Биологиялық гемолиз — жылан, қарақұрт, шаян улары, ішек
құрттары мен өсімдіктер бөліп шығаратын улы заттар (сапонин),
кейбір бактериялар (сіреспе таяқшасы), қан құйғанда сыйыспаудан
бөлінген улы заттар эритроциттер қабығын жидітіп гемолиз құбылысы пайда болады.
Термиялық гемолиз - тоңазыған қанда.
Механикалық гемолиз — қанды шайқаса, немесе көп уақыт тасты жерде жүгірсе, қатты қадам (маршировка) кезінде жартылай гемолиз болуы мүмкін.
Электрлік гемолиз – электр тогінің әсерінен болады. Қанқа бұлшық еттері мен жүрек етінде өзінің құрылысы жағынан гемоглобинге ұқсас миоглобин бар. Ол гемоглобинге қарағанда белсенді, оттегімен оңай қосылуы арқылы жұмыс жасайтын бұлшық еттерді қамтамасыз етеді. Адамда миоглобиннің жалпы мөлшері қандағы гемоглобиннің 25%-н құрайды. Дене жаттығуларының әсерінен бұлшық еттегі миоглобин мөлшері көбейеді.
Қ ан топтары
1901 жылы К.Ландштейнер дені сау адамдардың қанында (1 адамның қанын екінші адамға құйған кезде) басқа адам қаныңда эритроциттерді желімдеп жабыстыратын (аггглютинация) зат бар екенін ашқан. Прага университетінің профессоры Ян Янский мец К.Ландштейнер эритроциттердің желімделу себебін аша келіп қанда екі түрлі факторлар бар екенін тапты.
Эритроциттерде жабысқақ зат - агглютиноген А және В болса, плазмада жабыстыратын зат - агглютининдер а және β болады. Желімдену (жабысып, эритроциттердің жарылуы) яғни агглютинация құбылысы аттлютиноген А мен плазмадағы а кездессе; немесе В мен β кездессе ғана болады.
Янскийдің жіктеуі бойынша адам қаны 4 топқа бөлінеді:
|
Эритроцитте
(АВ)
|
Плазмада (аβ)
|
I
|
0
|
аβ
|
II
|
А
|
β
|
III
|
В
|
а
|
IV
|
АВ
|
О
|
Қазіргі уақытта халықаралық келісім бойынша төмендегідей жазылады:
Оаβ (I); Аβ (II); Ва (III); АВО (IV).
I топ - универсалды донор (23-сурет).
IV топ - универсалды реципиент.
Сонымен қатар агглютиноген А-ның А1 А2; А3; ... түрлері; басқа да М, N, SР, т.б. аттлютининдер табылған.
Қан құю мүмкіндігінің үлгісі
Адам қанында Rһ-аттлютиноген бар, оны 1940 ж. Ланштейнер және Виннер ашқан, алғашқы рет macacus resus атты маймыл қанынан табылған. Барлық адамның 85-86%-ң қанында бұл агглютиноген бар, сондықтан Rh+ (оң) белгіленеді де, 14-15%-ң қанында ол болмайды, сондықтан Rh-(теріс) деп белгіленеді. Егер донордың Rh+қанын, резуссыз Rh-қанға құйса, 3-4 жұма арасында оған қарсы антидене пайда болады. Ол адамға тағы да резусты қан құйса, оның эрицотриттері жабысып, шокқа әкеліп соғады. Сондықтан қан құю тәжірибесінде, қан топтарын, оң не теріс екенін білу бірден бір маңызды шарт.
Достарыңызбен бөлісу: |