Этикаға қосымша. Қатысушы ақпараты туралы мәлімдеме және келісім формасы Этика туралы өтінімдердің бәріне қосымша ретінде керек екі негізгі құжат: қаты-
сушы ақпараты туралы мәлімдеме мен ақпараттық келісім формасы. Этика жөнін-
дегі комитеттердің көпшілігінің нақты талабы, мысалы және үлгісі болады, сол үлгі-
лерді ұстануды қатаң талап етеді. Ондай құжаттардың негізгі элементтері төменде
көрсетілген.
Қатысушы ақпараты туралы мәлімдеме
1.
Мақсат-міндетіңізді қысқаша сипаттаңыз, қол жеткізгіңіз келетін мақсаты-
ңыз туралы да айта кетіңіз.
2.
Зерттеуді кім жүргізеді (адам немесе команда, мекеме, дәрежесі және же-
текшісі) – анықтап жазыңыз.
3.
Зерттеу нені қамтиды – сұхбат, фокус-тобы, бейнежазба т.б. қамтитын ау-
мақты, қамтитын тақырыптарын, қатысушыларға қажет уақыт пен тәуекел-
дер туралы баяндаңыз.
4.
Қатысушы кез келген уақытта зерттеуден шыға алатыны жайлы жазыңыз.
5.
Құпиялыққа кепілдік беріңіз.
6.
Қатысушылардың қандай пайда көретінін айтыңыз.
7.
Қосымша ақпарат алу және туындаған мәселелерді талқылау үшін байланыс
дерегін қалдырыңыз.
Ақпараттық келісім формасы
1.
Жоба атауы.
2.
«Мен, ... , зерттеу жобасына қатысуға келісім беремін» деген рұқсат беру
өтініші.
3.
Келісім беретін нәрселер тізімі. Мысалы, «Келісім беру арқылы мыналарды
растаймын:
y
Жобаға қажет процедуралар мен жұмсалатын уақыт туралы мәлімет
алдым.
y
Қатысушы ақпараты туралы мәлімдемені оқыдым, бұл ақпаратты және
жобаға қатысуымның жай-жапсарын зерттеушімен талқыладым.
y
Жобаға өз еркіммен қатысып отырмын, келіспеуге де құқылы екенімді
білемін.
y
Жобаға қатысуым қатаң құпия сақталатынын білемін. Зерттеу нәтижесі
бойынша жиналған кез келген дерек жариялануы мүмкін, бірақ мен ту-
ралы ақпарат жеке дерегімді әшкерелейтіндей жолмен жарияланбайты-
нынан хабардармын.
y
Зерттеуден кез келген уақытта бас тартуға болатынын білемін, ол менің
зерттеушімен не Х университетімен қарым-қатынасыма ықпал етпейтінін
білемін».
(Мысалдар мен үлгілерді көбірек көру үшін қосымша сайттарды
қараңыз).