Спортшыны дайындауға массаждың ерекшеліктері мен физиологиялық әсері



бет1/16
Дата07.02.2022
өлшемі0,7 Mb.
#87406
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16
Байланысты:
14 Әбсемет Ұлан Жүнісұлы физиология rd
91691978, Диплом Арт-терапия, Байбархан Гүлімай Құралбайқызы Дене тәрбиесіндегі қимыл қозғалыс әрекеттеріне үйрету әдістері 3, рухани жаңғыру фото, БАҒДАРЛАМА 3 курс - копия (1), ИНСТРУКЦИЯ ПО ЗАЩИТЕ ДП В РЕЖИМЕ ДОТ 23.04.202г ЮКГУ, Дадашов Адхам Акажанович Жеңіл атлетиканың түрлері мен дамуы, Дадашов Адхам Акажанович Жеңіл атлетиканың түрлері мен дамуы, Байбархан Гүлімай Құралбайқызы Дене тәрбиесіндегі қимыл қозғалыс әрекеттеріне үйрету әдістері 3, ӘЛ-ФАРАБИДІҢ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ-ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ КӨЗҚАРАСТАРЫ, ЖЕТКІНШЕК ЖАСТАҒЫ ОҚУШЫЛАРДЫҢ ПСИХИКАЛЫҚ ДАМУЫНЫҢ ЖАЛПЫ ПСИХ, Байбархан Гүлімай Құралбайқызы Дене тәрбиесіндегі қимыл қозғалыс әрекеттеріне үйрету әдістері 3, План граф и дневник каз, 2 диплом АНАПИЯ, АНАПИЯ саптық дайындық

Спортшыны дайындауға массаждың ерекшеліктері мен физиологиялық әсері

Әбсемет Ұлан Жүнісұлы



КІРІСПЕ

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев Қазақстан халқына Жолдауында «...мұғалімдердің біліктілігін неғұрлым сапалы деңгейге көтеру» мәселесін атап көрсеткен болатын [1]. Еліміздегі әлеуметтік-экономикалық өзгерістер жалпы білім беру жүйесіне, оның ішінде педагогикалық білім беру жүйесіне де өз әсерін тигізуде. Қазіргі мектепке теориялық білімдерді, кәсіби қабілеттер мен дағдыларды тұтастай пайдалана білетін, педагогикалық ойлау деңгейі жоғары, педагогикалық міндеттерді өз бетінше шығармашылық тұрғыдан шеше алатын мұғалімдер қажет.Сонымен қатар «Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасында» мамандар даярлау жүйесіндегі білім берудің сапасын қамтамасыз етуде жоғары білімді дамытудың негізгі үрдісі мамандарды кәсіби даярлау сапасын арттыру қажеттілігіне ерекше мән берілген [2]. Оқушылардың денсаулығының нашарлауы және олардың дене дайындығы деңгейінің төмендеуі педагогикалық жоғары оқу орындарындағы студенттердің кәсіби даярлығына жаңаша тұрғыдан келудің қажеттілігін шарттайды. Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңында ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде тұлғаны қалыптастыруға, дамытуға және кәсіби шыңдауға бағытталған білім беру және оның шығармашылық, рухани және тән күш-қуатын жетілдіру, жеке тұлғаның жан-жақты дамуына жағдай жасау міндеті көзделген [3].
Білім беру құндылықтарының барлығын жүзеге асыруға кешенді негізде денсаулықты қалыптастырушы тұрғыдан келуге нұқсан келтіретін білім беру міндеттерімен сипатталатын қазіргі кәсіби білім беру жүйесі олардың педагогтардың тұлғалық-кәсіби даму процесінде пайдаланылуын қамтамасыз ете алмайды. Әлемдік әлеуметтік – мәдени және білім беру бағыттарына талдау жасау соңғы жылдары қоғамның баса назар аударып отырған нысаны және көптеген өркениетті елдердегі пәнаралық зерттеулердің пәні адамның өз денсаулығына байланысты қарым-қатынасының әртүрлі аспектілері екендігін көрсетті.
Салауатты өмір салтына үйретудің үлгілері (медициналық, білімдік, саяси және т.б.) жеке тұлғаның еңбек нарығындағы бәсекеге қабілеттілігінің факторы және адамның өзін-өзі жүзеге асыруы мен бақытты болуының шарты ретінде қарастырылып, сынақтан өткізілуде. Сонымен қатар педагогикалық іс-әрекеттің тиімділігі мен нәтижелілігін қамтамасыз ететін шешуші шарттардың бірі мұғалімнің мықты рухының және денінің саулығына негізделетін жалпы еңбекке қабілеттілігі болып табылады.
Педагогтың біртұтас дене мәдениетін тәрбиелеу мәселесі елдегі әлеуметтік-демографиялық жағдайға, сонымен қатар негізгі белгілері оқыту процесінің жоғары психикалық және дене күшін, маманның жоғары жауапкершілігін, білім беру жүйесіндегі педагогтың жоғары деңгейдегі денсаулықты қалыптастырушы кәсібилігін қажет ететін білім беру кеңістігінің психологиялық –педагогикалық факторларына да байланысты екендігі туралы мәселені өзектендіре түседі.
Жоғары педагогикалық оқу орындары оқушылардың денсаулығына байланысты мәселелерге белгілі бір назар аударады. Мемлекеттік білім беру стандарттарында анатомия, физиология, онтогене­здің әртүрлі кезеңдеріндегі психикалық процестердің өту ерекшеліктері туралы білім беретін медициналық-биологиялық және педагогикалық - психоло­гиялық пәндер топтамасы бөлініп көрсетілген. Дегенмен мұғалімдерде өскелең ұрпақтың дене мәдениетін тәрбиелеуге, олардың денсаулығындағы кеңінен таралған ауытқулардың алдын алуға мүмкіндік беретін практикалық қабілеттер мен дағдылардың қалыптастырылуы жүзеге асырылмауда. Педагогтарды даярлау стандарты мұғалімдердің дене мәдениетін қалыптастыру бойынша қандай да бір сауықтыру іс-шараларын өткізу бойынша іс-әрекетінің тиімділігін бағалау мәселелерін қарастырмайды.
Теория мен тәжірибеде педагогикалық іс-әрекеттің мәндік ерекшеліктерін анықтау оның әкімшілік билікке ғана емес, сонымен қатар рухани беделге құрылатындығына басты назар аударылатындығын көрсетті. Сондықтан рухани мәдениет өзінің барлық ерекшеліктерімен бірге басым сипатқа ие болады. Болашақ мұғалімдердің денсаулықты қалыптастырушы тұлғалық - кәсіби дамуының мақсатын, мазмұны мен тәсілдерін анықтайтын руханилық пен рухани мәдениетті қалыптастырудың қажетті шарты ретінде дене тәрбиесі процесінде жүзеге асырылатын қозғалыс әрекетін қарастыруға болады. Сонымен қатар мұғалімдерді кәсіби - педагогикалық даярлау жүйесіндегі дене тәрбиесінің теориясы мен тәжірибесіне ізгілендіру үрдісі әсерінің күшеюі анық байқалады. Бұл, өз кезегінде, рухани және кәсіби тәрбиесінің ықпалдасуын, оның дене мәдениетін қалыптастырудағы мүмкіндіктерінің зерттелуін шарттайды.
Өскелең ұрпаққа саналы тәрбие беру, олардың рухани күштерін жетілдіру арқылы өзін-өзі тану және тәрбиелеу, терең ой-сана мен дене мәдениетін қалыптастыру мәселелері көрнекті ғұлама – ойшылдар Әл-Фараби [4], Ж.Баласағұни [5], Қ.А.Ясауидің [6] және т.б. еңбектерінде көрініс тапқан. Сонымен қатар қазақ ағартушылары Ы.Алтынсариннің [7], А.Құнанбаевтың [8], Ш. Уәлихановтың [9] еңбектерінде де бұл мәселеге үлкен мән беріледі. Дене тәрбиесі мен рухани тәрбиені өзара сабақтастықта пайдалану туралы құнды пікірлер А.Байтұрсынов [10], М.Жұмабаев [11], М.Дулатов [12], Ж.Аймауытов [13], Ш.Құдайбердиевтің [14] еңбектерінде де зерделенген.
