Бағдарламасы аясында іске асырылды Russell Grigg becoming an outstanding primary school teacher



Pdf көрінісі
бет344/510
Дата19.03.2022
өлшемі5,81 Mb.
#136229
түріБағдарламасы
1   ...   340   341   342   343   344   345   346   347   ...   510
Байланысты:
grigg rassell bastauysh mektep mugalimi sheberlikti shyndau
диплом 20, диплом 20, диплом 20, Абай өлеңі, азия, Ақыл ой жан қуаты, Тест cұрақтары ББ IT қолдану Студентке, кіріспе практика, кіріспе практика, кіріспе практика, кіріспе практика, кіріспе практика, кіріспе практика, кіріспе практика, Резюме
10.2-ҚОСЫМША. 
ХАЛЫҚАРАЛЫҚ КӨЗҚАРАС: ИНКЛЮЗИЯ 
Көптеген мемлекеттердің инклюзивті білім беруді алғаш қолға алуы Біріккен 
Ұлттар Ұйымының тарихындағы халықаралық деңгейде ең көп ратифика-
цияланған – Бала құқығы жөніндегі Конвенцияны қабылдауынан басталады
(БҰҰ, 1989). Кейіннен Саламан декларациясы қабылданды (ЮНЕСКО, 1994:11). 
Ол «барлық балалар кез келген жерде қандайда бір қиындықтарына немесе 
ерекшеліктеріне қарамастан бірге оқуы керек» деп нақтылай түсті. Бірақ қа-
зір Еуропа Одағының барлық елдері инклюзияны жүргізу саясатын орындап 
отырса, бұрынғы Кеңес Одағында болған мемлекеттердің көбі бөлек оқыту 
тәжірибесінде қалып, соны қолдайды. Италияда балалар Арнайы құқыққа ие 
(Арнайы қажеттіліктен гөрі). Мұнда барлық балалардың үнін (құқын) тыңдауға 
басымдық береді. Монтенегро педагогикалық орталығы инклюзивті білім бе-
руге көптеген бағдарламалар дайындады. Мысалы, Рим оқушыларына тең құ-
қылы білім беру бағдарламасы. Білім беру саласында байланыс орнату және 
Еуропаның ерекше қажеттілігі бар балаларға білім беруді дамыту жөніндегі 
агенттігі сияқты ұйымдар дүниежүзіндегі озық тәжірибелерді анықтап, жинақ-
тайды. 


Инклюзив практиканы дамыту 
410
ақпарат беттерінде бірнеше оқиғалар бар. Білім беру стандарттары 
басқармасы (2010) арнайы мектептер, инклюзияны қабылдаған қатар
-
дағы жалпы орта білім беретін мектептер немесе арнайы ұйымдардың 
бірде-бір моделінің бір-бірінен асқан тиімділігі байқалмайтынын анық
-
таған. Дегенмен «барынша жетік немесе үздік ресурстармен қамтама
-
сыз етілген жалпы орта білім беретін мектептерде жақсы жағдай жа
-
салғанын» айтады. 
Коалиция үкіметі ата-аналар мен балалар өздерінің білімдеріне қа
-
тысты шешімдерге араласа алатын «отбасылық жүйені» дамыту арқы
-
лы ерекше қажеттілігі бар балаларға білім беруге өзгеріс енгізуді жос
-
парлап отыр. Көптеген зерттеулер мүмкіндігі шектеулі балаларды ба
-
ғып отырған ата-аналар қиындық көріп жүргенін көрсетеді (European 
Commission, 2013). Олардың көбі мүмкіндігі шектеулі баланы бағуда 
қойылатын міндеттерден өздері шаршайды, әрі оқшау қалғандай се
-
зінеді. Білім беруде ерекше қажеттілігі бар балалардың ата-анасын 
инклюзивті оқытуға жұмылдыру өте маңызды. Үкіметтің келісімімен 
жергілікті басқармалар маманның көмегі, тренинг, мектепке апарып-
әкелу, процедураларды анықтау мен бағалау детальдарынан тұратын 
және білім беруде ерекше қажеттілігі бар балалар мен жасөспірімдер
-
ге қамқорлық, денсаулық және білім сапасы туралы ақпарат беретін 
«жергілікті ұсыныспен» қамтамассыз етеді. 2014 жылдан бері жаңа Тә
-
жірибе кодексі «мектеп әрекеті», «мектеп әрекетіне қосымша», «мәлім
-
демелер» моделін жеке оқушыларға арналған біріктірілген білім беру, 
денсаулық және қамқорлық жоспарымен алмастырды. Сонымен қатар 
үкімет білім беруде ерекше қажеттілігі бар балалар мен жасөспірім
-
дердің қатардағы жалпы орта білім беретін мектептерде оқуын және 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   340   341   342   343   344   345   346   347   ...   510




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет