Инклюзив практиканы дамыту
414
Оқушылардың талабын орындауда мұқият жоспарлап алудың ма
-
ңызы зор екені көп айтылады. Тәжірибелі мұғалімдер сыныптағы әр
баланың талабына сай жұмыс жүргізеді және сабақты бәріне бірдей
бере алады. Ричардс пен Армстронг (2011) мұғалімдерге сабақ жос
-
парын ерекше білім беру қажеттіліктері деп бөлмеу керектігін ескер
-
ту үшін «оқушылар қауымдастығы» идеясын пайдаланды. Авторлар
«Білім беруде ерекше қажеттілігі бар» (SEN), «Дарынды», «Ағылшын
тілі қосымша пән ретінде» (EAL) сияқты түрлі топтарға арналған дәс
-
түрлі жоспарлау әдісі оқушылардың жеке талаптарын орындауда нәти
-
жесіз екенін айтады. Олар түрлі стратегияларды, әсіресе өте маңызды
алуан тұжырымдамаларды пайдалана отырып, командалық оқыту, ара
-
лас топпен оқыту әдістерін қолдайды.
Көру мен есту қабілеті нашар жағдайдағы кешенді қажеттілігі бар
оқушыларға Брайл шрифті және белгімен сөйлесу сияқты арнайы әдіс
-
тердің оқыту мен оқу барысында пайдасы көп тиеді. Осыған ұқсас, ау
-
тизммен ауыратын балаларды оқытуда дистинктивті үйрету әдістері
қолданылады. Білім беруде ерекше қажеттілігі бар оқушыларды оқыту
стратегиясына шолу жасаған Дэвис пен Флориан (2004) кез келген жал
-
ғыз стратегияға қарағанда, көбіне әдістер комбинациясы мықты нәти
-
же береді деп қорытындылайды. Кейінгі зерттеулер оқуда қиындығы
бар оқушыларды оқыту әдістерінің «үлкен айырмашылықтары жоқ,
алайда оларды пайдалану білімі басқаша болуы мүмкін» екенін көрсе
-
теді (Hall, 2004; Daniels and Porter, 2007: 17). Инклюзивті оқытуды жос
-
парлағанда ескеретін кейбір сұрақтар 10.2-кестеде берілген.
Достарыңызбен бөлісу: