92
ЗЕРТТЕУ ЖОБАСЫН ЖҮРГІЗУ: НЕГІЗГІ НҰСҚАУЛЫҚ
шынайы екенін біледі;
ешкім мәжбүрлемеген
– жеке тұлғаларды қатыстыру үшін
күш қолданбаған;
ықпал жасалған жоқ
– қатысқан адамға бөлген уақыты мен
жұмсаған күш-жігері үшін өтемақы беруге тыйым салынбаған, бірақ солай ынта-
ландыру қатысушының ой-пікіріне ықпал етпеуі керек.
y
Респонденттерге еш залал келмейтініне кепілдік беру
. Бұған эмоциялық, психо-
логиялық және физикалық залал жатады. Физикалық залалды ажырату оңай,
ал психологиялық залалды анықтау және болжау қиын. Реніш, алаңдау, қолай-
сыздық тудыру немесе жағымсыз естеліктерді еске түсіру арқылы жоспарламай,
байқаусызда психологиялық залал келтіріп алуыңыз мүмкін, жалпы, бұл – жиі
кездесетін жағдай. Этикалық және моральдық жағынан дұрыс саналмаған
іс-әрекеттер кейде заң тұрғысынан да проблема тудырады. Бұл жерде сот ісі ту-
ралы айтып тұрмыз. Ар-ұятыңыз бен кәсіби этикаңыз шешіміңізді ақтаса да, сот-
та қаралуы мүмкін деген іс-қимыл тәсіліңізді өзгертуге ықпал етер.
y
Құпиялықты, (қажет болса) анонимдікті қамтамасыз ету
. Құпиялық зерттеуге де-
рек берушілердің жеке тұлғасын қорғауды білдіреді; барлық мәлімет тек зерттеу-
шіде қалуы керек. Кісіні жасыру үшін бүркеншік ат қолдану жеткіліксіз. Өзгелер
сіздің кім туралы айтқаныңызды не кімнің сөйлеп тұрғанын біліп қойса, ол адам-
ды тағы да бүркемелеу керек немесе аты-жөнін атауға рұқсат алғаныңыз жөн.
Анонимдік құпиялық шегінен жоғары, бұл кезде тіпті зерттеушінің өзіне зерттелу-
ші жасырын болып қалады. Анонимді жолмен жинақталған ақпарат, дерек неме-
се жауап қандай да бір респондентке тиесілі екені ешбір әдіспен анықталмауы ке-
рек. Оның жарқын мысалы – сыныпты «аноним» бағамен бағалау, қатысушылар
өз пікірлері өздеріне таяқ болып тимейтініне сенімді болуға тиіс. Жеке тұлғаны
жасырудан бөлек құпиялық пен анонимдікті қорғау: өңделмеген деректі қауіпсіз
қорғау; деректі алуға шектеу қою; деректі бірнеше рет қолдануға рұқсат алу; өң-
делмеген деректі жойып жіберу ықтималдылығын қамтиды.
Бұл нұсқаулар қарапаи�ым көрінетін шығар. Алаи�да осы нұсқаулықты сақтау
арқылы жинағыңыз келетін деректі ретке келтіруге болады. Дегенмен бірінші
кезекте этика басым тұруға тиіс. Иә, дилемма туады (4.6-қосымшаны қараңыз),
сондықтан (дизаи�нды өзгерту керек болса да) даи�ын болу керек. Бір жақсысы,
этика жөніндегі комитеттерде рұқсат беру процесі бар, онда зерттеуді этикаға
саи� жүргізу шекарасын анықтап береді.
Достарыңызбен бөлісу: