89
Этика
талаптарына сай, сенім тудыратын зерттеу жүргізу
Әдістерді қолдануда бірізділік сақталған ба?
Сенімділік – ішкі сәйкестікке байланысты,
яғни дерек/нәтиже жиналды ма, сараланды
ма, әлде қайталама сынақ нәтижесінде
бірдей болды ма деген сауалдарға жауап
іздеу.
Сенімді орнықтыру қабілеті әлеуметтік
мәселені зерттеуде сенімділік мүмкін емесін
мойындайды. Бірақ әдістердің жүйелі болуында,
дұрыс құжатталуда және дизайндауда зерттеу
субъективтілігі туралы есеп беруге бағытталады.
Дәйектер орынды әрі сәйкес пе?
Жалпылау іріктеме жиынтықтан, жағдайдан
немесе топтан алынған нәтижені/жасалған
қорытындыны
негізгі жиынтыққа, басқа
жағдайға не топқа қолдануға бола ма деген
сауалға жауап іздейді.
Тасымалдау іріктеме жиынтықтан, жағдайдан не
топтан алынған нәтижені/жасалған қорытынды
негізгі жиынтық үшін, басқа жағдай не басқа топ
үшін пайдалы ма деген сауалға жауап іздейді.
Зерттеу нәтижесін тексеруге бола ма?
Репродукциялау мүмкіндігі бірдей/ұқсас
мазмұндағы өзге зерттеуде осындай
әдіснама қолданылса, алынған нәтиже/
жасалған қорытынды сақтала ма деген
сауалға жауап іздейді.
Бақылау мүмкіндігі зерттеу мазмұнының маңызды
екенін түсінеді, сондықтан осындай нәтиже жасау
себебін басқалар көруі үшін әдістерді толық
түсіндіруге тырысады.
Сапалық зерттеу сандық зерттеу сияқты сенім тудыра ала ма?
Не десем екен?.. Күрделі сұрақ. Сауалыңызға «жоқ» деп жауап беретін
зерттеушілер көп. Олар: «Іріктеме шектеулі болса, статистикалық маңызды
индикаторларды ала алмаи�сыз, демек, зерттеу нәтижесін жалпылау мүмкін
емес», – деи�ді. Осындаи� дәи�ек келтірсе, олардың уәжімен де келісуге болар.
Сапалық зерттеуді ұдаи�ы жалпылау мүмкін емес. Бірақ мақсатымыз сол
ма? Сапалық зерттеуде мәселеге тереңнен қарап, түп-тамырымен толық
қазбалау керек. Яғни сапалық зерттеу постпозитивистік тұжырым талап
ететін сенім тудырудың қатаң стандарттарына саи� келеді. Яғни сандық
зерттеу критерии�лерімен бағаласақ, сапалық зерттеу әр кез сәтсіздікке
ұшыраи�ды.
Сұрағым бар