Бағдарламасы аясында іске асырылды Russell Grigg becoming an outstanding primary school teacher



Pdf көрінісі
бет412/510
Дата19.03.2022
өлшемі5,81 Mb.
#136229
түріБағдарламасы
1   ...   408   409   410   411   412   413   414   415   ...   510
Байланысты:
grigg rassell bastauysh mektep mugalimi sheberlikti shyndau

ОЙТҮРТКІ 
Сіз 12.1-қосымшада берілген тізімді өз сабағыңызда қалай қолданасыз?
Бір жағынан, психиатрлармен бірге жұмыс істейтін фармацевтика
-
лық компаниялар үшін балалардың өзіндік жүріс-тұрысын қадағалау 
үлкен жұмыс. Сыншылар депрессия, мазасыздық және басқа да психо
-
логиялық аурулармен ауыратын балалардың көбеюі, заманауи психат
-
рия мен бала күтімінің сын көтермеуінен деген қарсы шағым айтады. 
Госден (2009) осыған дейін балаларға диагноз қойып келген критерий 
туралы мәселе көтерді. Мысалы, гипербелсенді балалар алты ай уақыт 
бойы өрескел сөйлейді, тынымсыз жүгіреді әрі ашушаң болады, бірақ 
бұл критерийге жатпайтын бала бар ма? Девис (2013) ADHD-пен (назар
-
дың жетіспеуі мен гипербелсенділіктің артуы) ауыратын бала санының 
күрт артуы (1950 жылдары 1% болса, 2013 жылы 25%-ды құрады) пси
-
хиатриядағы ғылыми, объективті зерттеудің жетіспеушілігінен дейді. 
Білім саласы бірыңғай балаларды қабылдап үйреніп қалғандықтан, 
педагогтердің көпшілігі олардың психологиялық ауытқуыларын білім 
саласының емес, медицина саласының проблемасы деп санауға бейім. 
Басқаша айтқанда, «емдеуді» оқыту мен тәрбиенің емес, психиатрия 
мен медицина ғылымының міндеті деп қарайды. Кейбір жағдайда бала
-
ның мінез-құлқын бақылауда ұстау үшін берілетін риталин (метилфе
-
нидат) сияқты дәрілерді көп қолдану тәрбиенің нашар үлгісін көрсетуі 
мүмкін. 
Бір жағынан, Сингх (2012) ADHD-пен ауырған балаларға сауалнама 
жүргізіп, нәтижесінде олардың импульсивтігін қадағалауда бұл дәрінің 
маңызы зор екенін анықтады. Ол балаларды кідіртетін дәрі емес, үл
-
кендердің мұндай балалардың мінез-құлқы түзелмейді деп күдер үзуі 
екенін айтады. ADHD-пен ауырған балалар өздерінің мінез-құлқын қа
-
дағалау үшін жан-жақты көмек көрсетілгенін қалайды; олар көп досы 
болғанын, сыныпта шу болмауы мен көп уақытын далада өткізгенді қа
-
лайды. Сингх тұжырымдайды: 
Мектептің ойын алаңдарында жасалатын буллинг көбіне соларға 
жасалады. Басқа балалар олардың ашуына тиіп, өзін басқара алмай 
қалғанын қызық көреді. Мұндайда тіпті тәжірибелі мұғалімдердің өзі 
не істеу керек екенін білмей қалады. ADHD-мен ауыратын бала өзінің 
диагнозын жаман мінез-құлқын ақтау үшін пайдаланады, өйткені ол 
жайында жақсы біледі. 
Түптеп келгенде, балалардың мінез-құлқы бәрінен бұрын өздері 
үшін маңызды. Олар өздерін жарақаттанудан қорғайтын және жағда
-


Мінез-құлықты басқару 
492
йын жақсартатын ереженің маңызын жақсы түсінеді. Ирландия үкіме
-
тінің қолдауымен жүргізілген зерттеу (Балалар мен жастар ісі минситр
-
лігі, 2010) балалардың тәртіпті дұрыс сақтаудың негізгі принциптерін 
анықтай алатынын көрсетеді: 
„
артықшылықтан аи�ырылу (бала үшін маңызды болған бір нәрсенің 
болмауы); 
„
оқыту құндылығы (баланы өзінің мінез-құлқының салдары туралы 
білуге мүмкіндік жасау); 
„
жүи�елілік (тәртіпті жүи�елі түрде орнату және тиісті әрекеттерді 
орындау арқылы қадағалау); 
„
әділдік (әділет пен шынаи�лықты көрсететін тәртіп стратегияларын 
қалыптастыру). 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   408   409   410   411   412   413   414   415   ...   510




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет