Қан жүйесінің реттелуі
Қан жүйесіне қан жасушалары түзілетін мүшелер (жілік майы, сүйек кемігі, лимфа түйіндері, тимус, бадамша бездер) мен бұзылатын мүшелер (бауыр, көк бауыр) және қанның өзі жатады. Қан жүйесінің қызметі жүйке жүйесі және гуморальды тұрде гормондардың әсерімен реттеледі.
Қан жүйесін жүйкелі реттейтін ең жоғарғы қыртыс асты орталық - гипоталамус. Ми қыртысы өзінің әсерін қан жүйесіне гипоталамус арқылы жүргізеді. Гипоталамустың эфференттік әсері қан жүйесінің барлық механизмін: қан түзілуі, қан айналуы, қайта бөлінуі, қорда сақталуы, қан түйіршіктерінің бұзылуы т.б. қамтиды.
Гипоталамус, симпатикалық жүйке жүйесі қан жасушаларының түзілуін тездетсе, парасимпатикалық жүйке тежейді.
Қанның түзілуін гипофиз, бүйрек үсті бездері, қалқанша без гормондары шапшаңдатса, аналық безінің гормондары тежейді; аталық без гормондары үдетеді.
Қан жүйесінің қызметін гуморальды реттеуде ерекше орын алатын биологиялық белсенді заттар — гемопоэтиндер. Олар негізінен бүйректе, сонымен қатар бауыр мен көк бауырда түзіледі. Олар сүйек кемігінің, көк бауырдың, бауырдың, ретикулоэндотелиальды жүйелердің қан түйіршіктерін өндіру қызметін көбейтеді.
Достарыңызбен бөлісу: |