Бағдарламасы аясында іске асырылды Russell Grigg becoming an outstanding primary school teacher



Pdf көрінісі
бет349/510
Дата19.03.2022
өлшемі5,81 Mb.
#136229
түріБағдарламасы
1   ...   345   346   347   348   349   350   351   352   ...   510
Байланысты:
grigg rassell bastauysh mektep mugalimi sheberlikti shyndau
диплом 20, диплом 20, диплом 20, Абай өлеңі, азия, Ақыл ой жан қуаты, Тест cұрақтары ББ IT қолдану Студентке, кіріспе практика, кіріспе практика, кіріспе практика, кіріспе практика, кіріспе практика, кіріспе практика, кіріспе практика, Резюме
Қарастыратын 
аспектілер
Басты сұрақтар
Оқыту мақсат-
тары
„
Оқыту мақсаттарын қалай жеке оқу жоспарының қажеттіктеріне қатысты 
етіп жасау? 
„
Сыныптың оқыту мақсаттарын қалай өзгертуге немесе меншіктеуге бола-
ды? 
„
Жеке оқушылардың когнитивті, эмоциялық, физикалық және сенсорлық 
қажеттіліктері не? 
Мазмұны (идея, 
дағды, құнды-
лықтар)
„
Мазмұн жақсы әрі сәйкес келе ме? 
„
Бұл алдыңғы өткен сабақтарға негізделе ме? 
„
Мазмұнды қалай байланыстыратын боламын? 
„
Мазмұнды шағын бөлімдерге қалай бөлемін? 
„
Әртүрлі оқушыға әртүрлі оқыту стилін қолданатын боламын ба? 
Сөздік
„
Қарапайым тілмен жеткізіп тұрмын ба? 
„
Мен түсінікті және нақты айтамын ба? 
„
Тапсырма парақшаларында анық құрылымды сөйлем мен қарапайым 
сөздерді пайдаландым ба? 
„
Көлемді мәтіндерді бөлімдерге бөлдім бе (мысалы, тақырыпша, абзац, 
негізгі ой белгілерін қойып)? 
„
Әнге арналған визуалды сөздікпен қамтыдым ба? 
„
Кілт сөздер тізімін дайындадым ба? 
Қоршаған орта
„
Сыныпта жарық жеткілікті қамтылған ба? 
„
Сынып өте ыстық болғанда терезені аштым ба? 
„
Әр оқушыға жеткілікті орын бөлінген бе? 
„
Барлық оқушылардың еркін қозғалуына орын жеткілікті ме? 
„
Орынға орналастыру, жақсы есту мен көруді ескеріп жасалған ба? 
„
Барлық оқушыға көрініп тұру үшін мен қай жерде тұруым керек? 
„
Сыныптағы физикалық немесе сенсорлық ақаушылығы бар оқушыларға 
сабақ қолжетімді екеніне қалай көз жеткіземін? 
Мұғалімнің рөлі
„
Жеке оқушылармен жеке уақыт бөліп, бөгеле аламын ба? 
„
ЕББҚ оқушыларды сабаққа араластыру үшін көз байланысы мен басқа да 
бейвербал қимылдарды пайдалана аламын ба? 
Ресурстар
„
Негізгі ресурстарға қолжетімді ме (жақын ба)? 
„
Мен PowerPoint пайдаланғанда ондағы слайдтарда мәтін өте көп пе? 
„
Менің презентациям ашық, түстері сәйкес және нақты ма? 
„
ЕББҚ оқушылар өздерінің оқу мүмкіндіктерін кеңейту үшін АКТ-ны пайда-
лана ала ма? 
„
Сенсорлық ақаулығы бар оқушылар өз құралдарын (есту аппараттары, 
микрофон) дұрыс қолданып отыр ма? 
„
Ресурстарды барлық оқушы таба алатындай олардың аты жазылып, өз 
орындарында тұр ма? 
Қосымша 
ересектер
„
Бұлар өз рөлдері туралы жақсы ақпараттанған ба? 
„
Олардың оқушыларды қолдауға жұмсалған уақыты қадағалана ма және 
мұғалімнің қолдау деңгейімен салыстырыла ма? 
Әлеуметтік және 
эмоциялық мәсе-
лелер
„
Бұл баланың сабақа араласып отыруы үшін мен қалай көмек бере аламын? 
„
ЕББҚ оқушылардың жанына кім отыратын болады ? 
„
Орынды мінез-құлықтың ара-жігін нақты ажыратып алдым ба? 
„
Болуы мүмкін қиындықтар мен триггерлерді жобалап біліп отырмын ба 
және оларды еңсеру үшін мен не істейтін боламын? 
Бағалау
„
Сабақ соңында әр оқушының өзін маңызды, сабаққа көңілі толатынын қа-
лай біле аламын? 
„
Бір оқушының сабағы/мінез-құлқынан нені іздеймін, не күтемін? 
„
Оқушыларды өз бағалауларына қалай араластыра аламын? 


Инклюзив практиканы дамыту 
416
Ассистенттердің ресми кәсіптік тәжірибесі мен біліктілігінің бол
-
мауына қарамастан, мұғалімдер оларды «сарапшы» ретінде көреді. Бі
-
лім беру институтының (IOE) есебіне сәйкес, жеке-жеке оқытылатын 
білім беруде ерекше қажеттілігі бар оқушылардың негізгі пәндерден 
академиялық үлгерімі баяу, ал мұғалім ассистенттерінің санының қар
-
қынды артуының нәтижесіз екенін көрсетеді. Білім беруде ерекше қа
-
жеттілігі бар және ондай қажеттілігі жоқ оқушылар арасындағы үйле
-
сімдік, сонымен қатар бір уақытта қатар отырған оқушылардың әртүрлі 
оқу алғырлығы мен түрлі мәнерде оқуының арасындағы тепе-теңдікті 
ұстап отыру күрделі мәселе. 
Қатардағы жалпы орта білім беретін мектептің үздік мұғалімдері 
жеке оқушылардың талабына сай орындауда әріптестерімен біріге оты
-
рып жұмыс жүргізеді. Олар білім беруде ерекше қажеттілігі бар оқушы
-
лардың пікірі ескеріліп, құрметтелуі үшін оларды қатыстырып отырудың 
жолын қарастырады. Мұғалімдер сыныпта маман көмегін қажет ететінін 
оқушылар кездесерін білсе де, олар оқу процесіне баса назар аударып, 
соны үнемі ілгері дамыту жауапкершілігінен айнымайды. Мұғалімнен 
жақсы кеңес алған көмекші ересектер өздерінің нақты рөлін біліп алса, 
сол тәжірибе нәтижелі болады. Олар жоғары деңгейлі қарым-қатынас ор
-
натады. Мұғалім ассистенттері тыңдаушы, бақылаушы, дос, инициатор, 
медиатор, жауап беруші немесе гид рөлін ойнай білуі тиіс (Johnston and 
Nahmad-Williams, 2008). Оларға күнде өздерінің атқаратын рөлін айтып 
тұрған жөн. Қосымша көмек беруші ересектер білім беруде ерекше қа
-
жеттілігі бар оқушыларды Гростың (1996) «айналып өту» стратегиясы
-
мен оқытып, олардың оқудағы тіл білмеу сияқты қиындықтарын еңсеріп 
өтуіне көп көмек беруі мүмкін. Мысалы, олар жазудан қиналған баланың 
жауабын түртіп алып немесе таспаға жазып қоюы мүмкін. Алайда бір
-
қатар авторлар білім беруде ерекше қажеттілігі бар балаларды қосым
-
ша қолдау мамандары оқытуы керек деген ұсынысқа күмәнмен қарай
-
ды (Webster and Blatchford, 2012). Оған қоса, Уеделл (2005: 5): «Оқытуда 
қолдау көрсетуші көмекшілерді [Learning Support Assistants] оқушыларға 
кіргізу, кейде сынып ішіндегі сегрегация болып көрінеді», – деп ескерте
-
ді. «Жекелеген оқыту» мұғалімдерді жеке қажеттіліктер мен қызығушы
-
лықтарға барынша жауапты қарап жұмыс істеуге жұмылдырады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   345   346   347   348   349   350   351   352   ...   510




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет