Әл-Фараби атындағы ҚазҰу маркетинг Қабылдаған: Турлыбекова Надира Максутовна Орындаған



Дата07.02.2022
өлшемі194,67 Kb.
#84253
түріИнтервью
Байланысты:
Айтбай Балауса


Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ
Маркетинг




Қабылдаған: Турлыбекова Надира Максутовна
Орындаған: Айтбай Б.
Тобы: МенеджментК-1

Тапсырмалар.


 1. Үй шаруашылығымен шұғылданатын әйелдерден 8 топ таңдалып алынып, оларға интервьюермен кездесу ұсынылды. Қандайда бір фирманың өнімдері бойынша зерттеу жүргізу үшін зерттеуге қатысушылар біраз сый- сияпаттар алды. Интервью уақыты 1 сағатқа созылып еркін пікірталас ретінде өтті. Оның жалғасы топтарға аты аталмаған өнімдердің дәмін татып көру, сыртқы пішінін салыстыруға ұласты. Бұл көріністің барлығы талдау жүргізу мақсатында үнтаспаға жазылып алынды. Жүргізілген әдістер қалай аталады? Олардың артықшылықтарын және кемшіліктерін атаңыз.


Жауабы


Бұл мысалда маркетингтік зерттеудің сапалық әдісі бейнеленген. Сапалық зерттеулердің көмегімен шешілетін міндеттер спектрі аса кең.Оларға сатып алушылардың уәждемесін , эмоцияларды, қандай да өнімді бағалау, өнімді жарнамалық және PR материалдық қабылдау ерекшеліктерін зерттеу жатады. Сапалық әдістің фокус-топ түрі арқылы пікір сұраған. Фокус-топ - қүрылымдық емес сипаттағы ақпарат алу мақсатында модератордың басқаруымен өткізілетін респонденттердің кіші- гірім тобы. Бүл әдістің мэні - әр түрлі түтынушылар тобының ойларын айқындау.Фокус-топ талғамдары, қажеттіліктері, ойлары әр түрлі болып келетін респонденттерден тұрады. Фокус топтың артықшылықтары. Фокус-топтардың артықшылығы - бұл зерттеушілерге кең ауқымды көзқарастарды тез алуға мүмкіндік береді және оларды белгілі бір жобаның кез-келген кезеңінде қолдануға болады. Топтың жұмысын басқарушы модератор қатысушылардың назарын нақты мәселеге бейімдеп отырады.Фокус-топтарды болашақта сандық түрде анықтауга болатын бол- жамдарды анықтау жэне жаңа тауар тұжырымдамасын тексеру үшін пайдалану тиімді.
2. «Джилет» фирмасы жеке гигиена құралдарын, элек¬тробритва, лезвия өндіреді. Фирма өндіретін тауарлары үшін кешенді зерттеу бағдарламасын жасайды. Жыл сайын тұтынушыларынан пікір сұрау өткізіп, олардың тауармен қанағаттану дәрежесін, бейімін, өнім сапасының бағамен сәйкес келуін, соңғы сатылып алынған тауарлар маркасын анықтайды. Кімнен пікір сұрау керектігі ықтималды іріктеме көмегімен анықталады. Одан басқа ерлер мен әйел¬дер тобынан да жыл сайын тұрақты түрде пошта бойынша соңғы тұтынылған марка туралы пікір сұрау өткізіледі. Фирма қандай ақпарат жүйесін және маркетингтік зерттеулердің қай әдістерін қолданады? Олардың артықшылықтары мен кемшіліктерін атаңыз. 
Жауабы
Дәл осы мысалда сипаттама зерттеулер қолданылған. Сипаттама зерттеулер - маркетингтік мэселелерді, эр түрлі жағдайларды, нарықтарды, тұтынушының өнімге қатысын сипаттауға бағытталған маркетингтік зерттеулер. Мұндай зерттеулерде не, кім, қайда жэне тұтынушылар өнімді қашан, қалай сатып алады деген сұрақтарға жауап ізделеді. Мұндай мәлімет қайталама ақпарагга бар, сонымен қатар оны пікір сұрау мен бақылау жүргізу арқылы да алуға болады. Оны пікір сұрау мен бақылау жүргізу арқылы да алуға болады. Бұл жағдайда фирма сауалдаманың бетпе-бет және почта әдістрін қолдананды. Кемшіліктері: сауалнама жүргізіп жатқан фирма өкілдері алдында әділ болса да жағымсыз пікір беру ыңғайсыздық тудырады, сондықтан баға әрдайым объективті бола бермейді. Почта арқылы жүргізілген сауалдамада әрқашан кері жауапты алу қиын, әрі жауап бергенмен де көп тұтынушылар бұған жауапкершілікпен қарамайды. Артықшылығы: егер фирманың маркетинг бөлімі сауатты болған жағдайда осы әдіс арқылы да пайдалы ақпарат алуға болады, жыл сайын фирма өнімін жетілдіруге, тұтынушылармен кері байланыс жасап отыруға тырысады.

Тест жауаптары


1. А
2. В
3. С
4. А
5. Е
6. В
7. Д
8. А
9. Е
10. С

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет