«Қазақстанның қазіргі заман тарихы» пәні қоғамдық тарихи сананы қалыптастырудағы маңызын айқындаңыз



бет1/7
Дата19.12.2019
өлшемі236,02 Kb.
#53789
  1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
тарих экзамен новый жауап

1. «Қазақстанның қазіргі заман тарихы» пәні қоғамдық тарихи сананы қалыптастырудағы маңызын айқындаңыз.

Қазіргі Қазақстан тарихын зерттеу енді-енді өріс ала бастады.Қазіргі Қазақстан тарихы пәнін оқыту қоғамның бойында патриотизм мен азаматтық позицияны қалыптастыруға ,Қазақстанның сын ғасырлық тарихы бойынша терең ғылыми білімдерді бекітуге ықпал етуші фактор болуы тиіс.Әсіресе ,Қазақстанның егеменді мемлекет ретінде қалыптасуы мен дамуы ,қоғамның саяси ,экономикалық және әлеуметтік салалардағы реформалар үрдісі ,ішкі және сыртқы саясаттағы жетістіктері өскелең ұрпақ санасына құйылуы тиіс.

Тәуелсіз Қазақстан тарихы –бұл Отандық тарихтың заңды жалғасы және маңызды бөлігі болып табылады.Өткенсіз бүгін ,бүгінсіз ертең жоқ деген қанатты сөз тарих ғылымының қоғамның бүгіні мен ертеңіндегі маңыздылығын нақты анықтап тұр.Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің іргетасын әлемнің елеулі бөлігіне ықпал еткен ұлы дала көшпенділерінің мемлекетін дәстүрі және бірнеше жүз жылдық барысындағы қазақтардың азаттық жолындағы күрес тарихы,Ресей және Кеңестік Социалистік Республикалар одағы құрамында өмір сүрген тәжірбиесі құрайды.

Қазақстанның қазіргі заман тарихының төрінде Қазақстан халқының жаңа мемлекет құраудағы төзімділігі,ізгілігі еңбексүйгіштігі шешуші рөл атқарады.Ең бір қиын кезеңдерде де Қазақстан азаматтары жарасқан ынтымақ-бірлігімен соғысқа, жанжалға жол бермеді.

Қазақстанның шынайы тәуелсіздік жолына түскеніне небәрі 25 жыл ғана болды.Осы аз ғана уақыттың қазақ келешекте өмір сүріп,күн кешетін жас ұрпақ өз атамекенінің тарихын,өз шыққан тегін, ата-бабаларының тарихы тәжірбиесін әрі қарай мақтанышпен жалғастыру үшін білу керек.

Қорыта айтқанда,Қазақстан тарихы пән ретінде жастардың дүние танымдарын,азаматтық позицияларының қалыптасуына зор ықпал етеді,яғни өз елінің, өз халқының тарихын білу патриоттық сезімдерді туғызады.



2. XX ғасыр басындағы қазақ қоғамдық саяси ойдың дамуын сипаттаңыз.

20ғасырдың басында Қазақстанда Марксизмнің тарауы басталды.Оған өлкеде әлеуметтік – экологиялық қатынастың әлсіздігі және жұмысшы тобының аздығы себеп болды. Қазақ өлкесінде Атбасарды, Көкшетау, Павлодарда алғашқы марксизм идеясын таратушы Петербург қаласындағы Благаевтар тобынан келген Каритонов, Қарқаралы мен Семейде социал – демократ Домашевич, Кочаревская болды.

Петропавл қаласында 1902 жылдың аяғында ұйымдастырылған тұңғыш маркстік ұйымдар негізінен жер аударылғандардан құрылды. 1903 жылы осындай ұйым Петропавл теміржолында, 1902 жылы Орынборда құрылды. 1903 жылы 1 мамырда Орал қаласында саяси үйірме мүшелері ереуіл ұйымдастырды. 1 орыс рев. Кезінде патшалық тәртіпке қарсы күреске ұлттық халықтары да көтерілді. Орталық ұлт аудандарының ұйқыдан оянуына негіз болған оқиға - 1905 ж. Қанды жексенбі Петербургтегі оқиға.

1905ж. Ақпанда Түркістанда, Перовскіде, Жосалыда, Шалқарда, Петербургтегі қарусыз жұмысшыларды атқылауға наразылық білдірген алғашқы қарсылықтар болып өтті.

1905 жылы 1 мамырда Верныйда,Перовскіде, Қостанайда еңбекшілердің бірлігін қуаттайтын ереуілдер болып өтті. Қарқаралыдағы қарсылық жиынына Дулатұлы белсене қатысты. Қазақ еңбекшілерінің саяси көзқарастарының өсуіне Қазақ саяси ереуілі ерекше әсер етті. Бұл ереуілдердің әсерінен Қазақстан қалаларында – Верныйда, Оралда т.б. жерлерде ұйымдасқан ереуілдер мен бой көрсетулер социал – демократия ұйымдардың басқаруымен патша билігі жойылсын , бостандық жасасын деген саяси ұрандармен өтті.

3. ХХ ғасыр басындағы мемлекеттілік идеясының жаңғыруының алғышарттарын атаңыз.

Ұлттық мемлекетті қалыптастыру идеясы бірнеше ғасырлар бойы қалыптасып отыратын нәрсе. Ұлттық мемлекетті қалыптастыру идеясы ұлттық қажеттіліктердің негізінде туындайтын білім болса, ұлттық идеяның білімін қалыптастыратын нағыз зиялылар. Қазақстандағы ұлттық идея қазақтармен бірге дүниеге келді. Әрі тарих сахнасына да қазақтармен қол ұстаса көтерілді. Ұлтқа деген құрмет ұлттың сана сезімінің қалыптасу деңгейіне байланысты. Жалпы ұлттық сана төмен болса халықтық қасиетінен айырылады. Мұндай кезде ұлттық мүдде жеке бастың пайдасының құрбаны болады. Мұратсыз ұлт ұлт болып қалыптасуы да сақталып қалуы да мүмкін емес. Елдің бірлігін, ішкі тыныштығын, ханның ынсапты болуын, халықтың берекелі байлығын жариялаумен ұлттық идеяны мемлекеттік саясат билігіне көтергендер қатарында Қазтуған, Доспамбет, Шалкиіз, Жиембет жыраулар тұр. Қазақ жыраулары ұлт болмысының тағдырына сын көзбен қарап, оның ұлттық рухпен үндескен тарихи әлеуметтік кеңестігін өздеріңнің рухани шығармаларында сақтап қалған. Сонымен қатар, жырауларды есімізге түсірген кезде, сол дәуірде ел , адам жер тағдыры үшін қоғам шындығы тұрғысында ойлаған зиялы адам бейнесі де көз алдымызға келіп отырады.



4. Қазақ зиялыларының қалыптасуы: әлеуметтік құрамы, білімімен қызметі туралы баяндаңыз.
Қазақ ұлт зиялыларының қалыптасуы — XIX ғасырдың екінші жартысы — XX ғасырдың басында Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық және саяси дамуында болған өзгерістер қазақ халқының рухани өміріне терең әсер етті. .Патша өкіметінін кертартпа саясаты халыққа білім беру саласынан мейлінше айқын анғарылады. Отаршыл билік қазақ халкының мүдделері мен құқықтарын елемей, онын рухани дамуын тежеді. Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық және саяси өмірінде қарастырылып отырған кезенде орын алған соны құбылыстар қазақ қоғамының қоғамдық санасындағы елеулі өзгерістерге әкеп соқты. Мұндай елеулі өзгерістер ұлттық сана-сезімді оятуға жағдай жасады, қазақ қоғамында жаңа идеялардың, ой-пікірлер мен көзқарастардың қалыптасуын анықтап берді. Мәдениет тұрғысынан алғанда, дәуірдің жаңалыктары ең алдымен еуропалық өркениетті, жаңа құндылықтарды бастапқыда әлеуметтік үстем топ өкілдерінің, адамдардын шағын тобының меңгеруі орын алғанынан көрінді. Ұлттық зиялылардың қалыптасу жолы бірдей болған жоқ, күрделі және ұзаққа созылған үрдіс болды. Бұл жағдайдың халық шаруашылығында да, мәдениетте де мамандар санының өсуінен көрінгені күмәнсіз. Оның барысын отаршылдық режим жағдайлары, патша өкіметінің бағындырылған халық жөніндегі кемсітушілік саясаты тежеп отырды. Дегенмен XIX ғасырдың аяғы — XX ғасырдың басы халықтың интеллектуалдық күштері дамуындағы жаңа кезен болып табылады.

ХХ ғасыр басында қазақ зиялыларына тоқталсақ, әрине олар сан жағынан көп болған жоқ. Оның себебі орта білімді мұғалімдер даярлайтын курстар мен училищилер болмаса, арнайы оқу орындары ол кезде жоқ еді. Негізінен қазақ мамандары Ресейден білім алды ал патша өкіметі үшін қазақ халқының мәдениетін қаранғылықта ұстау тиімді болған еді. ХІХ ғасырдың екінші жартысы ХХ ғасырдың басында қазақ жастары үшін Қазан, Мәскеу, Петербург, Орынбор, Омбы, Варшава қалалары үлкен білім ордасы болды. Қазан төңкерісіне дейінгі кезеңде 120 - ға жуық қазақ жоғары оқу орнын аяқтағандығы туралы диплом алған. Олардың қатарында Ә.Бөкейханов, М.Тынышбаев, Б.Қаратаев, Б.Құлманов, Б.Сыртанов, Ж.Досмұхамедов, М.Шоқай, Ж.Ақбаев, С.Асфандиаров, С.Шәлімбеков, Х.Досмұхамедов және басқа да бір топ қазақ жастары білім алған еді. Аталған білім алушылар білім алып қана қоймай ХХ ғасырдың басында ұлт мәселесін жеке дара мемлекет мәселесін Ресей отарына қарсы келген зиялылар тобын құрды. . ХХ ғасырдың бас кезінде Ресейдің мұсылман халықтарын оятуды мақсат еткен кітап, газет - журнал түріндегі басылымдар көбейді. 1910 жылдардағы аумалы төкпелі кезеңде қазақтардың саяси өміріне бағыт бағдар берген «Қазақ» газеті 1913 жылдың басында шыға бастады. Кейіннен Алаш партиясының ресми баспасөз органына айналған бұл газетті Думаның бұрынғы мүшесі Ә.Бөкейханов, А.Байтұрсынов, М.Дулатов басқарды. Сол дәуірдің алдыңғы қатарлы үш зиялысы газетке бағыт бағдар беріп отырды.

Ресейде білім алған ұлт зиялылары жоғарыда көрсетілгендей қазақты еуропа жолымен алып жүреміз, татарға қоңсы қондырмаймыз деген ағымның басында Ә.Бөкейхановпен, А. Байтұрсынов болды, ал «Ислам түрік туының астына жиналамыз» деген ағым Орал, Торғай оқығандарында күшті болды. Бұл ағым «Айқап» журналында бет алды. (1911 жылдан бастап шыққан «Айқап» журналы қазақ қоғамдық өміріндегі тұңғыш ықпалды журнал еді, сонымен қоса қазақ тілінде ұлттық рухты көтерген алғашқы журнал болды.) ХХ ғасырдың басында Ресей қалаларында білім алып, орыстың алдыңғы қатарлы мәдениеті мен саяси ықпалын сезінген қазақ зиялылары кейбір оппозициялық партиялардың ықпалымен Қазақстанда саяси ой пікірді дамытып, демократиялық идеяларды насихаттай бастады. Қазақ зиялыларының саяси көзқарастарының қалыптасуына әсіресе кадеттер партиясының әсері болды және кадеттер партиясының өзі қазақ зиялылары тарапынан қолдау тапты. Қазақ зиялылары кадет партиясы құрамына еніп, мүшелікке өтіп, бағдарламасын мойындады. Қазақ зиялыларының рухани жетекшісі Ә.Бөкейханов 1906 жылы кадеттер партиясының Орталық комитетіне мүше болып сайланды. олар өздерінің ұлттық демократиялық мемлекет құру идеясын іс жүзіне асыру мақсатында 1917 жылы «Алаш» партиясын құруға белсене кірісті. Ал автономия құру идеясы қазақ зиялыларының ұзақ жылғы саяси күрестерінің, үздіксіз идеялық іздерістерінің нәтижесі болғаны анық. Қазақ зиялыларының ұлт азаттығы жолындағы күресі жаңа құқықтық мағынаға ие болып отырды. ХХ ғасырдың басындағы қазақ зиялыларының мемлекеттілікті жаңғырту мәселесін көтеруі. Сонымен бірге ақпан ревалюциясы тұсындағы қазақ зиялыларының мемлекеттілік үшін күрестері мен кеңес өкіметі кезеңіндегі қазақ зиялы қауымының ұлттық автономия мәселесін көтеруі сол уақыттың талабы болды. Қазақ зиялыларының ұлттық мемлекет құруға бағытталған іс әрекеттері, ұлттық тәуелсіздікті қалпына келтіру қызметері тарих беттері арқылы талдау жасау негізінде сол уақыттағы ұлттық идеялар, бүгінгі күнге бастан кешіріп отырған тәуелсіздікке жол салды.
5. 1905-1907 жылдардағы Ресейдегібірінші орыс революциясының Қазақстанның қоғамдық-саяси қозғалына әсерін талдаңыз.

1905– 1907ж.ж. ресейде бірніші орыс революциясы болып өтті. Оның жаңғырығы Қазақстанға да жетті. Патша үкіметінің 1905ж. 9қаңтарда қарусыз шеруге шыққан жұмысшыларға оқ атып, қырып салғаны оның қанішер зұлымдық саясатын әшкерелеп берді. Бұл хабар халықтың кекке толы ашу ызасын келтірді. Қазақтың белгілі ақыны әрі этногроф, тарихшы, шежіреші Мәшhүр Жүсіп Көпейұлы осы оқиғаға арнап “Қанды жексенбі”деген өлең жазады. Содан кейін автор қуғын – сүргінге ұшырап, Ташкент, Қоқан жағында және Ішкі Орда аумағында бой тасалауға мәжбүр болады. Верный, Перовск, Қазалы, Орал, Ақтөбе, Петропавл, Семейде жұмысшылрдың наразылық жиналыстары мен митингілері болып өтті. Ақмола облысы мен далалық өлке орталығы Омбы қаласында наразылық шеруі шықты. Бұл кезеңде Патша үкіметінің отаршылдық саясаты күшейіп, барған сайын асқына тұсті. 1905 -1907ж.ж. жұмысшылардың бірқатар толқулары болып өтті. Жұмысшылар алғашқыда жоғарғы жақтағы бастықтардың атына арыз айтып, шағым түсіріп көрді. Мысалы, 1902ж мыс кеніштері мен Екібастұз көмір кенінің 150жұмысшысы дала генерал – губернаторының атына арыз – шағымдар жолдады. Жұмысшылардың кәсіпорындарды тастап қашып кетуі де аз болған жоқ. Кейінірек жұмысшылар наразылығының бұйрыққа бағынбау және ереуіл сияқты түрлерріне көше бастады. 1904ж Зайсан уездіндегі Надеждинск кен қазу орнында жұмысшылардың ереуілі болып өтті. Оған Мейірхан Кемалов басшылық етті. 1905ж Қазақстандағы темір жол жұмысшылары Бүкілресейлік саяси ереуілге қатысты. Жұмысшылар тез арда саяси кепілдіктер мен бостандықтар берілуін, Құрылтай жиналысын шақыруды талап етті. 1905ж 15қарашада Қарқаралы қаласында жұмысшылар мен шаруалардың, солдаттардың, сондай – ақ енді қалыптасып келе жатқан қазақ зиялылары өкілдерінің саяси шеруі болып өтті. Шеруді ұйымдастырушылардың бірі Ж.Ақбаев Семей түрмесіне қамалды. 1905ж желтоқсанда Спасск мыс балқыту зауытында, сондай – ақ Қарағанды кен қазу орындарында үлкен ереуілдер орын алды. Оларға іле – шала Павлодар қаласындағы өзеншілер де бас көтерді. Жұмысшылар жалақыны көбейтуді, зейнетақыны арттыруды, дәрігерлік қызметті тегін көрсетуді талап етті. Осымен бір мезгілде Успенск кенішінде жұмысшылардың ірі бас көтерілулері басталды. Капиталға қарсы “орыс – қырғыз одағы” құрылды. Бұл біріккен одақтың басшылары Б.Топорнин, Байшағыров, С.Невзаров сияқты жұмысшылар болды. 1906 ж маусымда Семей қаласының жұмысшылары іс – жүзінде түгелдей дерлік көтерілді. Оған орыс пен қазақ, татарлар да қатысты. Ереуіл нәтижесінде қала халқы жиналыс өткізу бостандығын жеңіп алды. 1907ж жазында Семей, Ақтөбе, Верный, Қостанай сияқты қалалар кәсіпорындарыңың жұмысшылары шеруге шықты.



6. 1916 жылғы ұлт-азаттық көтеріліс, оның себептері, қозғаушы күштері, басталуы, барысы және негізгі кезеңдері туралы баяндаңыз.

1914 жылы 1 тамызда басталған. Оған тайпалық Ресейде қатысқан бірінші дүниежүзілік соғыс оның халықтарына аса ауыр қайғы қасірет әкелді. Әлеуметтік және ұлттық езгі күшейді. Империяның отар аймақтарында патша шенеуніктерінің басынушылығы мен зорлық- зомбылығы өлшеусіз артты. Қазақтардың жерлерін жаппай тартып алу жалғасып жатты. Қазақтардан тартып алынған жерлер патша офицерлеріне, шенеуніктерге, дін басыларына, казак әскерлерімен Ресейден және Украинадан қоныс аударған шаруаларға үлестірілді. 1916 жылдың ортасына таман қазақ халқынан тартып алынған жерлердің көлемі 45 млн десятинаға жетті. Соғыс Қазақстан экономикасына құлдырауына әкеп соқты. Соғыс шикізатты, азық түлікті, малдың және басқа да материалдық орасан зор мөлшерін жұтып жатты. Осыған байланысты иығына жаңа ауыртпалықтар түсті. Міндетті түрде ет тапсырылды. Мемлекет керегіне мал жаппай еріксіз алынды. Әр үйден жаңа соғыс салығын алу т.б.салықтардың мөлшері артты. Салықтар 3-4 есе, ал жекелеген жағдайларда – 15 есе өсті. Соғыс елдегі жалпы ұлттық дағдарыстың пісіп- жетілу процессін тездете түсті. Соның жарқын көрінісі Қазақстан мен Орта Азияның барлық аймақтарын қамтыған 1916 ж ұлт азаттық көтерілісі болды.



Көтерілістің шығуының басты себебі: Әлеуметтік- экономикалық және саяси сипаттағы факторлар еді. Көтерiлістің бұрқ ете қалуына патшаның 1916 жылғы 25 маусымында армияның тыл жұмыстарына Қазақстан, Орта Азия, Сібір тұрғындарынан 19-дан- 43 жасқа дейінгі «бұратаналық» еркек халықтарын шақыру жөніндегі жарлығы тікелей сылтау болды. Қазақстан мен Орта Азиядан 400 мың адам, соның ішінде Қазақстанның қалалық облыстарынан- 100 мың , Жетісудан - 87 мың адам еріксіз алынуға тиіс болды. Стихиялы қозғалыс бірте- бірте ұйымдасқан сипат алып, қарулы көтеріліске ұласып, оның ірі ошақтары- Жетісу мен Торғайда пайда болды. Бүкіл Қазақстанды қамтыды.

Көтерілістің мақсаты: ұлттық және саяси азаттық болды. Көтерілістің ұлт - азаттық сипатта болуы, қазақ халқының барлық тап өкілдері (байлар, болыстар, билер), сондай-ақ демократияшыл зиялылардың өкілдеріне қатысты.

Көтерілістің ірі ошақтары: Жетісу және Торғай өңірлері



Жетісудағы көтерілістің басшылары: Бекболат Әшекеев, Ұзақ Саурықов, Жәмеңке Мәмбетов, Тоқаш Бокин, Әубәкір Жүнісов, Серікбай Қонаев, Монай және Мұқан Ұзақбаевтар болды.

Жетісудағы көтеріліс тарихының барысы:

1. 1916 ж. шілдесі – стихиялық, наразылық көріністері.

2. Тамыз - оның қарулы көтеріліске ұласуы.

3. Қыркүйек – қазан-көтерілістің біртіндеп бәсеңдеуі және жеңілуі деген кезеңдерге бөлуге болады:

17 – шілдеден бастап Жетісу мен Түркістан өлкесінде соғыстық жағдай жарияланды. Көтерілісшілердің патша жазалаушыларына қарсы ірі қақтығыстары Асы мен Қарқара жайлауы, Жаркент, Нарынқол, Шарын, Қорам өңірлерінде, Самсы станциясы маңы, Лепсі оязында, Садыр-Матай болысында т.б.жерлерде болды.

Қазан айының басында барлық жағынан жазалаушы отрядтар қыспаққа алған Жетісулық көтерілісшілер табан тірескен шайқастармен шегінуге, сөйтіп Батыс Қытайға өтіп кетуге мәжбүр болды. Жетісудағы көтерілісшілерді басу үшін 8750 найзалы 95 рота, 3900 қылышты, 24 жүздік, 16 зеңбірек, 47 пулемет жіберілді. Жетісуда ондаған қазақ ауылдары жойылды, бейбіт тұрғындар аяусыз қудалаушылыққа ұшыратылды. Патша өкіметі соңдарына түскен 300 мың қазақтар немесе Жетісудың жергілікті тұрғындарының 1\4 бөлігі Қытайға қашуға мәжбүр болды. Жетісудағы ұлт - азаттық көтерілістің қанды қырғынмен аяусыз басып жаншылды. 7 қыркүйекте Верный қаласында Верный әскери горнизонының соты болып, көтеріліс басшыларының бірі Бекболат Әшекеевті өлім жазасына кесіп, Соттың үкімі облыстың әскери губернаторы Фольбаум сол күні бекітіп, үкім бір күннен соң, 1916 ж. 9 қыркүйекте Верныйдың жанындағы Боралдай деген жерде дарға асып, өлтірілді. Сотсыз және тергеусіз атылғандарды есептемегенде, сот үкімі мен Түркістан өлкесінде 1917 жылы ақпанына дейін 347 адам өлім жазасына, 168 адам каторгалық жұмыстарға, 129 адам түрмеге жабылуға кесілді.



Торғай көтерілісі:

Жетісудағы көтерілісшілер қозғалысы аяусыз басып жаншылған кезде Торғай даласында көтерілісшілер күш алып, күннен- күнге өрістей түскен еді. Торғайдағы көтерілісшілер саны 50 мыңға жетті. Торғай уезі негізінен қыпшақ және арғын рулары шоғырланған 13 болыстан тұратын. Көтерілістің бастапқы кезеңінде толқулар қыпшақтар мекендеген Қойдауыл, Аққұм, Қаратоғай, Сарытоғай, Қарақопа болыстарын, арғындар мекендеген Тосын, Майқорау, Сарықопа, Наурызым, екінші Наурызым болыстарын қамтыды. Көтеріліс барысында Әбдіғаппар Жанбосынов қыпшақ көтерілісшілерінің ханы етіп жарияланды. Ал арғын көтерілісшілерінің ханы болып Шолақ Оспанов сайланды. Кейін 1916 жылы 21 қарашада 13 болыс ( 6 болыс арғын, 6 болыс қыпшақ, 1 болыс найман) өкілдерінің құрылтайында атақта Нияз бидің ұрпағы Әбдіғаппар Жанбосынов Торғай уезінің ханы болып сайланды. Құрылтайда Кенесары Қасымовтың серігі, атақты Иман батырдың немересі Амангелді Иманов көтерелісшілердің сардарбегі болып тағайындалды. Оның жанында әскери кеңес жұмыс істеді. Көтерілісшілерге Орталық Ресейден келген, осы жерде туып өскен Әліби Жангелдин қосылған. Ә.Жангелдин көтерілісшілердің « рухани көсемі» болды. Көтерілісшілерден Ә.Жанбосынов, А.Иманов ондықтарға, жүздіктерге және мыңдықтарға бөлінген тәртіпті жасақ құрды. Осылайша қазақ халқының 1916 жылғы ұлт- азаттық көтерілісі Қазақстанның барлық аймақтарында қатаң басып жаншылды.

Қазақ қауымында патшаның 1916 жылғы маусым жарлығымен көтеріліске көзқарас бірдей болған жоқ:а) қазақ интеллегенциясының радикалды батыл іс- қимылға бейім өкілдері : Т.Бокин, Ж.Ниязбеков, Т.Рысқұлов, Ә.Жангельдин,С.Меңдешев, Б.Алманов, Ә.Жүнісов тағы басқа халықты қарулы көтеріліске шақырып, оған өздері де қатысты. б) «Қазақ» газетіне топтасқан либерал- демократиялық зиялылар өкілдері: Ә.Бөкейханов, А.Байтұрсынов , М.Дулатов т.б. Халықты жарлықты орындауға қарсы шықпауға үгіттеп, қазақтар қатты қан төгіске ұшырауы мүмкін деп, осы алмағайым заманда халықты жаңа аласапыраннан қорғаштап, қайткен күнде халықты аман сақтауға тырысты. Қанды қырғын, жүздеген мың адамдардың қаза табуы бұлардың қауіптерінің негізсіз еместігін дәлелдеді.

КөтерілістіңКөтерілістің маңызы: 1916 жылғы ұлт- азаттық көтеріліс қазақ халқының сан ғасырлық қозғалысының тарихында ерекше орын алады. К.Қасымов бастаған ұлт- азаттық қозғалыстан кейін 1916 ж. көтеріліс бірінші рет кең-байтақ өлкенің барлық аймақтарын қамтыған , бүкілқазақтық сипат алған көтеріліс болды. Ол Ресейдегі әскери-отаршылдық басқару жүйесінің іргесін шайқалтып, Шығыстың отар халықтарының империалистік езгіге қарсы ХХ ғасырдың басында өріс алған бүкіл ұлт -азаттық қозғалыстың құрамдас бөлігі болды. 1960 жылдары орыстың белгілі тарихшысы А.В.Пястковский «Орта Азия мен Қазақстандағы 1916 жылғы көтеріліс отар халықтардың ( Қытайдың, Парсының, Оңтүстік Америка одағының және басқалардың) империалистік езгіге қарсы барған сайын өрши түскен, революциялық күрестердің бір буыны болғандығы сөзсіз», - деген пікір айтқан еді.

7. Ресейдегі ақпан буржуазиялық-демократиялық революциясы және оның Қазақстанға ықпалының ерекшелігін көрсетіңіз.

Ресей империясының барлық саяси жүйесіне тән дағдарыстың салдары болып табылатын 1917ж Ақпан революциясының нәтижесінде Патша үкіметі құлатылды. Ол Ресей халықтарының, оның алдыңғы қатарлы күштерінің патша билігіне, отарлық езгіге қарсы көпжылдық күресінің нәтижесінде, жеңісімен аяқталды. 1917ж 28ақпанда М.В.Розликоның басшылығымен мемлекеттік Думаның Комитеті құрылып, мемлекеттік және қоғамдық тәртіпті қалпына келтіруді өз қолына алғанын мәлімдеді. 2наурыз күні мемлекеттік Думаның уақытша комитеті мен Петроград Кеңесінің арасындағы келісім бойынша Уақытша Үкімет құрылды. Патшалық билікті құлатқан Ақпан революциясын қазақ қоғамы зор қуанышпен қарсы алды. Ақпан революциясы қалың бұқараның саяси құқықтарын кеңінен пайдалануға мүмкіндік жасады, Уақытша Үкіметтің ұлттық мәселесі бойынша қабылданған алғашқы актілерінің бірі 1917ж 20наурызда Ресей азаматтарының құқындағы діни наным-сеніміне, ұлтқа қарай шектеушілікті алып тастауы болды. Мемлекеттік Думаның Уақытша Комитеті мен Уақытша билік орындарын құру туралы 5наурызда арнайы қаулы жарияланды. Осыған байланыста жергілікті басқаруда, ел өмірін жаңа мазмұнда ұйымдастыруда өзгерістер бола басады. 1917ж Ақпан революциясынан кейін Қазақстанның қоғамдық-саяси өміріндегі белсенділіктің айтарлықтай арта түсуіне облыстық, уездік қазақ комитеттері үлкен әсер етті. Сонымен, Ақпан революциясының жеңісінен кейін Қазақстанда қоғамдық-саяси өмірдің біршама жандануында Ресейдің саяси партиялары өз әсерін тигізді. Ақпан төңкерісінің қазақтар үшін қаншалықты маңызды болғанын А.Байтұрсынов:”Алғашқы революцияны қазақтар тура түсініп, қyанышпен қарсы алса, ол біріншіден, бұл революцияның оларды патша үкіметінің қанауы мен зорлығынан құтқаруында және екіншіден, олдарды өзімізді басқарсақ деген ескі үмітінің нығая түскенінде еді”, деп түсіндіреді. Халықтың Уақытша Үкімтке барынша қоддау көрсетуіне оның 1916ж 25маусым жарлығының күшін жойып, енді бұратаналарды қара жұмысқа алуын тоқатуын, ал 7наурызда 1916ж көтеріліске қатысушыларға амнистия жариялау сияқты шаралары да ықпал етті. Бұл жөнінде М. Дулатов:”Сары әскер қарсылық қылған елдерге лек-легімен аттанып, қазақ-қырғыз даласын қызыл қанға бояуға кіріскен еді. 10айға жетпей патша өкіметі құламаса, Ресейдегі ұлт төңкеріс болмаса, не болар еді”,-деп жазған. Тұтастай алғанда, Уақытша Үкімет те, оның жергілікті ұйымдары да қазақ халқының ұлттық мәселелеріне таскерең күйінде қалды.



8. Қазақ зиялылыларының ұлттық өкімет құру жолындағы іс-әрекеттері және «Алаш» қозғалысының тарихи мәнін талдаңыз

Қазан төңкерісінің жеңісінен кейін ұлттық,ең алдымен ұлттық мемлекеттік құрылыс мәселелері өткір сипат алып,талқылана бастады.

РКСФР құрылғаннан кейін елдің шығысында жаңа автономиялық республикаларды құруға дайындық жұмыстары басталды. Қазақстанның Торғай,Орал,Ақмола,Семей облыстарында және Маңғыстауда қазақ

Кеңестік мемлекеттілігін құруға дайындық жөніндегі күрделі жұмыс жүргізілді.Қазан төңкерісінен бұрын қазақ либералдық-демократиялық қозғалысының жетекшілері Қазақстанда кеңестердің бүкілқазақ съезін шақыру дайындық жұмыстары болды.Мұның өзі шын мәнінде кеңестік мемлекеттікті құру және оны бекіту үшін күрес екендігін көрсетті. Қазақ зиялылары мемлекет құру процесінің кеңестік жолмен шешілуімен келісе алмады.Мұндай қарсылықтың себептері:бірінші-қазақ зиялылары әуел бастан тәуелсіз ұлттық автономия құруды жоспарласа,екінші-олар Қазан төңкерісін қабылдамады,сөйтіп Кеңес үкіметін мойындамады,оны заңсыз орнаған үкімет деп есептеді.Сондықтанда «Алаш»зиялылары ұлттық мемлекет құру үшін күрес жүргізді.Ұлттардың өзін-өзі билеу құқығын талап етуін заңды процесс ретінде түсінген «Алаш» азаматтары Ә.Бөкейханов,А.Байтұрсынов,М.Дулатов Кеңес үкіметімен келіссөздер жіргізіп,ұлттық автономия мәселесін шешуді қолға алды.Алайда, Кеңес үкіметі Алашорда үкіметінің өзін де,талаптарын да мойындағысы келмеді.Сондықтан да,олар ұлттық тұтастық негіздегі қазақ мемлекеттігін мойындамайтындығын, тек кеңестік негіздегі автономия беруге даяр екендігін білдірді.Осылайша алаштықтардың Кеңес үкіметі шеңберінде біртұтас ұлттық мемлекет құруға талпынысы нәтижесіз аяқталды.

I орыс ревалюциясы жылдары ұлттық зиялылар кейін Алаш қозғалысы атанған қоғамдық қозғалыстың негізін қалады.Алаш қозғалысының басты мақсаты-қазақ елінің өзін-өзі басқару,дербес мемлекет құру,

тілдің дамуына қажетті шарттар түзу болды,көрші түркі мұсылман халықтарымен күш біріктіруге тырысты.

II орыс ревалюциясы жылдарынан бастау алатын Алаш ұлт-азаттық қозғалысы 1917 ж. шарықтау шегіне жетті.Осы жылы Алаш партиясының,Түркістан автономиясы және Алашорда Үкіметтерінің құрылуы бұл қозғалыстардың нақты нәтижелері болатын.

9. Қазақстан тарихнамасындағы Алаш қозғалысы қайраткерлерінің еңбектерінің тарихи маңызын көрсетіңіз.

ХХ ғасырдың басында өмір сүрген ұлт зиялыларының қоғам алдындағы жауапкершіліктілігі, отансүйгіштігі мен биік мақсаттары – бүгінгі ұрпаққа үлкен өнеге. Олар біз үшін халық алдындағы адалдықтың, рухани кемелдіктің, ұлтжандылықтың үлгісі іспетті алаш Орда көсемі Ә. Бөкейханов өзінің еңбектерінің бірінде: «Мен тіршімін, дем аламын, туған елімнің ауыр жүгін арқалап өмір сүремін және мен үшін отанымның жарқын болашағынан асқан бақыт жоқ. Оны ойлағанда түн ұйқым төрт бөлінеді» деген болатын. Алаш қайраткерлері халықтың рухани және ұлттың санасын ояту жолын таңдап, қазақтың мемлекеттігі жолында аянбай тер төкті. Олар өзінің халқын азаттықта көруді армандап өтті. «Біздің басты мақсатымыз – елімізді өз тағдырын өзі таңдай алатын жағдайға жеткізу. Тек автономия алған жағдайда ғана халқымыз өз тізгінін өз қолына алады» деп Ж. Досмұхамедов те өз заманында айтып кеткен алаш қайраткерлері ұлттық сана-сезімді мемлекеттік деңгейге көтере білді. Алашшылардың негізгі ұраны осы күнге дейін өзінің өзектілігін жоғалтпаған елдің береке-бірлігі болды. Алаш интеллегенциясының басты игі мақсаты – халыққа қызмет ету туралы -1929 ж. қаңтарда Бутырка түрмесінен жазған, «Ұрпаққа хат» атты хатында Міржақып Дулатов былай дейді : «Мен құлға айналған, қаналған халқыма бұл құлдық жағдайдан құтылуға көмектесуді өз борышым деп білдім. Қазіргі кезде саясат саласында кеңестік билікке қарсы күрес ретінде көрсетіліп жүрген оқиғаларды алдын ала болжап білдім деп айта алмаспын, менің бар қалауым – қазақ ұлтының дербес, тәуелсіз, бақытты болғаны».

Басым көпшілігі сауатсыз, қараңғыда бұйығып жатқан елді оятып, жаңаша өмірге, еркіндікке, елдікке тарту, әлбетте, оңай болған жоқ. Соның ішінде А. Байтұрсынов ұйықтап жатырған елді оятар ма екен деп, «Масасын» ұшырды. М. Дулатов «Оян, қазақ!» деп ұран салды.

С. Торайғыров « Қараңғы қазақ көгіне, өрмелеп шығып күн болам» деп жалын атты. Ә. Бөкейханов орыс газеттеріне қазақ жерін алай болса солай тартып алып жатқан, қазақтарды шоқындыруды көздеген патша саясатына қарсы мақалалар жазды.


10. Әлихан Бөкейхан- ХХ ғасыр басындағы қазақ халқының көшбасшысы және оның 150 жылдық мерейтойының аталып өтілуі

Жалпы әлемдік тарихты, оны құрайтын халықтар мен мемлекеттер тарихын зерделеуде әрбір ұлттың қалыптасуындағы көшбасшы тұлғалардың дәуірлік маңызына ерекше мән беріледі. Қазақтың хандық мемлекет құрылғаннан бергі тарихын саралағанда осындай бірнеше тұлғаны айтуға боларлық. Біздің ойымызша, қазақ хандығын құрған Керей мен Жәнібек хандар, осы хандықтың халқын еселеп, территориясын анағұрлым кеңейткен Қасым, Хақназар, Есім хандар, ортақ хандық билік әлсірегенде жалпы қазақтың мүддесі үшін күрескен Абылай хан, хандық мемлекетті қалпына келтіруге майдан ашқан Кенесары хан, халқымыздың жалпы рухани мәдениетін, ой-танымын жаңа биікке көтерген Абай, тұтас ұлтқа ұстаз болған Ахмет Байтұрсынұлы, қазақ көркем сөзін соны деңгейге жеткізген Мұхтар Әуезов қазақтың сан ғасырлық тарихындағы осындай аса орасан көшбасшы тұлғалар. Бұл қатарда қазақ мемлекеттілігін қалпына келтіруге бар ғұмырын арнаған, жаңаша сипаттағы саяси күресті ұйымдастырған, Алаш қозғалысының көсемі Әлихан Нұрмұхамедұлы БӨКЕЙХАН да тұрады.

Әлихан Бөкейхан хандық дәуірден соң отаршылдықпен күрес қарулы көтерілістерге ұласып, соңынан бұл көтерілістердің бәсеңсіп, ақыры қазақ даласы патшалық Ресейдің қарамағына толықтай енген шақта, Абай айтқандай: «Өздеріңді түзелер дей алмаймын, Өз қолыңнан кеткен соң енді өз ырқың» деп күйзелген шақта тарих сахнасына халқының басылған еңсесін, кеткен есесін, көмескіленген үмітін қайтадан жағуға сайланып шыққан ұлы тұлға.
Алдымен Ахмет Байтұрсынұлы, Жақып Ақпаев, Міржақып Дулатов сияқты серіктердің, кейінірек ұлт күрескерлерінің тұтас буынын соңына ерткен дәуір көшбасшысы Қошке Кемеңгерұлы кезінде атап жазғандай осы «топты баулыған» Әлихан Бөкейханов болды. Біз «Алаш қозғалысы» дегенде оның құрамына халықты оятуға бағытталған ағартушылық ойларды, жалынды публицистиканы, саяси-көпшілік шараларды, халықты ұйыстыруды, әр түрлі басқосуларды, кеңестерді, съездерді, отаршыл билікке ұлт мүддесін жеткізуді, партия, үкімет құруды, келіссөздер жүргізуді, қарулы күрестерді атаймыз. Ә.Бөкейхан осылардың қай-қайсысын да тікелей ұйымдастырды немесе белсене қатысты. «Қарқаралы құзырхаты», Мемлекеттік Дума, «Қазақ» газетінің ұйымдастырылуы, облыстық, жалпықазақ сиездері, «Алаш» партиясы, Алашорда үкіметі, Алаш автономиясы, Уақытша, Сібір, Колчак үкіметтерімен келіссөздер, Уфа директориясы, міне, осылар сияқты Алаш қозғалысының ең негізгі оқиғаларының басында Әлихан Бөкейханов тұрды.
ХХ ғасыр басында ұлтшылдық идеясы ғана халықты топтастыра алатын еді. Ұлтына ерекше жаны ашитын, оның отаршылдық қамытындағы тағдырын өзгертуге тәуекелге баратын ұлтшылдық көзқарастағы тұлғалар ғана азаттық күресін ұйымдастыра білетін еді. Осы кезеңде жоғары немесе арнаулы білім алған қазақ оқығандарының шоғыры қалыптаса бастады. Осы топты баулитын оған басшы болатын тұлғаны тарихи кезең тарих сахнасына шығарды. Ол – Әлихан Нұрмұхамедұлы Бөкейхан болды.

ЮНЕСКО-ның Парижде өткен Бас конференциясының 31 сессиясында Алаштың көсемі,көрнекті мемлекет қайраткері Ә.Бөкейхановтың 150 жылдық мерейтойы 2016 жылы ЮНЕСКО көлемінде тойлау ұсынысы қабылданды.

Ә.Бөкейханов ХІХ ғасырдың соңы мен ХХ ғасырдың басындағы қазақтың біртуар азаматтарының қатарындағы енрекше тұлға Алаш қозғалысының жетекшісі, Алашорда автономиялы үкіметінің төрағасы. Ол қазақ халқы үшін публицисит те, экономист те, ғалым да, этнограф та болды.

2016 жылы Ә.Бөкейхановтың 150 жылдығы болса, 2017 жылы «Алаш» ұлт-азаттық қозғалысының 100 жылдығы толмақ. Ә.Бөкейхан бастаған Алаш қайраткерлері саясат жүзінде патшалық үкіметке де, Уақытша үкіметке де, кейінірек Кеңес үкіметіне де қазақтың өз азаттығы үшін күресе алатынын, өз абыройын қорғай алатынын көрсетті. Бұл жалпы халықтың жанына жігер, жүрегіне сенім ұялатты. Қазақ халқының дербес ел, азат ұлт ретінде өмір сүре алатынын, оны соған бастай алатын, басқара білетін елшіл, мемлекетшіл қайраткерлер қалыптасқанын көрсетті. Бұл әрбір халық үшін ең маңызды мәселе. Осындай халықтар ғана тәуелсіз ел болуға лайықты. Алаш қозғалысы, оның көсемі Әлихан Бөкейханның тарихи тағылымы да осында, ондай тұлғаға қандай құрмет болса да жарасады. Бұл – елдіктің айғағы.


11. Ахмет Байтұрсынұлының қазақ халқының рухани дамуына қосқан үлесін көрсетіңіз.

Кемеңгер қоғам қайраткері, ұлт ұстазы  ,тұтас буынның төлбасы, кешегі Абай Құнанбаев, Ыбырай Алтынсарин, Шоқан Уәлсалған ағартушылық, демократтық бағытты ілгері жалғастырушы Ахмет Байтұрсынов атамыз болып табылады.

Қазір біз Отанымыздың тарихын жалтақсыз зерттеп, тіліміздің, діліміздің, рухани мұраларымыздың тамырын терең тануға кірістік. Осы тұрғыдан алғанда, халқымыздың ғылымын өркендетуге, білім мен әдебиетін дамытуға өлшеусіз үлес қосқан, аласапыран жылдарда қазақ елінің болашағын ойлаған алыптардың қатарында Ахмен Байтұрсынұлы ойып тұрып орын алады.

Ахмет Байтұрсынұлы- қазақ халқының ХХ ғ басындағы ұлт-азаттық қозғалыс жетекшілерінің бірі,ақын, аудармашы, педагог-ағартушы, публицист, қоғам қайраткері, лингвист, қазақ әдебиетінің негізін қалаушылардың бірі.

Ахмет Байтұрсынұлы өз замандасынан озық туады,жазық елді озық етемін деп халқының алдына шығып,өрге сүйрейді, жолында тұрған кесепаттарды өңменінен түйрейді. Ол отаршылдықтың обыр саясатына қарсы халықты ояту үшін халықты оқыту керек деп түсінді. Осы жолда газет шығарып, мақала жазып, ұйқыдағы ұшлтын оятып, замана аңғарын түсіндірді,өлең жазып, мақсат-мүддесін танытты.

Өткен ғасырдың басында қазақ даласында мемлекетшілдік ұраны оянды. Сан ғасырға жалғасқан отаршылдық бұғаудан босанудың қам-қарекеттері басталды. Осы баянды істің басында қазақ оқығандары тұрды. Солардың бірі Ахмет Байтұрсынов еді. «Жақсының хаты өлмейді» дегендей Алаш мұралары біздің ұлттық қазынамызға айналды. Тағы да Ахмет Байтұрсынов айтқандай: «Адамдықтың егінін шаштым, ектім, Көңілін көтеруге құл халықтың…». Дәл осында айтылғандай Алаш идеясы, мұрасы, еңбектері, өсиеттері құл халықтың көзін ашпаққа керек.

1911 жылы Орынборда жарық көрген «Маса» жинағы- Ахмет Байтұрсынұлының төл өлеңдерінің топтамасы. Халық тағдырына жаны күйіп, оны ұйқысынан оятуға, серпілтіп, жігерлендіріп, алға жетелеуге күш салған азаматтың үні естіледі.

Ол күрескен кесепаттар-надандық ,қараңғылық, кертартпалық, отаршылдық. Осы надан,қараңғы ұйқыда халықты маса болып ызыңдап шағып оятуға бар күш-жігерін жұмсайды.



«Ата-бабаларымыз аңсаған азаттық пен тәуелсіздікті алдық. Ендігі мәселе- соны ертеңге жеткізу, келесі ұрпаққа, болашаққа Қазақстанның осы Тәуелсіздігін аманаттау» деп Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев айтқандай, қазіргі біздің осындай бейбітшілікте өмір сүріп,өзіміздің тілімізде сөйлеп, дінімізді ұстануымыз , басқа елге тәуелді болмай, еркін өмір сүруіміз, «ұлтым-арым, халқым-жаным» деп өткен осындай азаматтарымыздың арқасында.

12. Түркістан (Қоқан) автономиясының құрылу тарихы мен Мұстафа Шоқайдың қызметін баяндаңыз.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет