Бағдарламасы аясында іске асырылды Russell Grigg becoming an outstanding primary school teacher


Білім берудегі кедергілерді еңсеру



Pdf көрінісі
бет347/510
Дата19.03.2022
өлшемі5,81 Mb.
#136229
түріБағдарламасы
1   ...   343   344   345   346   347   348   349   350   ...   510
Байланысты:
grigg rassell bastauysh mektep mugalimi sheberlikti shyndau
диплом 20, диплом 20, диплом 20, Абай өлеңі, азия, Ақыл ой жан қуаты, Тест cұрақтары ББ IT қолдану Студентке, кіріспе практика, кіріспе практика, кіріспе практика, кіріспе практика, кіріспе практика, кіріспе практика, кіріспе практика, Резюме
Білім берудегі кедергілерді еңсеру:
жоспарлау мен оқыту 
Мұғалім стандарты
құжатында (DfE, 2013) мұғалімдер оқушылар
-
дың оқуды меңгеру қабілетіне көптеген фактордың тосқауыл болаты
-
ны мен білім беруде кездесетін кедергілерді еңсеру туралы түсінігін бе
-
кітіп алуы керек екені жазылған. Мектеп аясында қарастырсақ, оларға 
көшбасшылық, оқыту мен оқу ортасына қатысты мәселелер жатады. 
Заң бойынша мектептерде мүмкіндігі шектеулі оқушылардың мүмкін
-
дігін арттыру мен жұмысын жеңілдетуге әрекет жасалып отырғанын 
көрсететін қолжетімділік жоспары болуы тиіс. Өкініштісі, мүмкінді
-
гі шектеулі жандардың адамдар арасына араласып кету мүмкіндігі аз 
болғандықтан, олар көбіне «әлеуметтен қалыс» қалғанды жөн көреді.
(Dare және O’Donovan, 2002; Save the Children, 2002).
Кейбірі оқшаулану арқылы өзіне-өзі кедергі келтіреді. Мұндай ке
-
дергілерге негативті ойлау, сенімнің азаюы және үміттің азаюын жат
-
қызуға болады. Оқу мен оқытуда қарым-қатынастың маңызы өте зор. 
Кейде сабақ мазмұнынан гөрі қандай да бір нәрсенің «қалай» айтыл
-
ғаны мен жасалғаны сақтану реакциясын тудырады. Мұғалімдер әрбір 
жеке оқушымен өзара түсіністік орнатып және ата-аналармен тығыз 
жұмыс істеген кезде оқу кедергілерін тиімді еңсеруге болады. Яғни ба
-
ланы мектепте не мазалайтынын білу қажет. Мысалы, ол оқу бағдар
-
ламасы, оқыту әдісі, сыныптағы оқушылар, ғимарат айналасы немесе 
күннің мезгілі болуы мүмкін. Мәселен, ресми тестілердің оқушыларды 
қобалжытып, тіпті айтарлықтай стреске ұшырататынын зерттеулер 
көрсетіп отыр (Lord and Jones, 2006). 
Оқытудағы кедергілер жалпы қоғамда бар және кейбірі мұғалім 
қадағалауынан тыс қалып жатады. Баланың мектепке бармауына көп
-
теген факторлар әсер етуі мүмкін және кейбір ауыр жағдайларда отба
-
сындағы кедейлік, баланың жұмысқа жегілуі немесе зорлық-зомбылық 
көруі салдарынан болуы мүмкін. Пәкістанның солтүстігінде тұратын 
Малала Юсуфзайдың мектепке барғаны үшін, оны тәлибан әскерле
-


Инклюзив практиканы дамыту 
413
рінің атып түсіру оқиғасы қыздардың білім алуға жалпы ортақ құқы
-
ғының заманауи символы болды (Yousafzi and Lamb, 2013). Көптеген 
дамушы елдерде қыз балалар мектепке барудың орнына жұмыс істеп 
жүреді. Қымбатшылық, дискриминация, кедейлік және соғыс әлемдегі 
100 миллионға жуық баланың білім алуына кедергі келтіріп отыр, оның 
60 пайызы қыз балалар (
The Independent, 
5 September 2005). Мектепке 
тұрақсыз бару немесе мүлдем бармау Біріккен Корольдікте де күрделі 
мәселеге айналып отыр. «Looked After Children, Travellers’ Children және 
School Age Mothers» сияқты нақты топтарға инклюзивті бағдарлама 
жасалды. Солтүстік Ирландиядағы соңғы бір зерттеуде сабаққа қатысу 
жүйесі кең таралғанын және сабаққа жақсы қатысқаны үшін қаламсап, 
сабаққа қатысудың ең үздік көрсеткішіне топпен шағын саяхат және 
сертификат секілді кішігірім сыйлықтар мен марапаттаулар беріле
-
тінін мәлімдейді (DoE, 2012). Игілікті білім беру қызметінің араласуы, 
ата-аналармен мықты байланыс, таңғы ас клубтары және сабақтан ке
-
йінгі іс-шаралар ең тиімді стратегиялар қатарына жатады. 
Соңғы жылдары психологтар мектеп фобиясы туралы жиі айтылып 
жүргенін байқаған (Tickle, 2009). Қазірден мектеп фобиясы немесе мек
-
тепке баруға қарсылық әрбір жиырмасыншы балада кездеседі. Бас айна
-
лу, құсу, шаршау, мазасыздану симптомдары ересек кезеңге де өтуі мүм
-
кін. Бір бала айтады: «Менің мектеп ғимаратына аллергиям бар. Өзіме 
қол жұмсау немесе әлдеқандай басқа қадамға бару ойымда жоқ, алайда 
мектепке барғым келмеді. Мұны мен істей алмайтын сияқтымын, аяғым 
жұмыс істемейді және бұл менің ығырымды шығарды» (McVeigh ішінде, 
2008). Мектеп білім жүйесіне немқұрайлы, тіпті жеккөрінішпен қарай
-
тын ата-аналармен және наразы оқушылармен қарым-қатынас орнату
-
да, түрлі қиындықтармен күресіп келе жатқанын бағаламай кету мүмкін 
емес. Жалпы орта білім беретін мектептің біріне жүргізілген зерттеуде, 
наразы оқушылармен сәтті байланысты қайта орнатқан мектептер оны 
оқушылардың талабын сақтай отырып, координациялық қадаммен ме
-
кемеаралық қызметтер арқылы жасаған (OFSTED, 2008a). 
Білім беру стандарттары басқармасы (2006) оқуда қиындықтары 
бар және мүмкіндігі шектеулі оқушылардың (LDD) үздік прогресс жа
-
сауына мүмкіндік беретін сипаттамаларды анықтады: адамгершілік 
қасиет, мықты мамандар, нақты кәсіби даму. Инспекция оқуда қиын
-
дықтары бар және мүмкіндігі шектеулі оқушыларға (LDD) білім беру, 
жалпы оқыту сапасы төмен болмауын тексеріп отырады. Дегенмен жо
-
ғары білімді, тәжірибесі мол маман-мұғалімдер оқушылардың қажетті
-
лігі күрделі болған кезде, оны қалай дұрыс бағалау мен жоспарлауды 
жақсы білді. Оқуда қиындықтары бар және мүмкіндігі шектеулі оқушы
-
ларды (LDD) оқытуда, тәжірибесі аз мұғалімдер әдетте әлеуметтенуге 
өте көп көңіл бөліп кетуі мүмкін. 


Инклюзив практиканы дамыту 
414
Оқушылардың талабын орындауда мұқият жоспарлап алудың ма
-
ңызы зор екені көп айтылады. Тәжірибелі мұғалімдер сыныптағы әр 
баланың талабына сай жұмыс жүргізеді және сабақты бәріне бірдей 
бере алады. Ричардс пен Армстронг (2011) мұғалімдерге сабақ жос
-
парын ерекше білім беру қажеттіліктері деп бөлмеу керектігін ескер
-
ту үшін «оқушылар қауымдастығы» идеясын пайдаланды. Авторлар
«Білім беруде ерекше қажеттілігі бар» (SEN), «Дарынды», «Ағылшын 
тілі қосымша пән ретінде» (EAL) сияқты түрлі топтарға арналған дәс
-
түрлі жоспарлау әдісі оқушылардың жеке талаптарын орындауда нәти
-
жесіз екенін айтады. Олар түрлі стратегияларды, әсіресе өте маңызды 
алуан тұжырымдамаларды пайдалана отырып, командалық оқыту, ара
-
лас топпен оқыту әдістерін қолдайды. 
Көру мен есту қабілеті нашар жағдайдағы кешенді қажеттілігі бар 
оқушыларға Брайл шрифті және белгімен сөйлесу сияқты арнайы әдіс
-
тердің оқыту мен оқу барысында пайдасы көп тиеді. Осыған ұқсас, ау
-
тизммен ауыратын балаларды оқытуда дистинктивті үйрету әдістері 
қолданылады. Білім беруде ерекше қажеттілігі бар оқушыларды оқыту 
стратегиясына шолу жасаған Дэвис пен Флориан (2004) кез келген жал
-
ғыз стратегияға қарағанда, көбіне әдістер комбинациясы мықты нәти
-
же береді деп қорытындылайды. Кейінгі зерттеулер оқуда қиындығы 
бар оқушыларды оқыту әдістерінің «үлкен айырмашылықтары жоқ, 
алайда оларды пайдалану білімі басқаша болуы мүмкін» екенін көрсе
-
теді (Hall, 2004; Daniels and Porter, 2007: 17). Инклюзивті оқытуды жос
-
парлағанда ескеретін кейбір сұрақтар 10.2-кестеде берілген. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   343   344   345   346   347   348   349   350   ...   510




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет