«рас» газеті, 2008 ж. ҰСтаздық Әлеміндегі үш азамат



Дата14.12.2016
өлшемі0,52 Mb.
#3817



«РАС» газеті, 2008 ж.
ҰСТАЗДЫҚ ӘЛЕМІНДЕГІ ҮШ АЗАМАТ
Қазақстанда геология-геофизика ғылымының негізін қалаған Қ.Сәтбаев пен оның замандас ізбасарлары Ш.Есенов, Б.Оразаев, Т.Ақышовтардан кейінгі буынның ірі өкілдері, туғандарына биыл 70 жыл толып отырған құрметті ұстаздар – Р. Сейфуллин, М.Маемер, Д.Садықов. Геофизика саласында ұлттық ғылым мен білімнің дамуына әрқайсысы өзіндік үлес қосқан ұстаздар туралы жеке-жеке әңгіме қозғап, олардың төл сипатын тереңірек сөз етсек те еш артықтық етпес еді. Алайда, біз заманы да бір, еңбек еткен саласы да бір, тірілікте әзіл-қалжыңдары жарасып қатар жүрген, ұзақ жылдар бойы бір білім мекеме шаңырағы астында қызметтес болып келе жатқан, бірлігі жарасып жүрген азаматтар туралы айтарымыздың да біртұтас болғанын жөн көрдік.

.
Әрине, жақсы туралы кеңінен толғап, айта бергің келеді. Бірақ екінің бірі туралы ой толғап, мақала жазу еш мүмкін емес. Өйткені, бұрын-соңды араласпаған кісі жөнінде әңгіме қозғау шынайы болып шықпайды. Бұл ретте мен он жылдан бері бірге қызметтес, аралас-құралас болып келе жатқан әріптес азаматтар туралы не жазсам да артық болмайтынына сенімдімін.

Әрине, бір ғана мақала төңірегінде бүкіл саналы ғұмырын геофизика ғылым саласына арнаған ұстаздардың барлық қырларын былай қойғанда, біреуінің ғана өмірі, ғылыми шығармашылығы мен ұстаздық тәрбиесі жөнінде толық қамту мүмкін болмас еді. Сондықтан біз өз тарапымыздан кейінгі кезде өзіміз араласып жүрген әріптестер ретінде жекелеген қырлары жайлы сөз етпекпіз.

Біздің бүгін мерейтой иелері - сол 1938 жылы дүниеге келіп, кейінгі кезеңде геофизика саласынан жас мамандар дайындауда ұстаздық қызмет етуден қажымай келе жатқан замандас ағаларымыз – доцент Рауль Сейфуллин, аға оқытушы Мейрам Маемер мен профессор Дүйсен Садықов (аттарын туған айларына қарай орналастырып отырмыз), уақытында қысы-жазы демей дала аралап, қазақ елінің байлығын арттыруда кен орындарын ашып, елеулі еңбек еткен азаматтар. Үшеуіде 1961 жылы Қазақтың техникалық білім берудегі қара шаңырағы - тау-кен институтының геофизикалық барлау әдістері мамандығын тамамдаған, бір сөзбен айтқанда өмірлік тәжрибелері мол бір саланың мамандары.

1. Рауль Сейфуллин 1938 жылдың 1-нші қаңтарында, Қарағанды облысының Жезқазған кенішінде, белгілі геолог, Қазақстан Ғылым академиясының корреспондент мүшесі Саид Сейфуллинның отбасында дүниеге келді. Саид Сейфуллин, көпшілікке белгілі, академик Қ.Сәтбаевтың қызметтес серігі және әріптесі болған. Халық арасында, «алдыңғы арба қайдан жүрсе, соңғы арба сонан жүрер», деген мақал бар. Рекеңнің мамандық таңдауына, әрине әкесі мен қазақ арасынан шыққан алғашқы кәсіби геолог Қ.Сәтбаевтың ықпалы айтарлықтай әсер еткен.

Рекең білім ордасына 1984 жылы атақты Қ.И.Сәтбаев атындағы ғылым ордасынан - геологиялық ғылымдар институтынан келді. Бұл кісіні мәдениеттілігімен, сыпайылығымен, кішіпейілділігімен ерекшеленетінін онымен қызметтес әріптестері мен шәкірттері жақсы біледі. Мінезі мейлінше биязы, әсте дауысын көтеріп сөйлеуді білмейтін, кішіпейл қалпынан еш таймайтын, қашан көрсең де кісіге жылыұщырай, екі бетінен иманы төгіліп тұрған азамат. Ол кісі табиғатынан ұстаздыққа бейім болып жаралған.

Рекең өзінің парасатты ұстаз екендігін күні бүгінге дейін дәлелдеуде, жалдар бойы жинақтаған мол тәжрибесін студент жастарға үйретуден жалықпай келеді. Ұстаздың ұзақ жылдар бойы аянбай төккен маңдай тері университет тарапынан жоғары бағаланып, оған «ҚазҰТУ ардагері» және «Айрықша еңбегі үшін» медальдары тапсырылды.

