Спортшыны дайындауға массаждың ерекшеліктері мен физиологиялық әсері


Тірі ағзаға тән гомеостазды сақтау қызметі



бет8/16
Дата07.02.2022
өлшемі0,7 Mb.
#87406
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   16
Байланысты:
14 Әбсемет Ұлан Жүнісұлы физиология rd

Тірі ағзаға тән гомеостазды сақтау қызметі - қан барлық денеге тән бірқалыптылықты, яғни жасушалар мен ұлпааралық сұйықтықтың коллоидты, осмостық, ортаның белсенділік тұрақтылығын сақтайды.
Қанның мөлшері және құрамы
Адам ағзасында қанның мөлшері 5-6 л (дене салмағының 5-8 %), жаңа туған нәрестеде дене салмағының 15 %-ы; 11%-ы бір жасқа дейінгі балаларда. Қалыпты жағдайда қанның 40-50%-ы қан қорларында (бауыр, көк бауыр, тері қан тамырлары және өкпе) сақталады. Қордағы қанда (айналымдағымен салыстырғанда) түйіршіктері көбірек болады. Тірі ағзаға әсер етуші жағдайлар: мәселен; дене жұмысы, қан кету, атмосфералық төмендегенде т.б. қордағы қан айналымға шығады. Егер 1/3 бөлігі ағып кетсе, тіршілікке қауіп төнеді, ал 50% ағып кетсе өледі. Алайда дені сау адамнан 200-400 мл қан алынса, ол қан түйіршіктерінің түзілуіне, жаңаруына жақсы әсерін тигізеді.
Қан сарғылттау келген сұйық зат - плазмадан (52-58%) және оның ішінде жүзіп жүрген жасушаларынан (42-48%) тұрады. Қан плазмасының көлемі мен қан жасушалары көлемдерінің ара-қатынасын - гематокрит (Нсt) деп атайды, ол % белгіленеді. Ерлерде қан гематокриті 47%, әйелдерде 42%, яғни ерлерде қан түйіршіктері 47%; плазма-53%; әйелдерде қан түйіршіктері 42%; плазма-58%; Балалардың гематокриті ересек адамдардікінен жоғары. Алайда қартайған сайын геметокрит төмендей береді.
Плазманың 90-92% су; 8-10% қүрғақ заттар, оның 6-8%-белоктар (альбумин-4,5%, глобулин-2-3,5%, фибриноген-0,4%, азотты органикалық заттар, азотсыз органикалық заттар); 0,9-1% бейорганикалық минералды заттар (көбіне ас тұзы).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   16




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет