Тақырыбы: дисперсиялық талдау Орындаған



бет1/3
Дата10.11.2022
өлшемі184,35 Kb.
#157575
  1   2   3
Байланысты:
дисперссиялық талдау


Тақырыбы: дисперсиялық талдау
Орындаған:
Даурен А.
Қабылдаған: Қойлыбаев Ж.
Дисперсия
бұл әртүрлі факторлардың әсерінен туындайтын белгінің өзгергіштігі.
Дисперсиялық талдау – бұл екіден артық топтардың орта мәндерін салыстыру үшін, яғни бірнеше тәуелсіз топтардың бір бас жиынтыққа жататындығын немесе жатпайтындығын анықтау үшін қолданылатын талдау әдісі. Орта мәндердің арасындағы айырмашылықтарды анықтау үшін дисперсиялар қолданылады.
Дисперсиялық талдауды ағылшын ғалымы, математик және генетик Рональд Фишер 1938 ж. дисперсиялық талдауға мынадай анықтама берген: Дисперсиялық талдау-«бір себептерден болатын дисперсияны
екінші бір себептерден болатын дисперсиядан айыру».
Дисперсиялық талдаудың мақсаты зерттеліп отырған кездейсоқ шаманың мәніне әсер ететін, шама мәнінің тұрақсыздығын тудыратын факторларды анықтау болып табылады. 
Дисперсиялық талдау міндеттері: 
белгіленген немесе кездейсоқ болулары мүмкін бірнеше деңгейлермен сипатталатын факторлардың ықпалын зерттеу.
Факторлық белгілер(фактор) – зерттелетін құбылысқа ықпал ететін белгілер.
Нәтижелік белгілер(факторға жауап) – факторлық белгілердің ықпалы нәтижесінде өзгеретін белгілер.
Эксперименттік ұйғарымдарда
дисперсиялық талдаудың
бірнеше түрлері бар.
Солардың ішінде жиі кездесетіні мыналар:
Бір факторлы
Көп факторлы
Бір фактордың ықпалы тексерілетін дисперсиялық талдау бір факторлы деп аталады. 
Екі немесе одан да көп факторлардың ықпалын зерттеу үшін көп факторлы дисперсиялық талдау қолданылады.
Бір факторлы дисперсиялық талдау
Топтар бір фактордың деңгейлері арқылы анықталады. Бас жиынтықтағы айнымалы әр топта қалыпты таралған және барлық топтардың дисперсиялары бірдей.
Айырмашылықтын шамасын бағалау үшін таңдама орта мәндердің шашылуын топ ішіндегі мәндердің шашылуымен салыстыру қажет.
Салыстырылатын топтар саны фактордың (тәуелсіз айнымалы)деңгейлеріне сәйкес анықталады.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет