Бір факторлы және екі факторлы дисперсиялық талдау.
Дәріс жоспары:
Дисперсиялық талдаудың негізгі түсініктері және әдістері.
Жалпы, факторлық және қалдық дисперсиялар.
Бір факторлы дисперсиялық талдауды қолданудың сызбасы.
Бір факторлы дисперсиялық талдаудың баламасы Крускал-Уоллистің параметрлік емес белгісі.
Екі факторлы дисперсиялық талдау.
Дисперсиялық талдау
Дисперсиялық талдау деп ағылшын математигі және генетигі Р.Фишер ХХ ғасырдың 20-жылдарында биология мен ауыл шаруашылығының бірқатар эксперименттік тапсырмалары үшін әзірленген статистикалық әдістер топтамасын атайды.
1 мысал. Гипертония ауруына шалдыққан кейбір науқастар санына қарай кездейсоқ түрде «k» топтарына бөлінген, олардың әрқайсысына белгілі бір дәрі-дәрмек қабылдау тағайындалған. Нәтижесінде артериалдық қысым көрсеткішінің орташа мәнінің өзгеруі бақылауға алынады.
Дисперсиялық талдаудың негізгі түсініктері және әдістері
Бұл мысалда:
дәрі-дәрмек – бұл бақылаудағы көрсеткіш шамасына ықпалын тигізетін фактор;
Топтар бойынша қабылданатын дәрі-дәрмектер не түрімен, не мөлшерімен, не қандай да бір басқа жағдайларымен ажыратылады деген болжам бар. Онда ықпал етуші фактор, фактор деңгейлері деп аталатын бірқатар құрамдарға бөлінеді.
Дисперсиялық талдаудың негізгі түсініктері және әдістері
Егер фактор шаманың үн қатуына әсер етсе, онда шамалар орташаларының теңдігі туралы H0:нөлдік болжам қабылданбайды.
Зерттеліп отырған факторлар санына байланысты дисперсиялық талдау бірфакторлы және көпфакторлы болып бөленеді.
1 мысалдағы артериалдық қысымның өзгеруін зерттеу жолдары:
фактор – жыл маусымы (деңгейлері: қыс, көктем, жаз, күз);
фактор – тәжирібе жүргізілетін орын (оның деңгейлері: ауруханада немесе үйде емделу);
фактор – режим (оның деңгейлері: төсекте, әдеттегідей немесе таза ауада үнемі жаяу жүру) және т.б.
Сынақ нөмері
«А» факторының деңгейі
A1
A2
...
Ak
1
x11
x12
...
x1k
2
x21
x22
...
x2k
...
...
...
...
...
nj
...
Топтық орташа
...
Бір факторлы дисперсиялық талдау үшін таңдалған деректерді кесте түрінде жазады.
Дисперсиялық талдаудың негізгі түсініктері және әдістері