Тромбоциттер, қанның ұюы
Тромбоциттер - ұсақ ядросыз қан пластинкасы, диаметрі 0,5-4 мкм пішінсіз құрылым. Оның құрамы өте күрделі, ол көптеген ферменттерден, гормондардан, 11-шақты қанды ұйытататын факторлардан тұрады. Адамның 1л қанында 180-310* 109 тромбоцит болады, олардың тіршілік ету мерзімі 8-12 тәулік.
Тромбоциттердің қызметі:
қан тамырларын қоректендіреді (15%), тромбоцит қан тамырлар қабырғасы эндотелиінің "асырап сақтаушысы".
қан тамырының қабырғасы жарақаттанса, тромбоциттер жабысып үйінді — тромб тығынға айналып, жарақаттанған жер бітеледі, қан ағуы тоқталады.
қан ұюына қатысады.
Қанның ұюы - қанның биологиялық қасиетінің бір түрі қорғаныс қызметін атқарады. Қан ұюының арқасында жарақаттанғанда қан кетуі тоқталады. Ересек адамның қаны 5 минут, жаңа туған нәресте қаны 8-10'; иттің қаны –25 мин; шошқаның қаны — 3,5'; жылқының қаны -11,5'; құстың қаны-30 секундте ұйып болады.
Қан ұюына ХШ-плазмалық, ІІ-тромбоциттік факторлар қатысады. Қан ұюы 3 кезеңнен тұрады:
протромбиннің пайда болуы;
тромбиннің пайда болуы;
фибриногеннің фибринге айналуы.
Қанның құрамында ұюды тездететін көптеген коагуляторлар, оның үдеткіштері және қанды ұйытпайтын антикоагулянттар болады.
Достарыңызбен бөлісу: |