Педагогикалық жоғары оқу орындарындағы болашақ мұғалімдерді даярлау мәселелері мен оның жекелеген аспектілері В.А.Сластенин [15], Н.В.Кузьмина [16], Н.Д.Хмель [17], Б.Т.Лихачев [18], Г.К.Нұрғалиева [19], К.А.Дүйсембаев [20], Қ.Б.Бөлеев [21], А.А.Қалыбекова [22] және т.б.; студенттерге рухани - адамгершілік тәрбие беру мәселесі И.Ф.Харламов [23], М.А.Данилов [24], А.А.Калюжный [25], В.А.Ким [26] және т.б. бірқатар еңбектерде қарастырылған.
Ықпалдастыру бағыттары тәрбие мен оқытуға кешенді тұрғыдан келу (Ю.К.Бабанский [27], Э.М.Моносзон [28], М.М.Поташник [29] және т.б.); дамыта және тәрбиелей отырып оқыту (И.Я.Лернер [30], Б.Т.Лихачев [31] және т.б.); мектептегі және жоғары оқу орнындағы оқыту мен тәрбиенің сабақтастығы (П.И.Пидкасистый [32], В.Э.Тамарин [33] және т.б.); эвристикалық бағдарламалаудың теориясы мен әдістемесін дайындау (В.И.Андреев) [34] мәселелерін және басқа да көптеген бағыттарды зерттеуде көрініс табады.
Педагогика саласындағы ықпалдастыру процестері қазіргі уақытта ерекше маңызға ие болып, олардың мәнін түсіну және саналы түрде реттеу өзекті мәселеге айналуда.
Педагогикалық әдебиеттерде ықпалдастыру мәселесінің педагогикалық, дидактикалық және әдістемелік аспектілері ресейлік ғалымдар А.П.Беляева [35], М.Н.Берулава [36], Г.Бердинских [37], И.Д.Зверев [38], В.Г.Разумовский [39], Ю.С.Тюнников [40] және т.б. еңбектерінде ашып көрсетілген.
Пәнаралық байланыстарды ескеру негізіндегі кәсіби-педагогикалық білім берудің теориясы мен тәжірибесін дайындау мәселесіне О.А. Абдуллина [41], Ю.К. Бабанский , В.В. Давыдов [42], М.А. Данилов [24], И.Д. Зверев [38], И.Я. Лернер [30], М.И. Махмутов [43] және т.б. қомақты үлес қосты.
Қазіргі уақытта педагогика, психология, физиология және басқа да ғылымдарда болашақ мұғалімнің тұлғалық – кәсіби даму процесіндегі қарама – қайшылықтарды шешуге мүмкіндік беретін белгілі бір білімдер қоры жинақталған: субъект белсенділігінің психологиялық тұжырымдамасы дайындалған (С.Л.Рубинштейн және т.б.) [44]; жеке тұлғаның дамуы мен өзін-өзі дамытуының заңдылықтары зерттеліп, жалпыланған (В.И.Андреев[34], В.И.Загвязинский [45], Н.М.Таланчук [46] және т.б.); жеке тұлғаның өзін-өзі дамытуының теориясы дайындалған (К.Роджерс [47], А.Маслоу [48], Л.С.Выготский [49] және т.б.).
Дене тәрбиесі мен спорттың теориясы мен тәжірибесінде жеке тұлғаның дене мәдениетін қалыптастыру мәселелері дене белсенділігінің тұжырымдамасы (В.К.Бальсевич [50], Б.А.Тойлыбаев [51], О.А.Аяшев) [52], дене мәдениеті бойынша білім берудің мазмұны, құралдары мен әдістері туралы түсініктер (Б.А.Ашмарин [53], Л.П.Матвеев және т.б. [54;55]); жеке тұлғаның дене мәдениетінің теориясы (М.Я.Виленский [56], В.М.Выдрин [57], В. И.Столяров [58]) дайындалған.
Қазіргі уақытта мектептегі және жоғары оқу орнындағы дене тәрбиесі бойынша білім берудің жеке тұлғаға бағдарланған технологиялары жобаланып, дене мәдениетінің мәні мен ықпалдасу бағыттары (Л.П.Матвеев [59], Ю.М.Николаев [60], А.Б.Нұрлыбекова [61]) зерттелуде. Сонымен қатар мектеп оқушыларына интеграцияланған валеологиялық білім берудің мәні мен мазмұны туралы зерттеулер (И.И.Брехман [62], В.В.Колбанов [63], Ж.З.Торыбаева [64] және т.б.) де бар.
Зерттеу мәселесі бойынша еңбектерге талдау жасау болашақ мұғалімдердің тұлғалық – кәсіби дамуының сапасын жоғарылатуға қазіргі педагогикалық білім беру жүйесін инновациялық педагогикалық тұжырымдамалар мен технологиялардың негізінде, яғни рухани және кәсіби тәрбиесін ықпалдастыру ретінде қайта құру тұрғысынан келуге мүмкіндік береді.
Сонымен қатар денсаулық, салауатты өмір салты бойынша мамандар қоғамдағы әлеуметтік-саяси, әлеуметтік-экономикалық және әлеуметтік-демографиялық жағдайға және оқушылардың аурушаңдығын төмендетуге ықпал ететін, мұғалімдердің дене мәдениетін қалыптастыратын факторлардың өз деңгейінде зерттелмегендігін алға тартады. Болашақ мұғалімдердің дене мәдениетін қалыптастыру жүйесі дайындалмаған.
Теорияда педагогикалық білім беру жүйесіндегі кәсіби даярлыққа сәйкес мұғалімнің денсаулықты қалыптастырушы функциясына байланысты мәселелер қазіргі уақытқа дейін өз шешімін таппаған. Қазіргі мұғалім оқыту іс-әрекетін жүзеге асырумен қатар үнемі жұмысқа қабілеттіліктің жоғары деңгейін сақтауы қажет, өйткені баланың оқуы мен оның денсаулығының сақталуы осыған байланысты.
Білім беруді ізгілендіру және гуманитаризациялау, рухани тәрбиенің басымдылығы идеяларының аясында дамыта отырып оқыту мен тәрбиелеудің қазіргі денсаулықты сақтаушы және денсаулықты қалыптастырушы технологияларды жүзеге асыру тұрғысынан мұғалімдердің тұлғалық – кәсіби дамуы процесіндегі педагогикалық ықпалдастырудың мәні жөніндегі мәселе әлі де толығымен ашылған жоқ.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет