Бағдарламасы аясында іске асырылды Russell Grigg becoming an outstanding primary school teacher


Этникалық азшылық топтардан шыққан оқушылар



Pdf көрінісі
бет357/510
Дата19.03.2022
өлшемі5,81 Mb.
#136229
түріБағдарламасы
1   ...   353   354   355   356   357   358   359   360   ...   510
Байланысты:
grigg rassell bastauysh mektep mugalimi sheberlikti shyndau

Этникалық азшылық топтардан шыққан оқушылар 
Этникалық азшылық топтардан шыққан балалардың білім алу 
үлгерімдерінің теңсіздігі көп жылдардан бері қарастырылып келеді. 
Бұрын айтылып келген биологиялық негіздер көп уақыттан бері қол
-
данылмайды, кейде «нәсілдік» дискурстарда айтылып қалып жатады 
(Archer and Francis, 2006). Жалпы айтқанда, мектепте басқа этникалық 
топтарға қарағанда, үнді және қытай оқушыларының емтихан нәти
-
желері жақсырақ болып келеді. Орта есеппен қара нәсілді және Банг
-
ладеш пен пәкістандық оқушылар ақ нәсілді оқушылардан үлгерімі 
төмендеу. Бұл айырмашылықтар әлеуметтік-экономикалық фактор
-
лар негізінде болып жатыр. Этникалық азшылық топтардан шыққан 
балалардың көбінің әлеуметтік-экономикалық жағдайы төмен болып 
келеді: бангладештіктер, сығандар және Ирландиядан шыққан кезбе
-
лердің балаларының жартысынан көбі, ал пәкістандық және қара нә
-
сілді оқушылардың да шамамен үштен бірі мектептің тегін тамағын 
ішеді (Bhattacharyya, 2003).
Этникалық азшылық топтардан шыққан оқушылардың оқу үлгері
-
мін жақсартып отырған үздік мектептердің сипаттары ортақ. Олар ақ
-
талмайды, балалармен сөйлесуге уақыт бөледі, нәсілдікке қарсы күре
-
седі және мәдени алуандықты құрметтейді. Олардың қадағалап отыруы 
мен жұмысты мақсатты түрде жүргізу жүйесі қажеттіліктерді ерте бас
-
тан анықтауға және ресурстарды тиісті бөлуге мүмкіндік береді. Олар 
табыс пен жетістіктерді тұрақты түрде атап өтеді. Бұл мектептерде 
мықты жетекшілік пен инклюзивті саясат және практика, ата-аналар
-
мен жақын байланыс, жоғары нәтижені күтетін жетістіктер мәдениеті 
қалыптасқан және оқушылар қажеттілігін қамтамасыз етуге басымдық 
береді. 
Соңғы он жылда үкімет, жергілікті билік және ұйымдар этникалық 
азшылық топтардың жағдайын білім берудің барлық сатысында жақ
-
сарту жайлы практикалық нұсқаулық жасады (DCSF, 2009b). Қара нәсіл
-
ді балалардың оқу үлгерімін арттыру туралы бағдарламада жазылған 
ұсыныс-бастамалар сияқты кейс зерттеуін қарауға болады (Demie 
et al.,
2006; DCSF, 2010). Кариб елдерінен шыққан қара нәсілді балалардың 
оқу үлгерімін жақсартудың тиімді әдістері: 


Инклюзив практиканы дамыту 
424
„
менторлыққа африка-карибтік қара нәсілді ер мұғалімді алу; 
„
оқу бағдарламасын барынша мәдени тұрғыдан жақын және қолдан
-
балы жасау; 
„
оқылымға керекті сәи�кес материалдар мен басқа да ресурстарды да
-
и�ындау; 
„
афрокарибтік әдебиеттерді қараи� отырып сөи�леу, тыңдау, жазу дағ
-
дыларын арттыру және сөздік қорды баи�ыту. 
Алайда үкіметтің қара нәсілді балалардың оқу үлгерімін арттыру 
туралы бағдарламасын қарастырған кезде, мектеп қызметкерлері ара
-
сында қара нәсілді балалардың үлгерімі мен оған тиісті жұмыс жүргізу 
туралы нақтылық жоқ екені анықталды (Maylor 
et al.,
2009). Жақсы мұ
-
ғалім балалардың ерекшеліктерге деген табиғи қызығушылығын аша
-
ды, мысалы, түрлі мәдениеттегі артефакт, бейнелер, ән-биді пайдала
-
нуы мүмкін. Мультимәдениетті оқыту мен оны жоспарлауда көптеген 
жақсы ресурстар бар. Мысалы, Real Histories Directory (www.realhistories.
org.uk) сайтында «Миграция», «Діни фестивальдар», «Афро-америка
-
лықтар тарихының айы», «Құлдық», «Болмыс» тақырыптарына онлайн 
материалдар бар. Көп мектептер халықаралық шаралар ұйымдастыра
-
ды, шетелдік мектептермен байланыс орнатады және түрлі діни немесе 
этникалық топ өкілдерін шақырып, дәріс тыңдайды.
Ұлдар 
Сауаттылықтағы гендерлік айырмашылық бұрыннан бар халық - 
аралық тақырыпта айтылып жүрген мәселе, қыз балалар ұлдармен са
-
лыстырғанда жоғары стандарттарға жетіп отыр. Дәлелдер бастауыш 
сыныптың соңына қарай қыз балалар оқу, сөйлеу және жазу бойын
-
ша жақсы оқып, ұлдардан асып түсетінін көрсетеді (Maynard, 2002; 
Campbell, 2002). Ұлдардың «артта қалуы», Британияда бұрыннан бар 
мәселе және онымен шектелмейді. 1868 жылы Тонтон комиссиясы 
ұлдардың оқу стандартына қатысты алаңдаушылық білдірді. Қыз 
балалардың ұлдарға қарағанда, оқылым мен жазылым бойынша үз
-
дік болуы халықаралық мәселе болып тұр. Мысалы, АҚШ, Аустралия,
Шотландия және Голландиядағы жағдайды атап өтуге болады. Гендер
-
лік айырмашылықты азайтуға бағытталған педагогикалық әдістер: 
„
жұптасып немесе топтасып әңгімелесуге басымдық беру; 
„
қысқа, нақты, арнаи�ы әрекеттерді және тиісті жерінде барынша тұ
-
рақты үдемелі әрекеттерді істеу; 
„
АКТ барынша паи�далану; 
„
нақты, шынаи�ы және күрделі мақсаттар қою; 
„
сарапшының «жаңа оқушыға» қолдау көрсететін қатар оқу жүи�есі. 


Инклюзив практиканы дамыту 
425
Алайда ұлдарға ұнайтын қолдау стратегиялары қыз балаларға да 
ұнайтынын ескеру маңызды. Үкімет атынан зерттеу жүргізген Янгер 
мен Уорингтон (2005: 15) «ұлдарға арналған педагогика» идеясын қол
-
дамады, олар мәселе оқытудың сапасында екенін айтады. Балалар жа
-
зушысы Энтони Горовиц (2012) ұлдар қыз балалар сияқты оқымайды 
деген сарындағы талқылау «ұзын немесе қысқа» (бойлы) балалар тура
-
лы ойлағанмен бірдей маңызды деп айтады.
Ұлдардың оқуы туралы партияаралық комиссия (National Literacy 
Trust, 2012) ұлдардың қызығушылығына сай оқытып, оқудың пайда
-
сы туралы айтып және оқу барысына әкелерін араластыру керек деген 
белгілі кеңестерді қайталайды. Сонымен қатар мұғалімдерге балалар 
әдебиеті туралы білімін арттыруға көмектесетін әмбебап кеңес беру 
қызметін құруды ұсынады. Футбол және басқа да спорттағы ер адам
-
ның рөлін үлгі ету, көрсету ұлдардың кітапқа қызығушылығын ашуы 
мүмкін. Jamie Johnson серияларының авторы, бұрынғы футбол журна
-
лисі Фридман (2012) бастауыш мектептің балаларымен оқу және жазу 
қызығушылықтары туралы өз ойларын ортаға тұрақты салып, бөлісіп 
отырады. Үздік футбол және регби топтарының көбінде білімге қатыс
-
ты қызметкерлері болады. Білім мен инклюзияны футбол арқылы на
-
сихаттау, футбол лигасы мен оның жетпіс екі клубының басты тақы
-
рыптарына жатады. 
Тіл – көбіне білім жетістігіне жетудің көпірі (немесе кедергі). Ерте 
балалық шақ мекемесінің бірінде қызметкерлер балалардың көп жина
-
латын «байланыс тұстары» мен олардың көп ашылып сөйлей бермейтін 
тұстарын анықтаған. Олар ұлдардың аз ғана сөйлеп, көбіне физикалық 
іс-әрекеттерге жұмылатынын байқаған. Осыны ескере отырып қызмет
-
керлер балаларды бірлесе әрекет етуге әрі әңгімелесуге қолайлы болуы 
үшін бөлме дизайнын қайта жасап шықты. Мәселен, сумен ойнауға ар
-
налған алаңша жасады, мұнда балалар су арнасын жасап, бұрып отыруы 
қажет болады. Ұлдардың ойына негізделіп құрылымдық әрекеттер де 
жасалды. Бұл тапсырмалардың сәтті шығуы балалардың өзара қарым-
қатынасына байланысты болды.
«Гендерлік алшақтық» бойынша жалпы талқылаулардағы мәсе
-
лелердің бірі – ұлдар мен қыз балалардың салыстырмалы жетістіктері 
басты сұрақ ретінде тым қатты мән беріліп, кейбір мысалы, «ұлдардың 
қайсысы жақсы оқымайды және қай жағдайда?» деген сынды сұрақ
-
тардың қараусыз қалуында. Оқушылардың мектепте қалай оқығанын 
түсіну, қарастыру кезінде ұлты мен әлеуметтік табы сияқты басқа фак
-
торлар гендер мәселесін күрделендіріп жібереді. Мысалы, жұмысшы 
таптың кейбір ұлдарының орта таптан шыққан қыз балаларға қараған
-
да, академиялық оқу үлгерімі төмендеу, ал кейбір азиялық ұлдардың 
кейбір азиялық топтың қыз балаларымен салыстырғанда, оқу үлгерімі 


Инклюзив практиканы дамыту 
426
жақсы. Әлеуметтік жағдай мен ата-аналардың білім деңгейі баланың 
мектептегі жетістігін анықтауға ең дұрыс негіз болады деген бірнеше 
тұжырымдар бар (Smith, 2004). 
Томлинсонда келтірілген зерттеуде (2005: 198), орта және жұмыс
-
шы тап отбасынан шыққан ұлдардың мінез-құлқы бірдей болғанымен, 
орта тап ұлдары жақсы жетістіктер көрсеткен: «орта тап және кейбір 
азиялық ұлдар ер мінезді және оқуға бейім, талапты келетіні анық
-
талса, ал жұмысшы тап пен қара нәсілді ұлдарда ондай қасиет мүлдем 
кездеспейді». Ұлдардың оқу үлгеріміне кері әсер ететін негізгі фактор
-
ларға мынадай мектепішілік мәселелер де жатуы мүмкін: топқа бөлу, 
тапсырма беру, ресурстар, бағалау стратегиялары және оқыту стиль
-
дері. Бірақ қыз бала мен ұлдардың білім алуға деген талабына мұғалім 
жұмысының аясынан тыс факторлар да әсер етеді. Мысалы, үйдегі ата-
анасының үміт артуы, қоғамдағы еңбек нарығының талабы деген сияқ
-
ты (Arnot 
et al.,
1998). Ұлдардың оқу үлгеріміне әсер ететін басқа да мы
-
надай «ер мінездің жоғалуы» және соңғы кезде көп айтылып жүрген ер 
адамның рөлі сияқты аспектілерді жатқызуға болады (Browne, 2004). 
Кейбір зерттеушілер (Hannan, 1999; Noble and Bradford, 2000) ұлдар мен 
қыз балалардың оқу алғырлығы екі түрлі болады және мектептер оқы
-
ту әдістерін соған сай жүргізу қажет деп уәж айтады. Дэвис (2006) осы 
тақырыпқа қатысты пайдалы ой келтіреді (10.4-кесте). 
Миға жүргізілген зерттеуде ұлдар қыз балаларға қарағанда, кеш 
сөйлейді және көп тапсырманы қатар орындауға келгенде де баяу


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   353   354   355   356   357   358   359   360   ...   510




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет