- КӨРНЕКІ БЕЙНЕЛІ
- СӨЗДІК ҚИСЫНДЫ
- ҚОЗҒАЛЫС ҚИМЫЛДЫ
- КӨҢІЛ ШАРПУЛЫ
ЕСТІҢ ТИПТЕРІ - Сезімдік әсердің тікелей, нақты ізі
- Қысқа мерзімді ес
- Ұзақ мерзімді ес
ЕС ТҮРЛЕРІ - Әрекеттегі басымдау болған психикалық белсенділіктің сипаты бойынша ес- қозғалысты, сезімдік, бейнелі және сөз- логикалы болады
- Іс- әрекет мақсатына орай ес- ырықты және ырықсыз болуы мүмкін
- дүниелік іс- әрекеттегі рөлі мен орнына тәуелді жатталып, сақталу мерзіміне байланысты- қысқа және ұзақ мерзімді, қызметтік естер болып ажыратылады
ҚОЗҒАЛЫСТЫ ЕС - Әрқилы қимыл- қимыл қозғалыстар мен олардың бірлікті жүйесін есте қалдырып, сақтап және қайта жаңғырту
СЕЗІМДІК ЕС - Басымыздан өтіп, есімізде сақталатын сезімдер әрқашан бізді әрекетке ынталандырады, немесе өткендегі жағымсыз әсерлерге тап келтірген оқиғалардан сақтандырады
БЕЙНЕЛІ ЕС - Елестерге, табиғат көріністеріне, сонымен бірге дыбыстар, дәмге негізделген жад іздері. Ол көру, есіту, сипай сезу, иістік және дәмдік болып бөлінеді. Егер көру, есіту естері әрбір жете дамыған адамның өмірлік бағыт- бағдарында қалыптасатын болса, онда сезімдік, иістік пен дәмдік естер адамның кәсіптік қасиеттеріне жатады
СӨЗДІК- ЛОГИКАЛЫ ЕС - Мазмұнына біздің ой- өрісіміз кіреді. Сөзді логикалық, мағыналы есте басты мән екінші сигналдық жүйеде. Сондықтан, қарапайым формадағы қозғалыс, бейнелі және эмоционалды естер жануарларда да байқалатын болса, мағыналы ес түрі адамға ғана тән қасиет
ҚЫСҚА МЕРЗІМДІ ЕС - МАТЕРИАЛДЫ АЗ УАҚЫТ АРАЛЫҒЫНДА ҒАНА САҚТАУ
НАҚТЫ ҚЫЗМЕТТІК ЕС - Адамның нақты іс- әрекет мезеті мен қажетіне орай қозғалыстар және қимылдарды орындауына байланысты іске қосылады. Қызметтік естің жоғарғы деңгейде, нәтижелі болуы адамның ниетті жаттығуларына байланысты
ЕСТІҢ АССОЦИАТИВТІК ТЕОРИЯСЫ - Дүние заттары мен құбылыстарының есте орнығуы мен қайта жаңғыруы бірінен бірі бөлектенген күйде емес, өзара байланысты “топталған не тізбектелген” қалыпта жүреді. Осы процеске тәуелді мида есте қалдыру мен қайта жаңғыртудың физиологиялық негізі- уақытша жүйке байланыстары түзіледі. Мұндай байланыстар психологияда ассоциациациялар деп аталған. Ассоциациалардың бірі заттардың уақыт пен кеңістіктегі қатынас бейнесінен, яғни жанасу ассоциациясы, екіншісі- олардың ұқсастығынан туған бейнеден, яғни ұқсастық ассоциациясы, үшіншісі – қарама- қарсылыққа негізделген контрастық ассоциациясы, төртіншісі себеп- салдарлы қатынастардан туындайтын каузальдық ассоциация
ЕСТІҢ НЕЙРОНДЫҚ ТЕОРИЯСЫ - Есте қалдыру мидың электрлік белсенділігімен, яғни мидағы химиялық не құрылымдық белсенділік қандай да бір жолмен ағзадағы электр қуатын арттырады
- Нәсілдік негізде жаткан химиялық процестер ашылуымен ғылымда сол процестің есте қалдыруға ықпалы жоқ па деген ой пайда болады
ЕСТІҢ БҰЗЫЛУЫ Гипомнезия естің нашарлауы. Ми тамырларының атеросклерозында, ми зақымданғанда жиі кездеседі. Амнезия бір мерзімінің оқиғалардың толығынан естен шығуы. Гипермнезия естің өткірленуі, әсіресе өткен жағдайларда. Парамнезия жалған ес, естің кемістіктерін ойдан шығарып толтыру не оқиғаларды уақыттан ауыстыру. Қолданылған әдебиеттер: - Аймауытов Ж. Психология.- Алматы, 1995.
- Алдамұратов Ә. Қызықты психология.- Алматы, “Қазақ университеті”, 1992.
- Алдамұратов Ә. Жалпы психология.- Алматы, “Білім” 1996.
- Әбдірахманов А.,Жарықбаев Қ. Психологиялық орысша- қазақша сөздік.- Алматы, “Мектеп”, 1976.
- Елеусізова С. Қарым- қатынас психологиясы.- Алматы, 1995.
- Жарықбаев Қ., Озғанбаев О. Жантануға кіріспе.- Алматы, 2000.
- Жарықбаев Қ. Жүсіпбек Аймауытұлының психологиялық көзқарастары.- Алматы, 2000.
- Жарықбаев Қ.Қазақ психологиясының тарихы.- Алматы, 1996.
- Мұқанов М. Ақыл- ой өрісі.- Алматы, 1980.
- Тәжібаев Т. Жалпы психология.- 2000.
Достарыңызбен бөлісу: |