Оқырман қауым, осы жерде Рекеңнің отбасы мен түлектерінің де мүддесін ойлай отырып, мемлекетаралық тілде бір-ер жылы ниетімізді білдірсек дедік.

Ещё с юных лет сам выбор будущей профессии Рауэля Саидовича был связан с именами и славными делами его отца, известного геолога, ученика и соратника К.И.Сатпаева, члена-корреспондента АН КазССР Саида Шагимердановича Сейфуллина и первого профессионального геолога, первого президента АН КазССР, академика К.И.Сатпаева. В 1955 году он поступает на геологоразведочный факультет КазГМИ, после окончания которого молодой специалист Р.С.Сейфуллин был направлен на работу в Казахский филиал ВИРГа, где в течение восьми лет проводил исследования по физическим свойствам горных пород и руд Казахстана. Решению этой проблемы посвящена его кандидатская диссертация, защищенная в 1971 году (досрочно, на втором году обучения очной аспирантуры) в стенах Института геологических наук под руководством известного металлогениста, знатока рудных месторождений, профессора В.Г.Ли.

В 1984 году Рауэль Саидович сменил тихий исследовательский кабинет в Институте геологических наук на беспокойную педагогическую жизнь КазПТИ им.Ленина. Многолетний опыт научно-исследовательской деятельности позволил ему читать лекции на высоком профессиональном уровне.

Рауэль Саидович внес большой вклад в подготовку и воспитание нескольких поколений казахстанских геофизиков. В том, что наш «политех» по уровню профессиональной подготовки геофизиков является одним из лидеров среди ВУЗов СНГ, есть большая заслуга Рауэля Саидовича Сейфуллина.

2. Туғанынп 70 жыл толып отырған аяулы ағаларымыздың тағы бірі – Мейрам Маемер (Маемеров) мамыр айының бірінші жұлдызында Алматы облысының Жамбыл ауданына қарасты Қарақыстақ ауылында дүниеге келген. Мәкең Қазақтың тау-кен институтын бітіргеннен кейін еңбек жолын 1961 жылы «Қазақстанмұнайгеофизика» тресіне қарасты Ақтөбе геофизикалық экспедициясында бастады. 13 жыл бойы, геологиялық өмірдің ыстығы мен суығына шындалған, оңы мен солын таныған қарымды маман, Ақтөбе өңірінің жерасты байлығы - қара алтын қорын зерттеп, жан-жақты барлауға елеулі үлес қосты. Бүгінде, әлемге әйгілі болып отырған Жаңажол мұнай-газ кенорнын ашуда Мәкеңнің еңбегі өте ауқымды. Сейсмикалық барлау саласында тұңғыш рет тұзасты шөгінділерінен шағылымдар алу әдістемесін енгізген мамандардың бірі, қазірде осы әдістеме арқасында талай тұзасты мұнай-газ кен орындары ашылды. Осы елеулі еңбектерін ескеріп, Қазақстан геология министрлігі шешімімен 1973 жылы, арнайы сыйлық - УАЗ автомашинасы силанды.

1974-1975 жылдары техникалық көмек көрсету мақсатында Въетнам Демократиялық Республикасында сейсмобарлау жұмыстарын жүргізіп, елеулі еңбегі үшін сол елдің орденімен марапатталды.

Саланы толық меңгерген, өз ісінің жетік маманның онбесжылдық далалық зерттеуден алған тәжрибесі, сейсмикалық материалды өңдеп талдауда өте қажет еді. Бұл екінің бірінің қолынан келе бермейді. Осы мақсатта 1976-1997 жылдар аралығында, Алматы маңындағы тәжрибелік экспедицияларда осы салада қызмет атқарды.

1998 жылы М.Маемер кәсіби қызметті ұстаздыққа ауыстырды. Сол кездегі кафедра меңгерушісі профессор Т.Ақышевтың шақыруымен Макең кафедраға аға оқытушысы болып ауысты. Өз қызметіне әр уақытта аса жоғары жауапкершілікпен қарайтын ағамыз, бұл қызметті де аброймен орындап, жүздеген жас мамандарға өмірге жолдама беруде. Университет түлектері ұлағатты ұстазын әр кезде жақсы ниетпен еске алып жүреді. Олардың көпшілігі елге танымал мамандар қатарына қосылып, еліміздің ірі мұнай-газ саласында жемісті еңбек етіп келеді. Міне, өмірдегі өшпес із дегеннің өзі осы болса керек

Мәкеңнің бойында көптеген адами қасиеттер бар. Ол ең алдымен – ұлтжанды азамат. Оның тағы бір елеп айтар қасиеті – көптің көңіліне қонар аталы сөз айтып жүрген азамат. Қайбір отырыс болмасын, дастарханының сәні – оған берілетін үлкеннің батасы, ал бахи кеткен азаматтарды еске алу – оған оқылатын құран. Мәкең отырған жерлерде мұсылманның бұл екі дәстүр-сауабы, өз орнымен орындалады.

Мәкеңнің өлең жазуға да қабілеті баршылық. Төменде, өз ойын өлең арқылы жұртшылыққа көрсетуге арнаған Мәкеңнің бір-екі шумақ өлеңін беріп отырмыз.

Қызық көрдім мынау фәни жалғаннан, Аллам маған денсаулық пен өмір бер,

Пенде болып құтылмадым арманнан. Білгенімді беріп кетем жастарға.

Дүниеге келгеннен соң адам боп, Соның үшін аянбастан төгем тер,

Жөн емес пе білім іздеп қамданған. Өкінбейін, өтпейін деп арманда!

Дамыл таппай келемін мен жүгіріп, Деп тілеймін арманым орындалсын,

Қалам-ғой деп бір күндері бүгіліп! Кеудемнен тек қуаныш орын алсын!

Халқым үшін қызмет ету парызым, Халқымды сүйсіндіріп мол еңбегім,

Соған ғана басымды ием жүгініп! Істерім өшпестей боп артта қалсын!
3. Жоғарыда аталған екі азаматпен түйедей құрдас (екі-үш ай кішілігін есептемегенде), көп жыл үзеңгілес жүріп еңбек етіп келе жатқан, қазақстандағы барлау геофизикасының көрнекті тұлғаларының бірі – геология-минералогия ғылымдарының докторы, профессор Дүйсен Садықов.

Дүйсекең Павлодар өңірінде шаруа жанұясында 5-інші қыркүйекте дүниеге келген. 1955 жылы осы облысқа қарасты Успенка ауданында орта мектепті бітіріп, Алматыға жолдама алды. Қазақтың тау-кен институтын жақсы бітірген жас маман еңбек жолын 1961 жылы Оңтүстік Қазақстан геофизикалық экспедициясында бастап, екі жыл бойы дала геофизикасының егжей-тегжейін жан-жақты игерді.

1963 жылы өзінің ғылми зерттеуге бейімділігін түсінген Дүйсекең Алматыдағы Бүкілодақтық барлау геофизикасы институтына конкурсқа қатысып, алдағы өмірін ғылыми зерттеумен жалғастырды. 1970 жылы осы салада ғылым кандидаты деген атаққа ие болған жас ғалым, 1972 жылдан бастап 1990 жылға дейін Қазақстанның Геология министрлігі қарауындағы Қазақтың минералдық ресурстар институтында қызмет жасады.

1990 жылы ғылым докторы, ал 1995 жылы профессор атағына ие болған Дүйсекең, өзінің ұшқан ұясы - ҚазҰТУға ауысқанға дейін Сейсмология институтында және Абай атындағы Мемлекеттік педагогикалық университетінде қызмет атқарып, ғылыми зерттеуін ұстаздық қызметпен қатар атқырып жүрді. 170-тен астам ғылыми еңбектердің, оның арасында 6 кітаптың, авторы, халықаралық ассамблеялар мен симпозиумдарға қатысып мамандар арасында көзге түсіп жүрген ғалым.

1999-2002 жылдар аралығында Дүйсекең қазіргі қызмет жасап жүрген геофизика кафедрасы ұжымын басқарды. Сол жылдардан бері ұлағатты ұстаз қызметін абыроймен атқарып келеді.

Профессор Д.Садықов ғылыми кадрлар дайындауға айрықша мән берді. Оның жетекшілік етуімен, кеңесші болуымен бірнеше ғылым кандидаттары мен докторлары дайындалды.


Міне, өмірде тағдыр табыстырған, бірге өсіп, біте қайнасқан, егемен елімізге еңбектері сіңген белгілі геофизик мамандар бұл күнде қадірлі қарттарымыз – бүгінде сергек, қуатты, шығармашылық ойлары мол ұлағатты ұстаздар. Ұлағатты ұстаздардың өмірдегі және ғылымдағы жолдары кейінгі буынға үлгі, үлкен өнеге болары сөзсіз.

Еңбек жолын енді ғана бастауға аяқ басқан қайсы бір жастың болмасын алдыңғы толқын ағаларына қарап есейетіні ақиқат. Біз де кезінде осылайша есейіп, ержеттік. Әлде кім біледі, көп жылдар өткен соң, сонау ХХ1 ғасырдың басында, академик Қ.И.Сәтбаев атындағы Қазақ Ұлттық Техникалық университетіне қарасты Геологиялық барлау институтының Геофизика кафедрасында ұлағатты ұстаздардың үлкен бір шоғыры еңбек еткен деп - еске алынар.

Кафедра ұжымы қадірлі ағаларын мерейтойларымен құттықтап, оларға зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, қажымас қайрат, отбастарына бақыт-береке тілейді.

Әлқуат Нұрмағамбетов – Геологиялық барлау институтының

Геофизика кафедрасының меңгерушісі,

геология-минералогия ғылымдарының

докторы, профессор



т

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет