoted by Withnall, 2013). Жеке және әлеуметтік дағ
-
дылардың жетіспеушілігі жоқшылықта өскен балаларға ғана тән емес.
Аталған дағдылары жоқ балалардың көпшілігінің үйі
ойыншыққа
толы, теледидар мен компьютері бар болғанымен, ата-анасының жет
-
кілікті уақыт пен күш-жігер бөлгеніне зәру (Lightfoot, 2009).
Қазіргі мұғалімдерге алдыңғы буындарға қарағанда қабілеті тө
-
мен және жігерсіз балаларды оқытуға тура келеді. Қазіргі кезде бала
-
лар арасында семіздіктің өсуі денсаулық сақтаудағы басты проблемаға
айналды. Бірінші буын мұғалімінің алдына келетін оқушылар күніне
3 мильге дейін жол жүретін, ал ауылдық жерлерде кейде одан да үл
-
кен қашықтықты еңсеріп тастайтын. Лув (2009) балалардың орманда
велосипед тебу, ағашқа шығу, қоңыз жинап, гүл теру ләззатынан айы
-
рылып қалғанын айтады. Олар «табиғатпен сырласудың жоқтығынан»
зардап шегіп отыр, яғни табиғатқа қарағанда технологиялардың ма
-
ңызы артып, ата-аналар балаларының айналасын емін-еркін танып-бі
-
луіне кедергі жасауда. Сонымен бірге бүгінгі мұғалім мен ата-ана аса
саналы саналатын буынға тап болады, мәселен, арнайы зерттеуге қа
-
рағанда, екі жастағы балалар көрсетілген 12 брендтің сегізін тани ала
-
ды екен (Valkenburg and Buijzen, 2005).
Осыған орай кейбір пікір білдірушілер қазіргі балалық шақ өзінің
бейкүнә сипатын жоғалтты, ал мектептер соның салдарымен бетпе-бет
келіп жатыр деп санайды. Көпшілік ата-ана мен мұғалімдер балаларға,
әсіресе қыздарға дене келбеті мен сұлулығының қаншалықты маңыз
-
ды екенін айтады. 2013 жылы жүргізілген бір сауалнамаға сәйкес, төрт
жасқа дейінгі балалар семіруден қорқып, тамақ ішуден бас тартқан
(www.atl.org.uk). Соңғы жылдары бөлшек саудамен айналысатындар 9
жасқа дейінгі қыздарға еліктіргіш және қара шілтер жиегі бар push-up
ішкиімдер сатуды тоқтатуға мәжбүр (Mayo and Nairn, 2009). Бастауыш
мектеп басшыларының бірі қыздарға дене шынықтыру сабағында не
-
месе ойын алаңында құлап қалған жағдайда немесе түрлі жаттығулар
жасау кезінде ыңғайсыздық тудырмауы үшін
G-string ішкиімін кию
-
ге тыйым салған. 11 жасар қыздың анасы мектепке шағым түсірген:
«Олар мұғалімдердің өздерін бала сияқты көретінінен әбден шарша
-
ған» (Mayo and Nairn, 2009: 72).
Бүгінде мұғалім ата-ананың ғана емес,
мектеп директоры мен
оның орынбасарының, инспектордың да алдында есеп беруге тиіс.
Мұғалімдердің басым бөлігін білім берудегі «жаңа басқару жолдары»,
әсіресе оның бизнес құндылықтары, мақсаттар, өлшенетін нәтижелер,
ұйымдық кестелер, клиенттердің қанағаттануы және құн мен сапа
Мұғалімге тән кәсіби құндылықтар
100
арақатынасының сақталуы секілді мәселелерге баса назар аудартып,
оларды тығырыққа тірейді. Джеффри (2002) орындаушылық мәде
-
ниет мұғалім мен инспектор сияқты олар есеп беретін адамдар ара
-
сындағы өзара жауапкершілікті жоққа шығарғанын көрсетті. Мұғалім
жауапкершілігі туралы негізгі әдебиеттерге жасалған шолу (Levitt
et al
., 2008) жұмыс нәтижесінің деңгейін анықтауда кәсібиліктің тө
-
мендеуі күн санап артып келе жатқанын анықтаған.
Педагогтер бұл
мұғалімдерді оқушылардың нақты қажеттіліктерін қанағаттандыру
үшін креативті тәсілдерді қолдануды емес, оқу бағдарламасын жүзеге
асыруды бірінші орынға қоятын буынға (бірінші буынға) қайта оралу
-
ға мәжбүрлейді деп алаңдайды. Майкл Гоув өнер мен гуманитарлық
ғылымдарды ескермей, «жаңа Викториан» оқу бағдарламасын енгізге
-
ні үшін сынға ұшырады (Garner, 2013).
Сонымен қатар қазіргі заман мұғалімі үшін өте қызық кезең
басталғалы тұр. Мектеп тарихында ешқашан білімнің барлық түрін
тез арада түбегейлі алу мүмкіндігі болмаған.
Біріншіден, оқыту білі
-
гі жаңа мәнге ие болды. Қазіргі кезде
The Telegraph
сияқты ауқымды
газет XVIII ғасырдың білімді адамының алған ақпаратынан гөрі көбі
-
рек ақпаратты қамтиды (Baugh, 2010). Білім беруді өзгерту техноло
-
гиясының мүмкіндіктері жайлы көп жылдар бойы айтылып жүргеніне
қарамастан, бүгінгі таңда мұғалім мен балалар бір-бірімен және бүкіл
әлеммен бұрынғыдан да тығыз байланыста екені белгілі. Мектептерде
АКТ-ны біртіндеп енгізу оқыту мен оқудың дәстүрлі үлгілеріне күмән
тудырды. 90-жылдардың ортасында ашылған виртуалды мектептерді
қазір жергілікті билік
Достарыңызбен бөлісу: