Спортшыны дайындауға массаждың ерекшеліктері мен физиологиялық әсері


Қанның физикалық және химиялық қасиеттері



бет9/16
Дата07.02.2022
өлшемі0,7 Mb.
#87406
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   16
Байланысты:
14 Әбсемет Ұлан Жүнісұлы физиология rd
91691978, Диплом Арт-терапия, Байбархан Гүлімай Құралбайқызы Дене тәрбиесіндегі қимыл қозғалыс әрекеттеріне үйрету әдістері 3, рухани жаңғыру фото, БАҒДАРЛАМА 3 курс - копия (1), ИНСТРУКЦИЯ ПО ЗАЩИТЕ ДП В РЕЖИМЕ ДОТ 23.04.202г ЮКГУ, Дадашов Адхам Акажанович Жеңіл атлетиканың түрлері мен дамуы, Дадашов Адхам Акажанович Жеңіл атлетиканың түрлері мен дамуы, Байбархан Гүлімай Құралбайқызы Дене тәрбиесіндегі қимыл қозғалыс әрекеттеріне үйрету әдістері 3, ӘЛ-ФАРАБИДІҢ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ-ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ КӨЗҚАРАСТАРЫ, ЖЕТКІНШЕК ЖАСТАҒЫ ОҚУШЫЛАРДЫҢ ПСИХИКАЛЫҚ ДАМУЫНЫҢ ЖАЛПЫ ПСИХ, Байбархан Гүлімай Құралбайқызы Дене тәрбиесіндегі қимыл қозғалыс әрекеттеріне үйрету әдістері 3, План граф и дневник каз, 2 диплом АНАПИЯ, АНАПИЯ саптық дайындық
Қанның физикалық және химиялық қасиеттері
Қан қызыл түсті өзіне тән иісі бар, дәмі тұзды, меншікті салмағы 1,050-1,060, тұтқырлығы 5,0 (яғни түтіктен ағызған кезде судан 5 есе баяу ағады). Осмостық қысымы 7,5-7,6 атмосфераға тең (302-310 м.осм/л). Ол қан құрамындағы еріген электролиттер мен төменгі молекулаларға байланысты (60% NaСL иондарына байланысты).
Осмостық қысымның қан мен ұлпадағы су алмасуында маңызы зор. Тірі ағзаның әрбір жасушасы жартылай өткізгіш жарғақпен (мембрана) қапталған. Ол жасушаны оны қоршаған ортадан бөліп тұрады. Осмостық қысымы қанның осмостық қысымына тең тұз ерітіндісі = изотониялық ерітінді мысалы, жылы қандылар үшін = 0,85-0,9% NaСL, салқын қандыларға= 0,65% NaСL) немесе физиологиялық ерітінді деп аталады. Осмостық қысымы кем гипотониялық ерітінділерге түскен қан жасушалары ісінің гемолиз құбылысы болады; осмостық қысымы жоғары гипертониялық ерітінділерге түскен қан жасушалары бүрісіп плазмолиз құбылысы байқалады. Бұл екі құбылыста да қан жасушаларының қызметі бұзылады. Барлық дәрі-дәрімектер изотониялық ерітінділер. Қан плазмасындағы белок молекулалары тудыратын қысым - онкотикалық қысым (коллоидты-осмостық) аталады. Ол сынап бағанасы бойынша 25-30 мм-ге тең. Қанның белсенді реакциясы (рН) - сәл сілтілі 7,36 (аралас қанда); 7,35-7,36 вена қанында; 7,4-7,42 артерия қанында.
Тіршілік процесі барысында тірі ағзада (Н+) сутегі концентрациясы көбейеді; мысалы, ауыр дене жұмысында. Алайда сілті-қышқыл тепе-тендігін қамтамасыз ететін арнайы және әрекеттік жүйелердің арқасында ішкі ортаның тұрақтылығы бірқалыпты сақталады. Қан реакциясын бірқалыпты сақтауда қан плазмасында карбонат, фосфат, белок буфер жүйелерінің эритроциттегі гемоглобин буферлік жүйесінің маңызы зор. Соңғысы қанның барлық буферлік қызметінің 75% атқарады. Қанның белсенді реакциясының қышқыл жаққа қарай ауысуы ацидоз, ал сілтіге қарай ауысуы алкалоз деп аталады.
Қан реакциясының бірқалыпты сақталуына бүйрек - қышқылы не сілтілі несепті шығару арқылы; өкпе - СО2 концентрациясы өссе, тыныс алу жиілігі өседі; ас-қорыту жолдары арқылы фосфор қышқылдары бөлінеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   16




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет