КӨКЖИЕГІМІЗДІ КЕҢЕЙТЕЙІК Кен Робинсонның «Білім парадигмаларының өзгеруі» туралы TED talk-ын
көріңіз. Әсіресе ADHD-мен ауыратын балалар санының артуындағы оның
«проблемалы» деп анықтаған трендтеріне зер салыңыз. (www.ted.com/talks/
ken_robinson_changing_education_paradigms. html). Бұл пікірге қарсы келе-
тін ресуртарды табуға тырысыңыз және мұғалім ретінде өз көзқарасыңызды
тұжырымдаңыз.
Балалардың мінез-құлқы көбіне әлеуметтік және мәдени контекс
-
те қалыптасады (12.2-қосымша). Алайда қалыптасқан стереотиптер
жалғаса бере ме деген күмән бар. Мысалы, Жапонияда жақсы жабдық
-
талған сынып пен өз алдына тәрбиеленген оқушылар арасында түсі
-
ніспеушілік болып тұрады. Мамандар «жапон балалары өте көп уақы
-
тын компьютер ойындарына жұмсайды, сосын күнделікті қарапайым
(әлеуметтік) дағдыларды меңгермеген күйі мектепке келеді» деп мә
-
лімдейді. Тағы бір зерттеуде қазіргі жапон балаларының сабақ үстін
-
де ұйықтап отыруы қалыпты жағдайға айналып барады деп айтылады
(MacBeath, 2012). Көпұлтты мектептердің көбеюі мұғалімдер үшін түр
-
лі этникалық аз топтардың арасындағы мәселені шешу төңірегінде де
қиындықтар тудырып отыр.