Өзіңді таны
78
Алды
Ар
ты
Дағдылар
Білім
Ұғымдар
Көзқарас
Диспозициялар
Оң жақ
Сол жақ
2.4-СЫЗБА.
Диспозиция, білім, көзқарас пен
дағды арасындағы байланыс
Дәстүрлі мектепте жалпы балалардың не білетініне назар аудары
-
лады, ал «Ақыл-ой дағдылары» тәсілі балалардың жауабы болмаған
кезде жағдайдан қалай шығатынын нысанаға алады.
Мұғалімдердің
ақыл-ойдың дағдыларын қалыптастыруға және оларды оқу бағдар
-
ламасы бойынша үйретуге мүмкіндіктері көп (Costa and Kallick, 2009).
Мысалы, дәлдікке ұмтылу дағдысын Англия Мемлекеттік оқу бағдар
-
ламасынан алынған мына мысалдар арқылы дамытуға болады:
y
сөздің емлесін тексеру үшін оның алғашқы екі немесе үш әріпін қол
-
дану (3–4
сыныптар, ағылшын тілі);
y
бірнеше параграфтан алынған негізгі идеяларды қорытындылау
(5–6 сыныптар, ағылшын тілі);
y
қосу (+), алу (–) және тең (=) белгілері бар математикалық амалдар
-
ды оқу, жазу және интерпретациялау (1-сынып, математика);
y
ең жақын нөмірленген бірлікке деи�інгі шкалаларды санап шығыңыз
(2-сынып, математика);
y
қарапаи�ым қорытынды жасап, жетілдіру жолдарын ұсыну үшін нә
-
тижелерді паи�далану (3–4 сынып , жаратылыстану);
y
Біріккен Корольдік аумағындағы елдер мен қалаларды атаңыз және
орналастырыңыз (2-негізгі кезең, география);
y
қарапаи�ым бағдарламаларды жазу және тестілеу (1-негізгі кезең,
есептеу)
(DfE, 2013)
Өзіңді таны
79
2.2-кестеде мұғалімдер ақыл-ой
дағдыларын қалай қолдана ала
-
тыны көрсетілген, бірақ олар толық қамтылды деуге болмайды. Соны
-
мен қатар бұл мұғалімдердің ақыл-ой дағдыларын қолданатынын, не
қолданбайтынын белгілеп отыруға арналған жаттығу емес, тек қанша
-
лықты қолдана алатынын көрсетеді. Сонымен, ақыл-ой дағдыларын
қалай жетілдіре түсуге болады? Коста мен Каллик (2000b) портфо
-
лио, журнал және өзін-өзі бағалау айдары немесе бақылау парақтары
сияқты оқушылардың үлгерімі туралы
дәлелдер жинауға арналған
негіздер мен стратегияларды ұсынады. Мысалы, сабақты түсініп, жа
-
нашырлықпен тыңдау үшін оқушылар «менің жағдайым қалай?» деп
ойлап, жас маманнан сарапшыға дейінгі жұмыс аралығында олардың
іс-әрекетінің (мәселен, сөйлеп жатқан адамның бет-жүзіндегі өзгеріс)
жиілігіне (жиі, анда-санда немесе мүлде жоқ) назар аударады. Алдағы
уақытта Біріккен Корольдікте тағылымдамадан өтушілер мен қызмет
-
тегі мұғалімдер көмегімен ақыл-ой дағдыларын қалай дамытуға бола
-
тын зерттеу қажет.
Достарыңызбен бөлісу: