Эритроциттер, саны, маңызы
Эритроцит (грекше erytos-қызыл, cytus-жасуша) қанның қызыл түйіршіктері ядросы жоқ екі жағы ойыс келген дөңгелек жасуша, диаметрі 7,2-8,0 мкм. Эритроцит саны ер адамның қанында 1мм3=4,5-5млн (1л-де=4,5-5,0 • 1012); әйел қанында 1мм3=3,7-4,5млн (1л-де=3,7-4,5 • 1012). Эритроцит санының қалыптан тыс басым болуы (>5,0 1012) эритроцитоз (биік тауға шыкқанда, 3,5-5 мың м биіктікке көтерілгенде, дене жұмысында) сүйек кемігінде көп түзілуінен; қан қорынан шығуына байланысты. Ал аз болуы (3,7-3,9 • 109) эритроцитопения деп аталады (қансырағанда; шектен тыс су ішсе қан сұйылады). Эритроцит бетінің ауданы 128 мкм2. Бір адам қанындағы барлық эритроциттерді қатар орналастырса оның аумағы 3000 м2, яғни дене аумағынан 1500 есе көп. Сонымен эритроциттердің негізгі қызметі: 1) жасушаларға О2; одан өкпеге СО2 тасуға мүмкіндік жасайды. 2) қан реакциясының тұрақтылығын (рН) қамтамасыз етеді; 3) ұлпадағы суды өкпеге тасиды; 4) улы заттарды жинап олардын уытын басады; 5) қанның ұюына қатысады.
Эритроциттердің негізгі қызметі - тыныс алу, оның құрамына кіретін гемоглобин (Нв)- хромопротеидтің арқасында жүзеге асады. Әрбір эритроциттерде 300 млн-дай Нв молекуласы болады. Гемоглобин 1 молекула глобиннен және 4 гем молекуласынан тұрады. Әрбір гемде Ғе2+ атомы бар, сондыктан Нв-ң бір молекуласы оттегінің 4 молекуласымен әрекеттеседі. Адам денесінде 5 л қан болғандықтан, мұнда 700-800 гр Нв бар. Ерлерде 1 л қанында 130,0-160,0 г, әйелдерде 120,0-140,0 г Нв болады.
Гемоглобиннің оттегімен косылысы оксигемоглобин НвСO2 - артериялык қанға алқызыл түс береді. Көмірқышқыл газымен қосылып, карбогемоглобин (НвСО2)-қанға күрең қызыл түс (вена) береді. Иісті газбен қосылысы (НвСО) карбоксигемоглобин. Гемоглобин иісті газбен 289 есе тез әрекеттеседі, егер ауада 0,1% СО болса, 80% гемоглобин карбоксигемоглобинге айналады. Эритроциттердің шөгу жылдамдығы ерлерде сағатына 1-10 мм; әйелдерде 2-15 мм.
Эритроциттердің қабығы жарылып немесе еріп ішіндегі гемоглобиннің плазмаға шығуы гемолиз (грекше haima-қан, lysis-еру) деп аталады. Ол әсер ететін жағдайлар мен себептерге байланысты:
Достарыңызбен бөлісу: |