Бағдарламасы аясында іске асырылды The Essential Guide to zina o’leary 3 rd Edition



Pdf көрінісі
бет130/503
Дата01.04.2022
өлшемі7,43 Mb.
#137498
түріБағдарламасы
1   ...   126   127   128   129   130   131   132   133   ...   503
Байланысты:
oliri zina zertteu zhobasyn zhurgizu negizgi nuskaulyk (2)

Дерекқорға жету жолдары
Кітапханадағы іздеу жүи�есінің көпшілігі сол кітапханада бар еңбектерді ғана 
емес (өздері жазылатын журналмен қоса), сол журналдардағы мақалаларды 
алуға да көмектеседі. Мысалы, 
CrossSearch
арқылы материалдың барлық түрін, 


127
Әдебиетке шолу
баспа және электрондық кітаптарды, мақалалар мен журналдарды, мультиме-
диа, тезис, газет және электрондық репозитории�лерді т.б. іздеуге болады. Ол 
материалдарды тақырыпқа қатысты болуына қараи� сұрыптап ұсынады, жылын, 
форматын не тілін көрсету арқылы іріктеуге мүмкіндік береді.
Тағы бір қарауға тұрарлық платформа – 
Google Scholar
. Ол да CrossSearch 
сияқты түрлі ғылыми материалдарды іздеуге жағдаи� жасаи�ды. Әсіресе кеңеи�-
тілген іздестіру нұсқасын ұнатамын, сол арқылы мақаланың шыққан жылы 
немесе журналдың атауын көрсетуге болады (6.3-сызбаны қараңыз). Мынаны 
ескеріңіз: журналдағы мақаланы іздесеңіз, салаға қатысты журналдардың 
атауын білмесеңіз, «Басылым» өрісіне «журнал» деп қана жазыңыз. Сонда 
атауында журнал деген сөзі бар басылымдарды ғана көрсетеді (біршама жақсы 
көрсеткіш), артық дүниелерді алып тастаи�ды. Google Scholar-ды интернет ар-
қылы паи�далануға болады, бірақ оған университетіңіздің саи�ты арқылы кіріп, 
рұқсат алуға кеңес беремін. Сонда университетіңіз жазылған журналдардағы 
кез келген мақаланы тегін әрі толық оқи аласыз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   126   127   128   129   130   131   132   133   ...   503




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет