«Қазақстанның қазіргі заман тарихы» пәні қоғамдық тарихи сананы қалыптастырудағы маңызын айқындаңыз



бет3/7
Дата19.12.2019
өлшемі236,02 Kb.
#53789
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
тарих экзамен новый жауап
Геодезия 19-20 емтихан сұрақтары2

Тың игерудің пайдасы. Тың игеру Қазақстанда ерекше қарқынмен жүргізілді;

1) Тың игеру жылдары Қазақстанда 25 млн.га жер игерілді. (Одақ бойынша 41 млн.га).


2) Қазақстанда егістік жерлердің көлемі артты.
3) Астық өндіру көлемі жағынан Қазақстан одақта 2-орынға шықты. Соның арқасында Қазақстан Орта Азия мен Сібірді, Оралды астықпен қамтамасыз етті.
4) Тың игеру жылдарында Қазақстан көп ұлтты республикаға айналды.
5) Экономиканың басқа салаларының дамуына әсер етті.
6) Қазақстан жерінде көптеген тұрғын үйлер, құрылыстар, мәдени объектілер салынды. Он мыңдаған шақырым жолдар төселді.
7) Жүздеген совхоздар құрылды, (1954 ж. 120-дан астам) елді мекендер көбейді.
8) Халықты азық-түлікпен қамтамасыз ету біршама жақсарды.

Тың игерудің салдары :Көптеген жылдар бойы тың жерлерді игеру партия көрегендігі, мемлекет жеңісі ретінде дәріптеліп келді. Ал оның көлеңкелі жағы туралы ештеңе айтылмады және айтылуы да мүмкін болмады.

Ең алдымен Қазақстанға келген тың көтерушілер арасында арамтамақтар мен қылмыскерлер де болды. 1954-1955 жылдарда Қазақстанға келген 650 мың тың игерушінің 150 мыңы ғана механизаторлар болды. Нәтижесінде, көптеген тәртіп бұзұшылдықтар, қылмыстар болып тұрды.

1) Тың игеруге байланысты жайылымдар мен жем-шөп дайындайтын алқаптардың көлемі тарылды.
2) Мал шаруашылығының дамуы артта қалды. Мал шаруашылығының азаюына байланысты ет, сүт өнімдерінің көлемі де азайды.
3) 1956 жылы Отанға тапсырылған млрд. пұт Қазақстан астығы уақытында жиналмай қар астында қалды, біразы іріп-шіріп кетті.
4) Сырттан келген мамандардың тұрақтамауы жаппай етек алды.
5) Сырттан келушілер көп болып, қазақтар ата қонысында азшылыққа айналды: 1954-1962 жылдыры 2 млн. адам келді. Қазақтар республика тұрғындарының үштен бірінен де аз болды. Мысалы, 1897 жылы - 85%-н болса, 1962 жылы - 29%-ғана болды.
6) Ауылшаруашылық өндірісі мен халық санының өсуінен тұрғын үй салу қырқыны және мәдени-тұрмыстық қызмет көрсету артта қалды.
7) Экологиялық жағдай күрт нашарлады. Аса көп территория жыртылып, нәтижесінде көп жерлер тіршілікке жарамсыз болып қалды. Топырақ эрозияға ұшырап, жердің құнарлылығы азайды.
8) Қазақ халқының ұлттық ерекшеліктері аяққа тапталды. Тың игерушілер арасында қазақ халқының ұлттық намысын қорлайтын теріс пікірлер тарады.
9) Тың игеру жылдары қазақ халқының салт-дәстүрлері, мәдениеті, ұлттық руханияттары ескерілмеді.
10) Қазақ мектептері, балабақшалар, қазақ тіліндегі газет-журналдар азайды. Қазақ тілінің қолдану аясы тарылды. Осының барлығы қазақ халқының бір бөлігінің өз ана тілін ұмытуына әкеп соғып, халықтың ерекшеліктері, ұлттық намысы біртіндеп жоғала берді.
30. 1960-1980 жылдардағы КСРО өнеркәсібінің дамуына Қазақстанның қосқан үлесі.

XXғ. 60-80 жылдарындағы саяси өмір.

Н.С.Хрущев Қазақстанды сынақ алаңы сияқты пайдаланып, көптеген тың тәжірибелерді, оның ішінде келешегі жоқ тәжірибелерді сынақтан өткізіп байқап көрді. Гидропоникалық әдіспен өсімдік өсіру, жүгері егу т.б. осы сияқты тәжірибелер Қазақстан шаруашылықтарында байқаудан өтті. Оның айтуымен республиканың оңтүстіктегі аудандары көршілес республикаларға берілді, өлкелер құрылды. Көптеген қосалардың аттары өзгертілді: Ақмола – Целиноград атанды, Батыс Қазақстан облысы – Орал облысы болды. Хрущевтің жолсыздықтары мен жөнсіз қылықтарын ашық айтпаса да халық оған наразы болды. Сойтіп, елдің экономикасын жаңа сатыға көтеру, халық шаруашылығын басқару, өндірісті жоспарлау мен ынталандыру жүйесін тубегейлі жақсарту қажеттігі кесіп жетілін келе жатты. Экономикалық мәселелерді шешуде субъектівизмде, валюнтаризмді жою қажеттігі барған сайын айқындала түсті.

Елде қалыптасқан жағдайы түзеу және жол берілген қателіктерді жою жөнінде кезек күттірмейтін шығұл шараларды 1964 жылы 14 қазанда болып өткен КОКП-ның пленумында қабылдады. Пленум Н.С.Хрущевті КОКП ОК-нің бірінші хатшысы және КСРО Министралер Советінің төрағасы міндеттерінен босатты. Оның орнына КОКП Орталық Комитетінің бірінші хатшысы етіп Л.И.Брежневті сайлады, ал Кеңес Өкіметінің басшысы етіп КСРО Жоғарғы Кенесі А.Н. Косыгинді тағайындады. Осының артынша партия, совет және басқа қоғам ұйымдарын 1962 жылы жүзеге асырылған өндірістік принцип бойынша бөлу ойластырылмаған іс деп бағаланып, олардың территориялық - өндірістік принцип бойынша құрылуын қалпына келтіру ісі қолға алынды. Сонымен бірге жоспарлау мен экономикалық ынталандыру әдістеріндегі қателер де түзетіле бастады. Осы жылдарда іске асырылған шаруашылық реформа дәйекті жүргізілмегеннің өзінде елдің экономикасын көтеруге елеулі ықпал жасады.

70 жылдардың басында бұрынғыдай социализмнен коммунизмге өту туралы территориялық идея басым болды. Бұл жайлы 1967 жылы қазан төңкерісінің 50 жылдығына арналған сөзінде Л.И.Брежнев мәлімдеді.

1977 жылы 7 қазанда КСРО Конституциясы қабылданды. Конституцияда қияли болжамдар көп болды. Коммунизмге өтер жол мәселесі, кемелденген социализм теориясы кең таралды.

1978 жылы 20 сәуірде Қазақ КСР-інің конституциясы қабылданды. Бұл Кеңестік жүйедегі Қазақстанның соңғы Конституциясы болды. Бұл Конституциясында да демократияны шектеу, адам құқығын елемеу т.с. қоғамға жат құбылыстар орын алды. Ұлтаралық қатынастарда да келеңсіз жағдайлар көбейді. Республикада орыс тілі «ұлы тіл» ретінде дәріптеліп, қазақ тіліне немқұрайды қарау кеңейді.

1979 жылы КОК ПК–ы Қазақстан жерінде неміс автономиялық облысын құру туралы шешім қабылдады. Автономиялық облыстың құрамына Ақмола, Павлодар, Қарағанды, Кокшетау облыстарының бірнеше аудандары кіруге тиіс болды. Жоспар бойынша автономиялық облыс орталығы Ерейментау қаласында орналасатын болды. Бұл жөнінде арнайы комиссия құрылын, оған КОКП ОК-ының хатшысы А.Коркин торағалық етті. Партияның бұл шешімі қазақ халқының ұлттық мүддесін аяққа таптаудың көрінісі болды.

1979 жылы 16 маусымда Ақмола қаласындағы Ленин алаңына қазақ жерінде неміс автономиясын құруға наразы болған жастар жиналды. «Неміс автономиясына жол жоқ!» «Қазақстан бөлінбейді!» деген жазулары бар плакаттар ұстаған жастар партияның бұл шешімін қатты айыптады. Осы жылы 19 маусымда жастар алдына шыққан атқару комитетінің төрағасы Жұмахметов пен облыстық партия комитетінің бірінші хатшысы Морозов Қазақстан жерінде ешқандай автономия құрымайтынына жастарды сендірді.

70 жылдар мен сексенінші жылдардың бірінші жартасында партияның жоғары орындарында сөз бен істің бірлігіне шақырылған үндеулер барған сайын күштірек естіле бастады. Мұның өзі екі жүзділік үндеу еді. Ойткені, оны басшы органдарында отырғандардың өздерінің орындауы міндетті болмады, талап тек қана төменгі буындағыларға бағытталды. Ішкі партиялық жұмыстарды жақсарту мен жетілдіру жөніндегі көптеген қаулылар көзбояушылық сипат алды. Партия басшыларының қатып қалған жаттандылық және дүмшелік пен цифрлардан, алуан түрлі есеп құрастырудан басқа ешнәрсе талап етілмеді. Партия беделі барған сайын құлдырай бастады.

Сонымен Қазақстан президенті Н.А.Назарбаев айтқандай, тоқырау өмірдің барлық салаларында: идеология да, адамдар арасындағы қарым-қатынаста да, орын алды. Брежневтің жеке басына табыну етек алған жағдайда, әсіресе, жетпісінші жылдардың аяғы мен сексенінші жылдардың бас кезінде ол барған сайын күшейе түсті.

Өнеркәсіптің дамуы.

1965 жылы қыркүйекте КОКП ОК-нің пленумы болып өтті. Пленум өнеркәсіпті дамытуға арналды. Пленумда қойылған міндеттер:
1. Өнеркәсіпті салалық принцип (ұстаным) бойынша басқару.
2. Өнеркәсіп салалары бойынша одақтық республикалық министрліктер құру.
3. Кәсіпорындар дербестігін арттыру.
4. Шаруашылық есепті дамыту.
5.Жұмыскерлерді экономикалық ынталандыру мен материалдық мадақтаулары көбейту.

КСРО жоғарғы Кеңесінің сессиясы 1965 жылғы өнеркәсіпті басқару жүйесін өзгерту және мемлекеттік жоспарлау жөніндегі кейбір басқару оргадары өзгеше құру туралы заң қабылдады. Көп ұзамай осындай қаулылар мен заңдарды Қазақстан Компартиясы ОК-нің XIV пленумы мен Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі де қабылдады. Қабылданған шешімдерге сәйкес 1965-1966 жылдары Қазақстанда халық шаруашылығы Қеңесі және экономикалық аудандардың халық шаруашылығы кеңестері таратылып, салалық одақтық – республикалық министрліктер құрылып, өнеркәсіптік, құрылыс материалдары, орман, целлюлоза – қағаз және ағаш өңдеу, азық – түлік т.б. кәсіп орыңдары біріктірілді.

60 жылдардын басында өнеркәсіпті сапалық жағынан өзгерту, ғылыми негізде құру үрдісі басталды. Қазақстанда өнеркәсіпке жаңа техниканы енгізу жоспары жасалды. Ең алдымен өндірісті электрлендіру мәселесі қолға алынды. Қарағандыда іске кіріскен екінші МАЭС пен Бұқтырма су – электір станциясы техникалық – экономикалық көрсеткіштерінің жоғарылығымен ерекшеленді – 45 мың шақырымнан асатын қуатты электр тасымалдау жүйесін орнатты. Қарағанды көмір кеніндегі механикаландырылған жүйе еңбек өнімділігін 6%-ға дейін көтерді. Өндірістің автоматтандырылған жүйесі 27 мың адамның еңбегін атқарды. 1985 жылы жаңа технологиялық процесті өндіріске енгізгені үшін Ащысай полиметалл комбинатына Лениндік сыйлық берілді. Екібастуз көмір кесіндісіне озық технология қолданылып, қуатты экскаваторлар пайдаланылды. Ғылыми – техникалық жетістігі нәтижесінде Шымкенттегі М.И.Калинин атындағы заводта жұміс технологиясы жақсартілді. 1965 жылы Өзен кен орнында жаңа технология негізінде алғашқы мұнай өндірілді.

1965 жылғы шаруашылық реформасы нәтижесінде ғылыми – технологиялық процестерді өндіріске енгізу ісі өнеркәсіптегі жағдайды түбірімен өзгертті. Реформа еңбекпен өндірісті ұйымдастыруды жетілдіруге оң жол ашты. Кәсіпорындар қызметін жоғарыдан реттеуге шамадан тыс әуестенушілік доғарылды, олардың шаруашылық дербестігі ұлғая тусті. Пайда, баға, ақшалай сыйлық, несие тәрізді экономикалық тұтқалар қозғалысқа келтірілді. Әрбір жұмыскердің, тұтастай алғандағы кәсіпорынның материалдық мүдделігіне баса назар аударылды. 1966 жылы Қазақстанның Өскемен қорғасын – мырыш комбинаты, Шымкент – цемент заводы бастаған II өнеркәсіп жұмыс жүргізудің жаңа тәртібіне көшті. 1970 жылы Қазақстан өнеркәсібінің 70% - ы жоспарлаудың жаңа жүйесіне жұмыс істеді.

1970 жылға қарай КСРО-ның халық шаруашылығында Қазақстанның көмір және темір кенін өндіру, болат балқыту, қара металдар прокаттау жөніндегі үлес салмағы өсті. Республикада бұрын болмаған өнеркәсіп салалары өркендеді: титан, магний, синтетикалық каучук, полиэтилен, көтергіш крандар өндірістері т.б.. Мұнай өндіру және химия өнеркәсібі де бұл уақытта жалпыодақтық маңызға ие болды.

Женіл өнеркәсіптер қатары өсті: Теміртау, Жамбыл қалаларында азық-түлік өнеркәсібі, Алматыда мақта-мата өнеркәсібі, Семейде трикотаж фабрикасы алғашқы өнімін бере бастады. Бес жылдың ішінде республикада жеңіл өнеркәсіптің 14 кәсіпорны салынды.

Аз ғана уақыттың ішінде Қазақстанда 170-ке жуық кәсіпорын іске қосылды. Қуатты Екібастұз отын энергетика кешенінің құрылысы 1970 жылға қарай басталды. 1975 жылға қарай еліміздегі кәсіпорындардың барлығы энергиямен қамтамасыз етілді. 80 жылдары одақ көлемінде өндіріске енгізілген ғалыми-техникалық жаңалықтардың 3% - ы Қазақстанға тиесілі болды.

Тоқырау кезеңі дейтін 1971-1985 жылдар аралығында Қазақстан экономикасы бұрынғысынша техникалық прогреске кабілетсіз, қарабайыр (экстенсивті) әдіспен жұмыс істеді. Соның өзінде халық шаруашылығының дамуында кейбір келелі көрсеткіштерге қол жеткізді. Мәселен, осы жылдарда өндіріс және ғылыми өндірістер құрылымдарының саны 28-162 дейін, оның ішінде кәсіпорындар 1971 жылы – 97, ал 1985 жылы – 610 дейін өсті.

Бірақ шаруашылық реформа нәтижесі күткендегідей болмады. Оның себептері:

- КСРО-да ҒТП негізінде түбегейлі өзгерістер жүргізу қажеттігі сөз жүзінде мойындалғанымен, іс жүзінде бұрынғы басқару әдістерін қолдану жалғаса берді.

- Мемлекетттік – монополистік меншік ҒТП – ты тежеп, экономиканың тиімді дамуына мүмкіндік бермеді.

- Өндірістік берлістіктер құру ісі ғылыми-техникалық саясатта монополиялық бетбағыттардың пайда болуына әкеп тіреді.

Өндіріс саласындағы кемшіліктер:

- Республикада бұрынғысынша шикізат өндірісіне біржақты бағдар ұсталды.

- Республика өндірісінде-көмірдің 50-60%-ы; мұнайдың 70%-ы, темірдің 11,5%-ы рәсуа етілген.

- Әр түрлі себептермен жұмысқа шықпай қалушылық салдарынан жұмыс уақыты босқа жоғалды.

- Кәсіпорындар құқы шектелді.

- Орталықтың өктемдігі күшейді және де басқа ұнамсыз құбылыстар көбейді.

- Жоспарларға түзетулер енгізу сақталды. 1981-1985 жылдары әр түрлі министрліктер мен ведомстволардың жоспарлары 300 реттен астам түзетілді.

- Директивалық жоспарлау экономикаға орасан зор нұқсан келтірді.

Нәтижесінде Арал теңізі проблемасы пайда болды:

1. Арал теңізі атырабына өндіргіш күштерді орналастыруда жіберілген стратегиялық қателіктер.

2. Жер мен су қорын есепсіз пайдалану.

3. Мақта мен күріш дақылдарын өсіруге дара үстемдік беру. Нәтижесінде теңіз түбі 27 мың шаршы шақырымға құрғап қалды. Теңіз суының тұздылығы 3 есеге өсті. Балық өнеркәсібі жойылды. Теңіз түбінен тұз бен шаң көтеріліп, Арал аймағының климаты күрт нашарлады. Адам өлімі, әсіресе балалардың шетінуі көбейді. Аймақ тұрғындарының 80%-ы әр түрлі сырқаттарға шалдықты. Экологиялық апат қазақ ұлтының генетиклық өсіп-өнуі мүмкіндігін сақтап қалу проблемасын көтерді.

Осындай экономикалық дамудағы кемшіліктерге қарамастан 70-жылдары өнеркәсіп жетекші орын алды. 170-тен астам өнеркәсіп кәсіпорны мен цехтар бой көтерді:

1. Лисаков кен-байыту комбинаты,

2. Шерубай – Нұра шахтасы,

3. Талдықорған аккумулятор заводы,

4. Павлодар облысында Ертісте Шүлбі СЭС-і құрылысы басталды. 1970-1985 жылдары өнеркәсіпті өркендетуге 40,8 млрд. сом жұмсалды (32%). 1970-1985 жылдары өнеркәсіп өнімінің жалпы көлемі – 2 есе, машина жасау, химия өнеркәсібі – 3 есе өсті.

Ауыл шаруашылық жағдай.

1965 жылдан бастап ауыл шаруашылығы саласына бөлінетін қаржының көлемі көбейді, 7,1 млрд. сом бұл салаға тек қана 8-бесжылдықта бөлінді. Республикада 1893 шаруашылық дәнді дақылдар өсіруге мамандандырылды, 1285 шаруашылық қой өсірумен айналысты. 1967 жылдан бастап ауыл шаруашылық кәсіпорындар шаруашылық есепке көшіріле бастады. Бұл кезде ауыл шаруашылық саласына басқа республикалардан жұмысшылар келе бастады. 1968 жылы Қазақстанға армия қатарынан босатылғандар және басқа одақтас республикалардан 16 мыңға жуық комбайншы келді.

70-80 жылдары ауыл шаруашылығы жөнінде ауқымды шешімдер қабылданып, оларда сала өндірісінің материалдық базасын нығайту, оның осұ қарқынын барынша ұлғайту, мамандыру мен шоғырландыру көзделді. 1971-1980 жылдар ішінде республиканың ауыл шаруашылығына 18 млрд. сомнан астам кұрделі қаржы жұмсалды. Жерді суландыруға, химияландыруға да орасан зор көлемде қаражап бөлінді.

Ауыл шаруашылығының мәселелерін тек күрделі қаржыны көбейту арқылы ғана шешуге тырысу күткендей нәтиже бермеді. Ауылшаруашылық өнімдерін өндіру төмендей бастады. 9-бесжылдықта - 13%, 2-бесжылдықта – 0,4%.

1964-1985 жылдары мал шаруашылығы құлдырады: 4,2 млн. – ірі қара; 55 млн.-қой-ешкі; 5,1 млн. – шошқа өлім – жітімге ұшырады. Ауыл шаруашылық кәсіпорындар солақай саясаттың кесірінен көптеген шығынға батып отырды.

1986 жылы еліміздегі барлық ауылшарушылық кәсіпорындар, шаруашылықтар өздерінің қаржысынан айырылып, несиемен ғана жұмыс ітей бастады.

70-жылдары республиканың бірқатар ауылшаруашылық қызметкелер шаруашылық жүргіздің қалыптасқан құрылымын өзгертуге әрекеттенді, И.М. Худенко сондай адамдардың бірі болатын.

Алматы облысының Еңбекші қазақ ауданындағы «Іле» және «Ақши» совхоздарының директоры И.М. Худенко шаруашылықты басқарудың құрылымын өзгертуге бағытталған бірқатар шаралар қолданып, еркін еңбек ету жүйесін енгізеді, фермерлер усадьбаларын дамытуға әрекеттенді. Бюрократиялық жүйенің кесірінен И.М. Худенко қуғындалып, ақырында бас бостандығынан айырылады. Түрмеге түсіп, сонда қайтыс болады.

Колхоздардың дербестігін жоюға бағытталған қадамның бірі – ауыл шаруашылығын мамандыру, кооперациялау және агро-өнеркәсіптік интеграциялау туралы КОКП ОК-нің 1976 жылғы шешімі болды. Оның негізінде колхоздар мен совхоздарды механикаландырылған агро-өнеркәсіптік бірлестіктерді күштеп біріктіру жұргізілді.

1982 жылы мамыр айында КОКП ОК-нің пленумы болып өтті. Онда Азық-түлік программасы қабылданды және агро-өнеркәсіптік кешеннің тиімділігінің жеткіліксіз дәрежеді екендігін мойындауға мәжбур болды. Пленум азық-түлік проблемасын шешудін бірден-бір мүмкін жолы интесивтілігі басым өсу факторларына көшу деп тапты.

Алайда Азық-түлік бағдарламасы мен ауылшаруашылық өндірісінің қулдырауын тоқтатуға бағытталған өзге де әрекеттер айтарлықтай нәтиже бермеді. Өйткені бағдарлама басқарудың ескірген жүйесі аясында жасалды және шаруалардың түбегейлі мүдделерін, ауыл еңбеккерлерінің экономикалық мүдделерін қозғаусыз қалдырды. Колхоздар мен совхоздардың шаруашылық дербестігі бұрынғысынша жоғарыдан реттелді. Осының салдарынан ауыл шаруашылығындағы жағдайдың дағдарыстық сипаттары көбейе түсті. 80-жылдардың орта шенінде іс жүзінде барлық жерде тамақ өнімдерімен шектеулі қамтамасыз ету жүйесі енгізілді. Село тұрғындарының еңбегі бағаланбай, олар қалаларға, басқа жақтарға көшіп кетуге мәжбүр болды. Жүздеген қаңырап қалған кішігірім ауылдар пайда болды.

Экологиялық жағдай

Ұлы Отан соғысынан кейінгі жылдарда КСРО-да экологиялық жағдай күрделі проблемалардың біріне айналды. Бұл проблемадан Қазақстан да тыс қалған жоқ. Әлем тарихында «қырғи қабақ соғыс» («холодная война») соғыс аталған империалистік мемлекеттер мен социалистік мемлекеттер арасындағы жанталаса қарулану бәсекесі XX ғасырдың 2-ші жартасында дүниені шарпыды. Бұл бәсекеде басты орында АҚШ пен КСРО тұрды. Ең алдымен бұл екі мемлекет ядролық қарудың ошағына айналды.

Қазақстан КСРО қорғаныс кешенінің ең ірі ядролық полигоны болды. Қазақстан жеріне осы және тағы басқа әскери қару-жарақ кешендерін салу барасында ешкімнің мүддесі ескерілмеді. Қазақстанда ең ірі Семей полигоны болды. Семей, Павлодар, Қарағанды облыстары түйіскен жерде орналасқан бұл полигон 8372 км2 жерді қамтыды. 1949 жылы 29 тамызда Семей полигонда алғаш рет ядролық қаруды сынады. Семей полигонда барлығы 500-ге жуық ядролық сынақ өткізілді. Ол кезде полигонның халыққа, қоршаған ортаға деген зияны туралы еш нәрсе айтылмады. Полигонда өткізілген әрбір сынақтың адам өміріне келтіретін зияны өте көп болды. Адамдар арасында түрлі аурулар көбейді. өмірге келетін сәбилердін кемтар болып тууы жиіледі. Жер қыртыстары жарамсыз болып қалды.

1969 – 1970 жылдары Маңғыстау жерінде жер астында ядролық қару үш рет сыналды. Бұл сынақ халықтан жасырын түрде өткізілді.

70 жылдардан бастап Қазақстандағы тағы бір экологиялық апатты аймақ Арал теңізі болды. Ең алдымен өндіргіш күштерді орналастыруда жіберілген стратегиялық қателік басты себептердің бірі болды. Сырдария, Амудария өзеңдері суларын мақта, күріш дақылдарын өсіруге қисапсыз пайдалануы Арал теңізінің тартылуын тездетті. Қазіргі уақытта Балқаш көлінің де экологиялық жағдайы проблемаға айналып отыр.
31. Кеңестер Одағы тұсындағы экологиялық дағдарыстар және Семей полигонындағы ядролық сынақтардың зардаптарын талдаңыз.
Қазақстанның көптеген аудандары , бүгінгі күнде де экологиялық мүшкіл хәл кешіп отыр .Қоршаған ортаның зиянды зардаптарымен , техногенді қалдықтармен ластауда Қазақстанның мына кәсіпорындары үлес қосып отыр; Батыс Қаз. мұнай , газ конденсат кен орындары , Өскемени қорғасын- мырыш комбинаты, Өскемен титан- магний комбинаты, Лениногор полиметал комбинаты , Жамбыл суперфосфат зауыты, Павлодар альюмини зауыты , т.б. Экалогиялық апат аймағында отырған ел ең алдымен , ауыз су тапшылығын коріп отыр . Теңізбен қоса ,Арал өңіріндегі жергілікті тұрғындарды құтқару керек . Өйткені елді мекеннің тек 15-20 пайызы ғана таза су ішіп отыр , ал қалған тұрғындар мем лекеттік стандартқа мүлдем қайшы келетін ауыз суды пайдалануда. Мұның өзі түрлі жұқпалы аурулардың өршуіне, өңір халқының денсаулығына кері әсерін тигізуде. Түрғындар арасында жүрек, өкпе, қан қысымы, буйрек, бауыр, т,.б аурулардың корсеткіші республикаданда жоғары болып тұр. Қазақстан экологиясы ушін Семейдегі полигон әкелген зардаптары орны толмас өкініштерге ұрындырып отыр. Осы өңірде жарылған 500ге жуық бомбаның сойқаны , адамдарды ақыр заман індетіне шалдықтырып , жер ананы осымен тайдырып жібере жаздады. Егер жарылыс тоқтамағанда, әр сынақ табиғатқа зиян әкелып улы тозаң мен аждаһа ошағы жарты әлемді ойрандап , орта азияны ядролық тозаңға тұншықтырып , халықтың түбіне жетер еді. Осы полигон маңындаға қазақтардың көбі, дарігерлердің озі анықтай алмайтын аурулардан қырылғаны белгілі. Жарты ғ жуық жалғасқан атом полигоны жер суды ойрандап аурулардын шығуына жол ашты.

Семей полигонының төңірегіндегі экологиялық апатқа ұшыраған аймақ қана 300 мыңнан астам шаршы шақырымды алып жатыр. Қазақстанның Германия аумағына барабар аумағының оннан бірі бөлігі уланған, құла дүзге айналып, жүздеген ядролық жарылыстар оған жазылмастай жарақат салды.

Семей ядролық сынақ полигонын құру туралы шешім 1947 жылы 21 тамызда қабылданған. Ядролық сынақ 1949 жылдан 1989 жылдар аралығында өтті.
ҚР Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Павлодар үш облыс аумағында орналасқан, сынақ алаңы 18500 км., периметрі шамамен 600 км алып жатыр.
Бұрынғы Семей облысы бойынша полигон алаңы 10 000 км жерді алып жатыр.
1949-1989 жылдар аралығында Семей полигонындағы ресми деректерге сәйкес 456 ядролық сынақ, соның ішінде 8-і – ауада, 30-ы – жердің үстінде және 340-ы – жер астында болды. Қоршаған ортаға атмосферада сыналған және 1949–1962 жылдар аралығында жүргізілген ядролық сынақтар орасан шығын әкелді.
32. Тоқырау жылдарындағы ғылым, әдебиет және өнер саласындағы жетістіктер мен олардың қайшылықты сипатын ашыңыз
Тоқырау жылдары деп аталатын кезең 1960 жылдардың ортасынан бастап, 1980 жылдардыңортасына дейінгі кезеңді қамтиды. Бұл кезеңде социалисттік бағдардағы мемлекеттер арасындағы жетекші рөл атқарып келген Кеңес Одағын ықпалы бұрынғыға қарағанда әлсіреп кетті. Жыл сайын КОКП- ның халықаралық аренадағы беделі түсіп, дүниежүзілік арандатушы фактор көріне бастады.

Қазақ елі тоқырау жылдарындағы ғылым, әдебиет, өнер саласында көптеген жетістіктерге жетті. 1978 жылдың ең маңызды жаңалығы Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің төралқысы республиканың жаңа конституциясы жобасын «Бүкілхалықтық талқылауға» ұсынды және Кеңестік Қазақстанның соңғы конституциясы қабылданды.

Сонымен қатар тоқырау жылдарындағы «Жас тұлпардың» ықпалымен көптеген елдерге танымал болған ансабльдер: Гүлдер, Айгүл, Дос-Мұқасан.

Бүгінде ол – өзіндік қолтаңбасы бар, ұлттық бояу-бедері қалыптасқан шоғырлы ұжымдар болды. Шетелдерде өнер көрсетіп, талайлардың таңдайын қақтырған ұлттық ансамбльдер биік белестерді бағындырып, қазақтың салт-дәстүрін дәріптеді.

1975 ж сонымен қатар Олжас Сүлейменовтың жарық көрген «Аз и Я» кітабы түркі және славян халықтарының ежелгі жазба ескерткіштеріне арналған. Бұл кітабында «Игорь жасағы туралы» жырға талдау жасалған. Алайда «Аз и Я» кітаы тауар айналымынан, кітапханалардан алынып тасталды.
33. Қайта құру мен жариялылықтың қоғам мен экономикаға тигізген әсерін талдаңыз.
Қайта құру кезеңі – Совет Одағының коммунистік партия билеушілерінің 1985-1991 жылдарындағы жүргізілген әлеуметтік-экономикалық саясатының жалпы атауы. Сол жылдары КСРО- да көптеген реформалар қабылданып, елеулі өзгерістер орын алды. Бұл идеяның қозғаушысы –КОКП ОК бас хатшысы Михаил Сергеевич Горбачев болып табылды. Пленумда Горбачев баяндама жасап , социалисттік қоғамды дамытудың жаңа міндеттерін белгіледі.Қоғамды түбегейлі өзгерту және әлеуметтік экономиканы дамытуды тездетуді тапсырды. Қоғамдағы адамдардың рөлін арттыра отырып , өндірісте тәртіпті күшейту, еңбекке ынталандыруды жетілдіру көзделді. Өнеркәсіп салаларының құрылымын жаңарту, инвестициялық жүйені дамыту арқылы экономиканы модернизациялауға көп көңіл бөле отырып , машина жасау өнеркәсібін дамытуды 1.7 есеге арттыру міндеттері белгіленді.

Экономикалық салада дағдарыстың белгілері ;

1. Шаруашылықты жүргізудің шығындық тәсілі.

2. Ғылыми- техникалық және технологиялық прогресте артта қалушылық.

3. Бақылаусыз басқару аппараты.

4. Инфляция

5.Тауар зәрулігі.
34.Ауған соғысы және оған қазақстандықтардың қатысуының себептерімен қорытындларын талдаңыз. 1979-1989жж

1978 жылы Ауғанстанда сәуір айында төңкеріс болып, оның арты аяқталмас соғысқа айналды. Бұл қасірет елдің тек өз ішінде ғана емес, оған сырт мемлекеттердің қатысуымен де ұзаққа созылды. 1979 жылғы 25 желтоқсанда Мәскеу уақыты бойынша сағат 15.00-де КСРО Қорғаныс министрінің берген бұйрығымен Ауғанстанға қеңес әскерлерін енгізу басталды. Командирлер: «Бұл қысқа мерзімдік акция, тапсырманы орындаймыз да кетеміз», деді. Ал бірақ «акция» тоғыз жылдан астам уақытқа созылды.

1979 жылдың 25 желтоқсаны мен 1989 жылдың 15 ақпаны аралығында болып өткен Ауған соғысына КСРО аумағынан 620 мыңнан астам жауынгер мен офицер қатысты. Осы соғыста Кеңес Одағынан 15 мың 51 адам оққа ұшып, 118 ұшақ, 800 танк және 11 мың 369 әртүрлі әскери техникалар жойылып кетті. Ал Ауған соғысына қатысқан қазақстандықтардың саны – 22 мың 269 жауынгер. Соғыс даласында Қазақстан 924 боздағынан айрылды. Жар құшып, бала сүйіп үлгермеген 1015 жас елге мүгедек болып оралса, 22 солдат іс-түзсіз кетті.

Соғыстың аяқталғанына 15 ақпанда 26 жыл толды. Бұл күн- сол кездегі елге ағылған темір табыттардың тоқтаған күні. Бұл күн- жанары жасқа толы жесірлер мен жетімдердің, қара жамылған аяулы аналарымыздың перзенттерін жоқтаған күні! Бұл күн- бақи болған қаһарман бауырларымызды қатардан іздеген күн. «Интернационализм» деген саясаттандырылған сөздің құрбандығына айналып, оған имандай сеніп, бүгінгі күні күл-талқан болған тағдырының өтеуі мен бодауын кімнен сұрарын білмей дал болған жандардың өзегіне өкінішін жасырған күн!

«Ауған соғысының 110 айға созылған қанды қырғынынан аман-есен оралғанымен, жандары жаралы 18 мың 360 қазақстандық ардагер ортамызда жүр. Жандары жаралы дейтініміз, олар өліммен тікелей кездесті. Соғыстың небір ауыртпалығын көтеріп, қабырғалары қайысты. Олардың дұшпан оғынан қаза тапқан майдандас достарын соңғы сапарға шығарып салып тұрып, көздері жасқа, жүректері мұңға толған шақтары көп. Сонда да ата-баба рухына дақ түсірмей елге абыроймен оралды. Майдан даласындағы жанқиярлық пен қаһармандығы үшін он мыңдаған қазақстандық орден-медальдармен марапатталды. Бүгін қазақстандық Отан қорғаушылар солардан үлгі алып, соларға қарап сап түзейді», - деді Халық Қаһарманы, генерал-лейтенант Бақытжан Ертаев.
35. 1980 жылдардың екінші жартысында КСРО-да жаңа қоғамдық ұйымдар мен партиялардың пайда болуы және көппартиялық жүйенің қалыптасуы туралы баяндаңыз.
Көппартиялық жүйеге өтумен республика халықтарының мақсат-мүдделерін, талап-тілектерін жүзеге асыру жолында қызмет жасаған саяси партиялар қалыптасты. 1990ж1 наурызға қарай республикада 100-ге жуық қоғамдық ұйым қызмет істеп тұрды. Өзін компартияның ісін жалғастырушымыз деп санайтын Қазақстан социалистік партиясы құрылды. Оның құрамында 50-60мың мүшесі болды. 1992 жылы наурызда Қазақстан социялисттік партиясының кезекті съезі өтті. Съезд республикадағы саяси, әлеуметтік- экономикалық жағдай және партияның таяудағы міндеттері, партияның бағдарламасы мен жарғысына өзгерістер мен толықтырулар енгу сияқты мәселелер талқыланды.

1991 ж қазанда жетекшілері О.Сүлейменов пен М.Шаханов болатын Қазақстан Халық Конгресі партиясы болды. Барлық саяси партиялар мен қоғамдық қозғалыстардың алдында тек демократиялық жолмен, конституция талабына сай қызмет ету мақсаты қойылды.

Сондай-ақ бұл жылдары әйелдер кеңесіне балама ұйымдар әдеттен тыс төменнен пайда болды. Солдат аналарының комитеті, Қазақстан мұсылман әйелдерінің лигасы, көп балалы аналар, жанұялар одағы , «Айша» , «Ақ отау» және Іскер әйелдер қауымдастығы құрылды. Республикада 1991ж барлығы 120-дан астам дербес қоғамдық негізінде бірлестіктер жұмыс жасады.

Қоғамдық-саяси қозғалыстардың ішінен «Азат» «Поколение» «Лад» «Азамат» азаматтық қозғалысы кең көлемде қызметімен ерекшеленді. 1989-1994 ж аяғында Қазақстанда 500- ге жуық қоғамдық бірлестік Қазақстан Республикасы Әділет Министірлігінде тіркелді.



Қазақстан Республикасы тәуелсіздік алғаннан кейін елде көппартиялық жүйе қалыптасты. Қазақстанның социал-демократиялық партиясы , Қазақстанның социалисттік партиясы, Қазақстан Халық Конгресі партиясы,Қазақстан Республикасының партиясы Қазақстан Коммунистік партиясы т.б құрылды. 2002ж елімізде 16 партия тіркелді.

36. Кеңестер Одағының ыдырауы және Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының (ТМД) құрылуы туралы баяндаңыз
1922 ж. 30 желтоқсанда шақырылған аталған төрт республика кеңестері өкілдерінің 1-съезі Кеңестік Социалистік Республикалар Одағын (КСРО немесе Кеңес Одағы) құру жөнінде Декларация қабылдады. Декларацияда КСРО-ға кіру теңқұқылық пен еріктілік негізінде жүзеге асырылады және Одақтан өз еркімен шығу құқы сақталады, әрі басқа да жаңадан құрылған республикалар одаққа өз еркімен кіре алады деп көрсетілді. Съезд КСРО-ны құру жөніндегі келісімшартты бекітті. Одақтың жоғарғы органын – КСРО Орталық Атқару Комитетін сайлады. ОАК-нің тең төрағалары болып М.И. Калинин, Г.И. Петровский, Н.Н. Нариманов, А.Г. Червяков сайланды. 1924 ж. 31 қаңтарда 2-Кеңестер съезі КСРО-ның алғашқы Конституциясын бекітті. 20 ғ-дың 20-жылдарының бас кезінен бастап, әсіресе, Ленин қайтыс болғаннан кейін, Кеңес Одағында билік үшін талас-тартыс басталды1929 жылы КСРО халық шаруашылығын дамытудың 1-бесжылдық жоспары жасалды. 1934 жылы алғашқы бесжылдық жоспарды мезгілінен бұрын орындау қорытындылары қаралып, 2-бесжылдық жоспар жасалды. 1953 ж. көктемде Сталин қайтыс болып, үкімет билігі үшін тартыс қайта басталды. Үкімет басына келген Н.С. Хрущев партияның 20-съезінде (1956) Сталиннің жеке басына табынудың зардаптары жөнінде баяндама жасады. 1954 ж. алғашқы атом электрстансасы салынды, 1957 ж. Жердің жасанды серігі ұшырылды, 1961 ж. тұңғыш кеңестік ғарышкер орбитаға ұшып шықты. Бірақ бұл жұмыстардың барлығы тоталитарлық жүйе тәртібімен жүргізілгендіктен, ішкі қайшылықтары көп болды. Орыстандыру саясатының күшеюіне қарсылық ретінде ұлт республикаларында наразылықтар бой көрсетті. 1964 ж. Хрущев орнынан түсіріліп, билікке Л.И. Брежнев келді. Жаңа үкімет басшысы жүргізген реформалар ақырына дейін жеткізілмей, сәтсіздікке ұшырады. 1979 ж. Ауғанстанға Кеңес Одағы әскерлері кіргізілді. Жанталаса қарулану одан әрі шегіне жетті. 1977 ж. қабылданған КСРО-ның үшінші Конституциясы елдің қоғамдық-саяси өміріне, әлеуметтік-шаруашылық тұрғыда дамуына серпін бере алмады. 1980 жылдың бас кезінде Кеңес Одағы экономикалық тоқырауға ұшырады. 1985 ж. билікке М.С. Горбачев келуімен бірге елде саяси-экономикалық реформалар басталды. Кеңес жүйесін реформалауға тырысу КСРО-ны дағдарысты жағдайға алып келді. Халықтың саяси белсенділігі бірден көтеріліп, ұлттық партиялар мен қозғалыстар пайда болды. Қазақстанда (қ. Желтоқсан көтерілісі), Балтық теңізі жағалауы елдерінде, Кавказ республикаларында халықтың жаппай бас көтерулері болып өтті. Экономика тұралап қалды, шахтерлердің, кеншілердің, мұғалімдер мен студенттердің, дәрігерлердің үкіметтің саясатына қарсы ереуілдері басталды. Кертартпа күштердің 1991 ж. тамызда мемл. төңкеріс жасау әрекеттері сәтсіздікке ұшырады. Кеңес Одағының бұдан әрі өмір сүруі мүмкін болмай қалды. 1991 ж. желтоқсанда Минск қаласында КСРО-ның бастапқы құрылтайшылары болған одақтас республикалар Беларусь, Ресей, Украина басшылары өздерінің КСРО-ны тарататындықтарын жариялады (қ. Беловеж келісімі). Сөйтіп, КСРО өзінің өмір сүруін тоқтатты. 1991 ж. 21 желтоқсанда бұрынғы КСРО республикалары Армения, Әзірбайжан, Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Түркменстан, Өзбекстан, Украина Алматы қаласында өздерінің Тәуелсіз мемлекеттер Достастығын құратындықтары жөніндегі декларацияға қол қойды.
37. Патриотизмді дамытудағы Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздерінің рөлі мен маңызын талдаңыз.
Әрбір мемлекет үшін отаншылдық рухта тәрбие беру әрбір азаматтың мемлекетімізге, оның даңқты да қиын тарихына, алдағы болашағына өзінің қатысты екендігін сезініп, еліміздің мұң-мұқтаждарын ойлануынан басталады. Бұл міндеттің күрделілігін Елбасы нақты пайымдап, «...бұл міндет білім берудің, мәдениет органдарының, қоғамдық ұйымдардың, бұқаралық ақпарат құралдарының барлық жүйесіне, әрбір отбасына қатысты. Ал, оны елдің Туын, Елтаңбасын, Әнұранын қастерлеуден, заңды өкіметті құрметтеуге тәрбиелеуден бастау керек. Әрбір адам бала кезінен: Қазақстан - менің Отаным, оның мен үшін жауапты екені сияқты, мен де ол үшін жауаптымын деген қарапайым ойды бойына сіңіріп өсетіндей еткен жөн» - дейді.
Өз тәуелсіздігімізге аяқ басқан кезеңде төл рәміздер дуниеге келді.

Тәуелсіз ҚР рәміздерін жасау бүкілхалықтық сипат алып, көптің ісіне айналуы да кездейсоқ емес. Халық жүрегін желпіген еркіндік самалы ғажайып шығармашылық белсенділікке жол ашты.

Елбасымыз жаңа мемлекеттік рәміздерді қабылдауға зор мән берді.

Мемлекеттік рәміздеріміздің ресми хатталуының да өз тарихы бар. Президент Н.Ә.Назарбаев 1992 жылғы 4 маусым күні «ҚР Мемлекеттік туы туралы», «ҚР Мемлекеттік елтаңбасы туралы», «ҚР Мемлекеттік әнүранының музыкалық редакциясы туралы» тарихи заңдарға қол қойды.

Егеменді елдің әрбір азаматы құрметтеуге, мақтаныш етуге тиісті ресми рәміздері бар. Біздің мемлекетіміздің рәміздері - Ту, Елтаңба, Әнұран. Бұл рәміздер 1992 жылы 4 маусымда қабылданды. Біздің мемлекеттік туымыздың түсі – көк. Көк түс аспанның белгісі. Бұл киелі тұс - бірлік пен ынтымаққа шақырып, барлық халықтар үшін әрдайым тыныштық, бейбітшілік пен береке символына айналған.

Көк түс қазақ халқының ұлттық реңі деп саналады. Кезінде Түркі қағанаты (552-630 ж, 682-743 ж), Хазар қағанаты (651-983 жж.), Ұлы Селжұқ қағанаты (1040-1157 жж.), Ақсақ Темір мемлекеті, Қазақ хандығының (1465-1737 жж.) бірқатар хандары мен батырлары көк асаба көтерген. Қазақ КСР-нің (1920 - 1991 жж.) мемлекеттік жалауында да шағын көк жолақ республиканың төл болмысының нышандық белгісі ретінде пайдаланылады. «Көк» сөзінің көне түркі тіліндегі бір мағынасы «шығыс», «шығыстық» деген ұғымға сәйкес келеді. Яғни, тудың түсінен белгілі бір нақты географиялық ақпарат алуға болады. Ол геральдика тілінде бүкіл әлемге Қазақстан жер шарының шығысында орналасқандығын, Ұлы дала өркениетінен бастау алатын, тамыры тереңде жатқан шығыс мәдениетінің өкілі екендігін баян етіп тұрғандай.

Ал, күн бейнесі - байлық пен береке белгісі. Күн бейнесін салу арқылы қазақ елі өзінің жалпы адамзаттық құндылықтарға ортақтастығын және халықаралық қауымдастықтың бір бөлігі екендігін аңғартып тұр.

Қыран бүркіт образы қазақ халқының ұлттық дүниетанымында еркіндік, бостандық сүйгіштік, ерлік, жоғары аңсар, жан дуниесінің кеңдігі, асыл мұрат, жүрек тазалығы сияқты адамгершілік асыл ұғымдармен астасып жатады.

Ал, енді саяси тұрғыдан келсек ол – мемлекеттік тұтастық идеясын білдіреді.

Рәміздер саяси төуелсіздік пен мемлекеттік егемендіктің бірегей белгілері болып табылады. Демек, мемлекеттік рәміздер - белгілі бір елдің өмір салтын, бүкіл болмыс - ерекшелігін, айрықша арман - аңсарын, басқалармен байланыс мұратын білдіретін белгі. Әр елдің мемлекеттік рәміздері географиялық, мәдени-тарихи және геосаяси жағдайларына байланысты қалыптасады. Қазіргі Қазақстан аумағында ерте дәуірден бері талай мемлекеттік құрылымдар дүниеге келген. Орта ғасырдан осы мерзімге дейінгі қазақ мемлекеттілігінің сыртқы белгілері мен жаңа заманға сай рәміздері Қазақстанның әлеуметтік-саяси тарихының негізгі белгісін құрайды. Қазақ мемлекеттілігінің үш кезеңін қамтитын рәміздер тарихына тоқталсақ, олар: Қазақ хандығы, Кеңес одағы құрамындағы Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасы және Қазақстан Республикасы. Әр тарихи кезеңнің мемлекеттілік билігіне тән белгілерінің өзіндік ерекшелігі бар. Қазақстан Республикасының бас рәмізтанушысы Е.Шәймерденнің пікірінше, елтаңбаның қарапайым пішінінен күрделі түріне дейінгі дамуы бірнеше кезеңнен тұрады екен. Бірінші кезең, ерте әлеуметтік белгілердің пайда болуымен сипатталады. Қазақ қоғамында көнеден келе жатқан белгінің бірі - малға ен салу. Екінші кезең, таңба белгілерінің қолданылуымен ерекшеленеді. Бұл деңгейге дала мәдениетіңің айрықша белгісі болып табылатын тайпалық таңбалар сәйкес келеді. Үшінші кезең, мөрлердің пайда болуы, тертінші - рулық таңба, бесінші – аймақтық және қалалық герб, алтыншы, ең жоғарғы деңгей – ресми бекітілген мемлекеттік елтаңбаның болуы. Ол белгілер әр түрлі салт-жораларда пайдаланылып, ру-тайпалардың басын біріктіруге ықпал етті. Ол кезде қоғамды көсемдер мен ақсақалдардың басқаруына байланысты биліктің жеке белгілері қолданыла бастады.

Қазақ халқы мен мемлекеттілігінің дамуында қазақ жүздерінің тарихын бірге қарастыру қажет. Бұл үш категория (халық, мемлекет, жүз) тарихи даму толқынында қатар дамыды. Олардың әрқайсысының өз таңбасы болды.
Мемлекеттік рәміздерімізге шетелдік мамандар жоғары баға берген, сонымен қатар рәміздеріміз әлемдік каталогқа енген.

Ел тәуелсіздігі мен мемлекеттік рәміздер егіз үғым.

Кез келген ел тәуелсіздігін оның мемлекеттік рәміздерінен бөліп қарауға болмайды. Жас мемлекеттің жас астанасында және бүкіл республика аумағында елдің елдігін танытатын, отаншылдық пен патриоттық рухты оятатын, әр жүректе мақтаныш сезімін тудыратын нышандар өз дәрежесінде көрініс тауып отыр.

Мемлекеттік рәміздердің зор тәрбиелік мән, мағынасы бар. Жай ғана мысал, Олимпиада ойындарындағы өз спортшыларымыздың жеңісі кезіндегі мемлекетіміздің көк байрағының желбіреуі әрбір азамат үшін зор мақтаныш, үлкен эмоция тудырады.Сонымен қатар мемлекеттік рәміздердің үлттық патриотизмді және жалпы қазақстандық патриотизмді қалыптастырудағы қызметі, орны ерекше екені даусыз.

«Қоғамда Қазақстан - біздің отанымыз, бүл үғымға көп нәрсе кіреді деген қарапайым ойды қалыптастыру керек» - деп, атап көрсеткен Елбасымыздың сөзі терең ойдан туындаған пікір.

Қай үлттан шыққанына қарамай, әрбір азаматтың парызы ең алдымен, біздің ортақ үйіміздегі достық пен келісім ахуалын қолдауы. Құрамындағы ұлттар мен ұлыстар саны біздегіден де көбірек гүлденіп отырған мемлекеттер аз емес. Бүл елдерде патриоттық сезімі ерекше жоғары дамыған, қоғамда мемлекеттік рәміздерге құрметпен қарау қалыптасқан. Мысалы, мектептерде сабақ басталғанда, мемлекеттік органдарда ант қабылдағанда, басқа да көптеген іс-шаралар кезінде Мемлекеттік Ту көтеріліп, Әнұран орындалады.

Қазақстандық патриотизм елдің нағыз патриоттарын қалыптастыратын құбылыс. Қазақстан патриоты, біріншіден, Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздеріне: Туына, Елтаңбасы мен Әнұранына ерекше құрметпен қарайды, мемлекеттік нышандарымызды шын ниетімен қадірлейді және оны басқалардан талап етеді.

Қазақстандық патриотизм - өзіңді республика халқының құрамдас бөлігі ретінде сүйіспеншілік және берілгендік сезімді, халық пен елдің мүддесін қорғайтын, тіпті әскери қорғауды жүзеге асыратын азаматтың парызы мен намысын тәрбиелеу.

Ұлттық патриотизмді қалыптастыруға негіз болған қазақтың дәстүрлі қоғамында орныққан құндылықтар қатарына, «Отан», «атамекен», «ел-жүрт», «азаматтық борыш», «ар-намыс», «адалдық пен әділдік», «азаматтық парыз», «қанағатшылдық пен жомарттық», тағы басқа үғымдарды жатқызуға болады.

Қазақ жұрты кіндік қаны тамған жерін, ата-баба әулетінің мәйіті жатқан жерді ерекше қадірлейді. Қазақ үшін атамекен - отанжанды пенде ретінде өмір сүруінің шарттық атрибуты. Сондықтан да халқымыз өз ата-мекенін, Отанын, өз халқы, өз тілін, өз мемлекетінің рәміздерін, салт-дәстүрін жүрекпен сүйе білген әрі ұрпағын да соған тәрбиелеген, баулыған.


38. Қазақстан Ресбупликасындағы қоғамдық келісім мен саяси тұрақтылықты нығайту саясаты.
Қазақстандық бірегейліки пен саяси тұрақтылықты нығайту саясаты « Қазақстан -2050» стратегиясысының, ҚР Президенті Н.Назарбаевтың «100нақты қадам баршаға арналған қазңргң заманғы мемлекет» Ұлтжоспарының болашағы біртұтас ұлтты қалыптастыру жөніндегі «Бірегейлік пен бірлік» атты төртінші бағытының міндеттерімен негізделген.

Тұжырымдама мынадай басты қағидаға негізделді;

1. Негізгі бағыт- ел президенті Н.Назарбаев ұсынған «Мәңгілік ел» жалпы ұлттық патриоттық идеясы

2. «Мәңгілік ел» жалпы ұлттық патриоттық идеясысының біріктіруші құндылық тары –азаматтық теңдк, еңбексүйгіштік адалдық, 5ылым мен білі мге құрмет, зайырлы ел

3. Қазақстандық бірегейлік пен бірлік – ұрпақтан ұрпаққа жалғасатын үрдіс. Ол әрбір азаматтың этникалық тегіне қарамастан өзінің тағдыры мен болашағын Қазақстанмен байланаыстыруына негізделеді. Ортақ тарихымыз, бүгінгі тіршілігіміз, болашаққа деген ортақ жауапкершілігіміз қоғамды біртұтастыққа бастайды. «Біздің бір ғана Отанымыз, бір ғана атамекеніміз бпр- ол Тәуелсіз Қазақстан». Бұл саналы таңдаудың мәнін ұғыну- бірігудің басы негізі.

4. Қазақстандық бірегейлік пен бірліктің іргетасы-мәдени этникалық тілдік және діни әралуандыққа негізделген жалпыұлттық құндылықтар.

48. Н.Назарбаев «Қазақстандық даму жолының» іргелі халықтары мен ерекшеліктері туралы саралары

Қазақстанның даму жолы –саяси тұрақтылық бейбітшілік және өркендеу.

Президентіміз Қазақстан халқының сенімді ұлы және нағыз көшбасшысыекнін өзінің бүкіл өмірі мен қызметі арқылы дәлелдеп берді. Елбасының даналығы мен саяси көрегендігін біз мақтан тұтсақ, басқа мемлекет халықтары қызыға қарайды. Қазақстан халқының гүлденген келешегінің кепілі болатын жағдайлар да осылар – саяси тұрақтылық, ашық аспан және экономикалыық өрлеу.

Елбасы Н.Назарбаевтың «Қазақстан даму жолында» керек деп білген нәрселерін нақыл сөздермен берген;

«Бұл заман білекке сенетін емес, білімге сенетін заман»

Мен сіздерді және барлық студенттерді біздің зиянды әдеттерден бас тартуға шақырамын, спортпен айналысыңыздар, салауатты өмір салтын ұстаныңыздар.

Біздің еңбексүйгіштігіміз біздің екінші құнды жеңісіміз болып табылады.

Егер біз өмір сапасының әлемдік жоғары үлгі-қалыптарына жетеміз десек, онда соған сәйкес еңбек ету қажет. Сондықтан тәртіп пен еңбек сапасы айырықша маңызды.

Бүгінгідей жаһандану жағдайына мемлекет пен адам озық бәсекеге сай болуы үшін, ең бірінші білім мен ғылым өркендеуі қажет...

Біздің жоспарымыз ғылым мен білімге ұмтылып,

Елдің болашағын болсақ, келешегіміз кемел, тәуелсіздігіміз баянды болады.

Әр адам басқа ұлт болса да, оларда Қазақстанның төлқұжаты бар, осы елде туып өсті. Бірлігіміз болса, біз бір-бірімізді сыйлаймыз. Бұған дейін осылай болған, бұдан кейін де солай болуға тиіс.



39. Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстандық модель» даму жолының құндылықтары мен ерекшеліктері туралы ойларын талдаңыз.

Республикадағы мемлекеттік қызметтің жаңа моделі Тұжырымдамасының негізгі мақсаты мемлекеттік басқару органдарының қоғам мен азаматтық институттардың алдындағы беделін арттыру болып табылады. Осыған байланысты барлық жаңашылдықтар мемлекеттік қызметтің жаңа моделінің бірыңғай мақсатын шешуге бағыттауға тиіс. Бұл – мемлекеттік қызмет жүйесіндегі тиімді кадр саясаты және адами капиталды басқару жүйесі, мемлекеттік қызметтер көрсетудің жоғары сапасы және мемлекеттік органдар қызметінің тиімділігі, мемлекеттік қызметшілердің оң имиджі және мінез-құлық этикасы.


Қазақстан Республикасы Президентінің 2011 жылғы 21 шілдедегі №119 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі жаңа моделінің Тұжырымдамасын іске асыру мақсатында «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік қызмет мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заң жобасы әзірленді. Заң жобасының ережелері бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің, Парламент депутаттарының, қоғамдық бірлестіктердің, сарапшылардың қатысуымен бірнеше рет талқыланды. Заң жобасы әзірленгенде әлемдегі озық елдердің тәжірибесі де ескерілді.
Заң жобасы мемлекеттік қызметке ең лайықты адамдарды іріктеп, қабылдап, лауазыммен жоғарылағанда олардың абыройын, біліктілігін, еңбегін ескеретін жүйені (меритократия принциптерін) қалыптастыруға бағытталған. Қазіргі таңда заң жобасы Парламентте қаралуда.
Заң жобасының негізгі басымдықтары: кадрларды іріктеу мен жоғарылату кезінде меритократия қағидатын күшейту, «А» басқарушы корпусын құру, персоналды басқару институттары мен тетіктерін жетілдіру, кадр қызметінің мәртебесі мен өкілеттіктерін арттыру, тәртіптік және этикалық бақылауды күшейту, корпоративтік мәдениетті жетілдіру болып табылады.
Дәл осы мақсатта Заң жобасына: тестілеуді нақты мемлекеттік органдағы конкурстық іріктеуден тыс, тәуелсіз өткізілетін, өз кезегінде мемлекеттік органдардың конкурс рәсімдерін өткізу уақыты едәуір қысқартуға мүмкіндік беретін (50-60 күннен 15-20 күнге дейін) бөлек кезең ретінде айқындауды; заңсыз кадрлық шешімдері үшін лауазымды адамдардың жауапкершілігін; мемлекеттік қызметшілердің қызметін бағалау жүйесінің енгізілуін; тәлімгерлік, тағлымдама, ротациялау мен мансаптық жоспарлау институттарының енгізілуін; персоналды басқару қызметі функцияларының, оның құзыреті мен жауапкершілігінің айқындалуын; аудан, қала және облыс үшін бірыңғай персоналды басқару қызметтерін құру, сондай-ақ, бірыңғай конкурстық, аттестациялық және тәртіптік комиссияларын құру мүмкіндігін қарастыратын нормалар енгізілген.
Атап айтқанда, заң жобасында кадрларды конкурстан тыс тағайындауды қысқарту қарастырылып отыр. Яғни, «командалық ауысу» деп аталатын тәжірибені азайту және мемлекеттік органның басшысы ауысқан жағдайда әкімшілік мемлекеттік қызметшілердің қорғалуын күшейту мақсатында ауысу тәртібімен тағайындау тек мемлекеттік органның аясында жүргізіліп, басқа мемлекеттік органдарға ауысу Мемлекет басшысы белгілеген жағдайларда ғана жүзеге асатын болады. Осы мақсатта заң жобасында конкурстық комиссия шешімімен сол мемлекеттік орган үшін ғана кадр резервін жасақтайтын норма енгізілген.
Кейбір басшы лауазымдар стратегиялық жоспарлау мен басқарушылық шешім қабылдау секілді қабілеттерді қажет етеді. Осыған байланысты, заң жобасында Қазақстан Республикасының Президенті айқындайтын кадр резервіне іріктеу және конкурстық іріктеудің ерекше тәртібі, сондай-ақ, арнайы біліктілік талаптары көзделген басқарушылық деңгейдегі мемлекеттік әкімшілік лауазымдар – «А» басқарушы корпусын құру қарастырылған.
Заң жобасы қабылданғаннан кейін «А» корпусының кадрлық резервін қалыптастыратын кадр саясаты жөніндегі ұлттық комиссия және өңірлік комиссиялар құру жоспарлануда. Дәл осылай «А» корпусының лауазымдарына іріктеу мен жылжыту транспарентті іске асырылатын болады.
Мемлекеттік қызметтің персоналын басқарудың институттары мен тетіктерін жетілдіру аясында, заң жобасында мемлекеттік қызметшілердің жұмыс тиімділігін және жұмысының сапасын анықтау үшін олардың қызметін жыл сайынғы бағалауды енгізу көзделеді. Бұл өз кезегінде кадрлық шешімдерді қабылдауға және оларды көтермелеу үшін негіз болмақ.
Жоғарыда айтылғандай, ротация, мансаптық жоспарлау және тәлімгерлік институттары енгізілетін болады. Мемлекеттік қызметшілердің, сондай-ақ, кадр резервіне алынған тұлғалардың кәсіби білім алуы мен тәжірибе жинақтауы үшін тағлымдама қарастырылған.
Бұдан басқа, дарынды және келешегі бар мемлекеттік қызметшілермен жұмыс істеу жүйесін қалыптастыру көзделген, олар үшін арнайы оқу және кәсіби даму бағдарламалары әзірленеді. Заң жобасында мемлекеттік органдар кадр қызметтерінің мәртебесін күшейту, олардың міндеттерін, құзыреті мен жауапкершілігін нақты айқындау көзделген. Кадр қызметі мемлекеттік қызмет туралы заңнаманың орындалуын үйлестіріп, кадрларды іріктеуге және жоғарылатуға қатысып, тағлымдама мен тәлімгерлік, мемлекеттік қызметшілердің қызметін бағалау үдерістерін ұйымдастыратын болады деп күтілуде. Кадр қызметтері жұмыстарының бірыңғай стандарттарын енгізуге ықпал ететін персоналды басқару қызметі туралы үлгілік ереже бекітіледі.
Заң жобасында алғаш рет мемлекеттік қызметшілердің Ар-намыс кодексі мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы нормалар қарастырылған қызметтік этика туралы бөлек тарау енгізілді және мемлекеттік қызметшілерді ынталандыру жүйесін жетілдіру қарастырылған.
Негізінен, заң жобасын қабылдаудың мақсатты индикаторлары: халықтың кадрларды іріктеу жүйесіне сенімін, меритократия принциптерінің сақталуына мемлекеттік қызметшілердің иланымын, мемлекеттік қызметшілердің кәсіби біліктілігін, қызметтік этиканың сақталуын бақылау тиімділігін, мемлекеттік қызметтерді көрсетудің сапасын арттыру болып табылады.
Заң жобасы қабылданғаннан кейін мемлекеттік қызметті өткеруге байланысты мәселелерді реттейтін Мемлекет басшысының бірқатар актілеріне өзгерістер енгізу жоспарланған.
Қазірдің өзінде-ақ мемлекеттік қызметті оңтайландыру бойынша нақты шаралар қабылданғанын атап өткен жөн. Атап айтқанда, мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның құрылымы оңтайландырылып, оның аумақтық құрылымдарының құзырлық міндеттеріне де біршама өзгерістер енгізілді. Мәселен, аумақтық басқармалардың құрамына мемлекеттік қызмет көрсетуді және персоналды басқаруды бағалау жөніндегі мәселелермен айналысатын қосымша штаттық бірліктер беріліп отыр.
Сондай-ақ, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттігі Төрағасының 2011 жылдың аяғына қарай берген тапсырмасы бойынша біздің Басқарманың араласуымен облыстағы жергілікті атқарушы органдардың кадрлық жұмысы зерделеніп, тұңғыш рет бірыңғай кадрлық қызметтерін құру жұмыстары басталған болатын.
Облыста құрамына басқарма қызметкерлерінен бөлек облыс әкімі аппаратының өкілдері енгізілген жұмыс тобы құрылған. Аталмыш топ тиісті талдау жұмыстарын жасап, бірыңғай кадрлық қызмет құрылымының жобасы мен кадр қызметкерлеріне қойылатын үлгілік біліктілік талаптарын әзірледі. Міндеттердің ара-жігін айқындай отырып, аудандық бірыңғай кадр қызметінің мемлекеттік органдармен өзара әрекеттесу сызбасы, жергілікті атқарушы органдардағы бірыңғай кадрлық жұмыс бөлімінің құрылымдық жобасы ұсынылды.
Осылайша ағымдағы жылдың шілде-тамыз айларында мемлекеттік қызметтегі бірыңғай кадрлық саясатты іске асыру мақсатында, сондай-ақ, персоналды басқару бойынша мемлекеттік органдар қызметінің тиімділігін қамтамасыз ету және оны арттыру үшін аудандық деңгейдегі жергілікті атқарушы органдардың қолданыстағы құрылымның ішінен, яғни аудан әкімдері аппараттарының құрамында орталықтандырылған кадрлық жұмыс бөлімдері ашылды.
Елбасы Н. Ә. Назарбаевтың саяси біліктілігі, көздеген мақсатқа жету жолындағы табандылығы мен күш-жігерінің арқасында Қазақстан мемлекеттік қызмет саласында аймақтық көшбасшы болып отыр.
Халықаралық сарапшылардың пікірінше, заң жобасының қабылдануымен мемлекеттік қызметтің қазақстандық моделі заманауи үрдістерді ескеретін озық халықаралық тәжірибеге сәйкес келетін болады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет