Дәрістер. Пәнге кіріспе



бет1/18
Дата07.04.2022
өлшемі395,5 Kb.
#138383
түріСабақ
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18
Байланысты:
основной лек


Дәрістер.


Пәнге кіріспе.
Отандық тарихты оқудың тұжырымдамалық негіздері.
2.Қазақ мемлекеттілігінің тарихи бастаулары мен сабақтастығы: ежелгі және ортағасырлар, жаңа дәуір.
3.Қазақстанның қазіргі заман тарихының басты мәселелерінің өзектелігін айқындау.

1,2 дәріс


1.«Қазақстан Республикасында тарихи сананы қалыптастырудың тұжырымдамасы».
2.Қазақстанның қазіргі заман тарихының кезеңделуі.
3.Қазақстанның қазіргі заман тарихының тарихи деректері мен тарихнамасының талдануы.

Республикамыз тәуелсіздік алғаннан кейін ата тарихымыз бен мәдени құндылықтарымызды ыждағаттылықпен қайта зерттеуге кірістік. Азаттықпен келген шығармашылық бостандық тарих ғылымында да түбейгелі өзгерістерге жол ашты. Жоғары оқу орындарында Қазақстан тарихы пәнін оқытуға ерекше мән беріле бастады. Өйткені, тарих - ғылым мен пән ретінде аса маңызды білім саласына жатады. Бүгінгі жас ұрпақ өз елінің, жерінің, ата-бабаларының тарихын біліп, оның жақсысынан үйреніп, жаманынан жиреніп қорытынды жасауы тиіс.


Дүниежүзінің атақты ойшылдары мен ғалымдары тарихтың қоғамдағы алатын орнына жоғары баға берді. Мәселен, Әбу-Насыр әл-Фараби: «Тарихты білмей - өткенді, қазіргі жағдайды білу, келешекті болжау қиын», - десе, Н. М. Карамзин: «Тарих әрбір ұлттың ең басты кітабы», - дейді. Ал Н. Г. Чернышевский: «Тарихты ақыл-иесі толық дамымаған адам ғана сүймеуі мүмкін», - десе, бұл ойды XX ғасырдың бас кезіндегі қазақ ғылымы мен білімінің хан тәңірісі А. Байтұрсынов былай деп жалғастырады: «Сөздің ең ұлысы, ең сипаттысы – тарих».
Тәуелсіз Қазақстан жағдайында оның мемлекеттік мүддесіне сай халықтың тарихи санасын қайта қалыптастыру елдің айқын келешегі мен ұрпақтар сабақтастығы үшін аса маңызды екені белгілі. Бұл тұрғыда тарих ғылымының атқарар рөлі де, көтерер жүгі де, елдің ұлттық нышанын, тарихи дәстүрі мен мәдениетін сақтап, келер ұрпаққа жеткізу жауапкершілігі де зор.
Кеңес дәуірі жылдарында Қазақстан тарихын зерттеп, жазудың мақсаттары мен тақырыптық жүйесі КСРО тарихының мүддесіне бағындырылып, таптық қоғам мұраттарына сәйкес белгіленген шеңберде ғана жүргізіліп келді. Қазақ халқының, кала берді, бүкіл Республиканың тарихы, әлемдік тарихи эволюция үрдісінен тыс, көш соңында қалған шалғай елдің тарихы ретінде қарастырылды. Қазақ халқының аса бай мәдени және тарихи мұрасы, көшпелі өркениеттің дүние жүзілік тарихта атқарған рөлі жете бағаланбады. Дүние жүзілік мәдениетінің дамуы тек отырықшы өмір салтына және шаруашылық жүргізуге байланыстырылды. Адамзат тарихы мен техниканың барлық жетістіктері европалық өркениетке ғана телінді. Екіншіден, Қазақстан тарихын шындап зерттеу тек кеңес дәуірінде ғана қолға алынды деп саналып келді. Сөйтіп, тоталитарлық СОКП идеологиясының ыңғайына қарай бейімделіп, қазақ қоғамының тарихи ой-жүйесінің дамуындағы сабақтастық жасанды түрде бұзылды. Осының нәтижесінде орта ғасырлардағы түркі тілдес халықтардың тарихына байланысты жазылған шығармалар, XVIII-XIX ғасырлардағы авторлардың жазғандары, тіптен бертінде өмір сүрген, ХХ ғасырдың бас кезіндегі қазақтың зиялы қауымы өкілдерінің шығармалары есепке алына бермеді. Қазір ол еңбектер бағзы заманды бүгінгі күннің терең өзгерістерімен байланыстыратын дәнекер есебінде бағаланады.
Тарих дегеніміз - халықтың зердесі. Ол болып өткен, оны түзете алмайсың және оның бір түсін екіншісімен ауыстырып, жаңадан жаза алмайсың. Біз оны бүкіл қайшылықтарымен және қайғылы беттерімен қоса, ол қандай болса нақ сондай, бүкіл алуан түрлі, тұтас күйінде қабылдауға тиіспіз.
Өткеніміз бен бүгініміздің, тапқанымыз бен жоғалтқанымыздың тағылымын түйіндеуге Елбасымыз Н.Назарбаевтың өзі мән беріп, 1999 жылы «Тарих толқынында» деген еңбегін жариялады. «Қазақстанның сана-сезімі, - деп тұжырымдайды Президентіміз Н.Назарбаев, - өткендегі, қазіргі және болашақтағы тарихтың толқынында өзінің ұлттық «МЕН» дегізерлік қасиетін түсінуге тұнғыш рет енді ғана мүмкіндік алып отыр... Бірақ бұл мүмкіндік қана: ол шындыққа, тек қазақтардың ғана емес, барлық қазақстандықтардың жаппай санасына орныққан фактіге айналуы қажет». (Назарбаев Н. Тарих толқынында. – Алматы: Атамұра, 1999. Б. 292-293)
Соңғы жылдары қоғамдағы өзгерістермен бірге тарих ғылымында да маңызды бетбұрыстар болып жатыр. Қазақстан тарихының ең елеулі ақтаңдақтары жойылып келеді. Қазақстан Республикасының Президент жанындағы Мемлекеттік саясат жөніндегі ұлттық кеңес қабылдаған «Қазақстан Республикасының тарихи санасын қалыптастыру тұжырымдамасында» атап өтілгендей, өткенді және қазіргіні ой елегінен өткізу қажеттігі Қазақстанның, оның халқының тарихи тағдырына талдау жасауды жандандырып, тереңдете түсуді мейлінше талап етеді.
Қоғамның обьективті тарих біліміне ынта-ықыласы мен қажеттігін, Қазақстан тарихы үрдісінің үздіксіздігін, қазақ халқы тарихы мен мәдениетінің ежелден бастап қазіргі күндерге дейінгі сабақтастығын жаңа айқындамалар түрғысынан ашып көрсету - бүгінгі жас ұрпақты отансүйгіштікке, патриоттыққа тәрбиелеудегі алдымызда тұрған аса маңызды міндеттердің бірі. Сондықтан да Қазақстан тарихының курсы жеке пән есебінде жоғарғы оқу орындарындағы барлық мамандықтардың оқу жоспарларына енгізілген.
Қазақстан тарихының көне дәуірден бастап қазіргі кезеңге дейінгі тарихын зерттеу студент жастар алдында қоғамның дамуы туралы ғылыми түсінік қалыптастыру үшін, дүниетаным тұрғысынан адамзат өркениетінің мол байлығына қатысты пікір түю үшін, өз халқымыздың тарихын барлап, оның мәдени құндылықтары мен дәстүрлерін игеру үшін аса маңызды қызмет атқарады.
Курстың негізгі міндеті студент қауымының Қазақстан тарихын қазақ мәдениетінің ажырамас бөлігі ретінде игеруі болып табылады.
Тарих ғылымы - қасиетті ғылым. Ол бұра тартуды да, әсіресе бояуды да, «ақсақты тыңдай, өтірікті шындай» соғуды да көтермейді. Оның өлшемі - шындық, ақиқатқа жүгіну.
2 дәріс Қазақстандағы тәуелсіздіктің тарихи алғышарттары: ұлттық мемлекет құру идеяларының кезеңдері
1.ХХ ғасыр басындағы Қазақстандағы әлеуметтік-экономикалық жағдай.
2.Қазақ зиялыларының қалыптасуы: әлеуметтік құрамы, білімі, қызметі. Жәдидтік ағартушылық ойларының Ұлы Дала еліне ықпалы.
3. 1905 жылғы 17 қазандағы патша манифесі. Қазақтардың Ресейдің І – ІІ Мемлекеттік Думаларының жұмысына қатысуы.
2,2 дәріс
1.Бірінші дүниежүзілік соғыс жылдарындағы Қазақ өлкесі.
2.1916 жылғы ұлт-азаттық көтеріліс, оның себептері, қозғаушы күштері, басталуы, барысы және негізгі кезеңдері.
3.Ресейдегі ақпан буржуазиялық-демократиялық революциясы және оның Қазақстанға ықпалының ерекшелігі.
4.1917 жылдың жазындағы саяси дағдарыс. Шілдедегі Жалпықазақ съезі және оның Алаш партиясын құру туралы шешімі.

Ресей империясы қазақ жерінде ХІХ ғасырдың 60-90 жылдары әкімшілік-территориялық реформалар жүргізді. 1867 жылы “Жетісу және Сырдария облыстарын басқару туралы уақытша ереже” бекітілді, ал 1868 жылы Орынбор және Батыс-Сібір генерал-губернаторлығын басқару туралы уақытша ереже бекітілді. Осы ережелерге сәйкес бүкіл Қазақстан территориясы Түркістан, Орынбор және Батыс-Сібір генерал-губернаторлығына бөлінді. Барлық билік – азаматтық, әскери биліктер бір ғана генерал-губернатордың қолында болды. Орынборға Орал мен Торғай облыстары, Батыс-Сібірге Ақмола мен Семей облыстары; Түркістанға Жетісу мен Сырдария облыстары кірді. Бұрынғы Бөкей хандығының территориясы Астрахан губерниясының құрамына, Маңғышылақ 1870 жылы Кавказ әскери округының құрамына кірді. Генерал-губернаторлар тағайындап отырған уезд бастықтарына көмекші екі кісінің біреуі жергілікті шонжар тап өкілдерінен алынды. Уезд бастықтарына полиция да, әскери бөлімдер де, уездегі мекемелер де, бекіністер де бағынды. Уездер территориялық пинципке негізделген болыстарға, ал болыстар 100-200 шаңырақтан тұратын ауылдарға бөлінді.


1867-1868 жылдардағы реформалар арқылы әскери-сот комиссиялары мен уездік соттар құрылды. Сот мекемелері Ресей империясының отаршылдық саясатын жүргізу құралы болды. Уездік және әскери соттар бұқараны қанауды үдетті. Реформа арқылы отарлық басқару, билік нығайтылды.
ХХ ғасырдың бас кезінде Қазақстан Ресей империясының капитализмге дейінгі өндірістік қатынастар басым болған аграрлы-отарлық шет аймағы болды.
Отарлаушылар қазақ халқының жері мен оның табиғи байлығының көп бөлігін иелік етіп қана қоймай, сонымен бірге қазақтарды рухани жағынан отарлады. Халықты тілінен, дінінен, жерінен айыру бағытында қатыгездікпен ойластырылған шараларды жүзеге асыра бастады.
Бұл жөнінде Міржақып Дулатов 1907 жылы жазылған “Қазағым менің, елім менің” – атты мақаласына былай деп ашына жазған еді: “Ең алдымен қазақ халқы – Россияға тәуелді халық, оның ешқандай правосы жоқтығы кек тудырады. Халықтан жиналған салық қаражатының көп бөлігі халыққа тіпті керек емес нәрселерге жұмсалады.
Енді патша чиновниктері біздің дінімізге, атадан мұра болып келе жатқан әдет-ғұрыптарымызға тиісе бастады, діни кітаптарды тұтқынға алды”.
ХХ ғасырдың бас кезінде Ресей империясында таптық күрес шиеленісе түсті. Патша үкіметі осы таптық күресті шешу мақсатында қазақтардан көптеген жаңа жерлерді тартып алып, оған Ресейден орыс шаруаларын жаппай қоныс аудара бастады.
Ресейден қоныс аударған шаруалар салықтан, әскерден босатылды. Оларға алғашқы кезде ақшалай жәрдем берді. Бұл Қазақстанға қоныс аударған орыс шаруалары Ресей империясының Қазақстанды отарлауының тірегі болды.
Орыс шаруаларын Қазақстанға қоныс аудару, әсіресе Столыпинның аграрлық саясаты кезінде кең өрістеді. Бір ғана 1906 жылдан 1907 жылға дейінгі аралықта қазақтардан 17 миллион десятина құнарлы жер тартып алынды. Қазақтарды құмды, шөлейт жерлерге ығыстырып тастады. Бұл қазақ халқының әлеуметтік-экономикалық жағдайының нашарлауына алып келді.
ХІХ ғасырдың ІІ-жартысында патша үкіметі шаруалар толқуын әлсіретіп, жер мәселесін шешу мақсатында орыс шаруаларын Қазақстан, Орта Азия сияқты ұлттың аймақтарға қоныс аударту мәселесін қолға ала бастады. 1868 ж. “Жетісуда шаруаларды қоныстандыру туралы” ереже қабылданды. 1870 жылдан бастап Ресей мен Украинадан Жетісу, Семей, Орал, Сырдария, Ақмола облыстарына көптеген шаруалар қоныс тепті. 1862-1877 жылы Қытайда ұйғырлар мен дүнгендердің азаттық көтерілісі болды. Көтеріліс нәтиежесінде Ұйғыр мемлекеті құрылды. Кейін Цинь империясы Ұйғыр мемлекетін құлатты, Цинь империясының қыспаққа алуы, ұйғырлар мен дүнгендердің Қазақстанға қоныс аударуына себеп болды.
1883 жылы “Жетісу облысына орыс, ұйғыр, дүнгендерді орналастыру туралы” ереже қабылданды. Қоныс аударған ұйғырлар саны 45000, дүнгендер саны 5000 болды. Жаркент, Ақсу, Ақкент, Малыбай, Қарасу, Қорамса болыстарының негізін ұйғырлар қалады. 1897 жылы Жетісудағы ұйғырлар саны 55999 адамға; дүнгендер саны 14136 адамға жетті.
ХХ ғасырдың бас кезінде Ресейден, Украинадан Қазақстанға 1,5 миллионға жуық адам келді.
1897 жылы Бүкіл Ресейлік халық санағы бойынша қазақтар өз жеріндегі халықтың 81% құраса, 1914 жылы олардың саны 65%-ке төмендеді.
Сонымен бірге ХХ ғасырдың бас кезінде Қазақстанға капиталистік қатынастар ене бастады.
Қазақстанда негізінен кен қазып шығару және тау-кен зауыттары, өңдеуші кәсіпорындар дамыды.
Тау-кен өнеркәсібі түсті металдар мен темірдің бай кен орындары Алтай мен Орталық Қазақстанда өркендеді. ХХ ғ. басында Қазақстандағы мыс, алтын, темір және басқа қазба байлықтар шығаратын тау-кен өнеркәсібі шетелдіктердің қолында боды.
ХХ ғ. бас кезіндегі тау-кен өнеркәсібінің басты салаларының бірі алтын шығару болды. Екібастұзда, Қарағандыда, Саранда көмір кен орындары пайдаланылды. Сондай-ақ тұз өндіру ісі де біршама дамыды. Семейде, Павлодарда тұз кәсіпшіліктері болды. Батыс Қазақстандағы Орал-Ембі аймағында мұнай шығарылды.
Жалпы алғанда ауыл шаруашылық шикізаттарын өңдейтін, теріден былғары жасайтын, май шыжғыратын, сабын қайнататын, спирт шығаратын кәсіпорындар басым болды.
1901-1905 жылдары Орынбор-Ташкент темір жолы салынды.
ХІХ ғасырдың аяғына қарай шаруашылықтың дамуына байланысты Қазақстанда банкілер пайда болды. Орал банкісі (1876 ж.), Қызылжар банкісі (1881 ж.), Семей банкісі (1895 ж.), Омбы банкісі (1895 ж.), Верный банкісі (1912 ж.) ашылды. Капиталистік қатынастардың дамуына байланысты сауда, айырбас ісі қанат жайды. ХІХ ғасырда қазақ даласында сауда ісінде маңызды орын алған көптеген жәрмеңкелер ашылды. Алғашқы жәрмеңке 1832 ж. Бөкей ордасында ұйымдастырылды. 1848 ж. Қазақстандағы ең ірі жәрмеңке Талдықоянды деген жерде ашылды. Қарқара жәрмеңкесі, негізінен Қытаймен сауда жасайтын ірі орталық болды. 1880 ж. Қазақстанның шығыс өңірінде 70-ке жуық маңызды сауда орталығы (жәрмеңке) болған.
ХІХ ғасырдың І-жартысында Қазақстан, Қытай Шынжаң араларында сауда байланысы дами түсті. Екі ел арасындағы ірі сауда орталықтары: Бұқтырма, Кереку, Өскемен бекіністері мен Семей, Қызылжар (Петропавл) қалалары.
Ресейдегі 1905-1907 жылдар аралығында болған бірінші буржуазиялық-демократиялық революция Қазақстан еңбекшілерінің саяси оянуына, ұлт-азаттық қозғалыстың дамуына әсер етті.
1905 жылғы Петербургте болған қанды жексенбі оқиғасы Қазақстанға да тарады. Соған байланысты Түркістан, Шалқар, Перовск, Жосалы темір жолшылары ереуілге шықты.
Сонымен бірге бұл революция қазақ зиялыларының саяси көзқарасының қалыптасып, қоғамдық-саяси қызметке араласуына ықпал жасады.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет