Бағдарламасы аясында іске асырылды The Essential Guide to zina o’leary 3 rd Edition



Pdf көрінісі
бет185/503
Дата01.04.2022
өлшемі7,43 Mb.
#137498
түріБағдарламасы
1   ...   181   182   183   184   185   186   187   188   ...   503
Байланысты:
oliri zina zertteu zhobasyn zhurgizu negizgi nuskaulyk (2)

8 . 5 - Қ О С Ы М Ш А


191
Әдіснамаларды түсіну: сандық және сапалық тәсілдер 
Тағы бір мысал келтіреи�ік. Facebook-тегі достарыңызға арнап пост жазып 
көріңіз. Жоғары сыныптағы балалардың өзара тілдесу жолы бар. Олар дәл солаи� 
ата-әжесімен сөи�леспеи�тіні анық. Бірақ әжеңіз faceвook-те достық ұсынып, оны 
қабылдасаңыз, ережені бұзатын эксперимент паи�да болады. Аяқасты сыпаи�ы 
бола қалып, достарыңызбен тілдесу әдетіңізді «бұзарсыз» немесе Facebook бе-
тінде өзіңіздің достарыңызбен бұрынғыша араласа беріп, әжеңізді шошытып, 
соңынан уаи�ымдаи�тын шығарсыз. Әи�теуір бәрібір ережені бұзатын эксперимент 
жасаи�сыз. Қалаи� болғанда да өзгелердің реакциясы белгілі бір қарым-қатынасты 
реттеи�тін ережелерді анықтап көрсетеді.
Ортақ интерпретациялардың қалыптасуын зерттеу
Әрбір мәдени топ еркін әрі табиғи сияқты көрінетін, ал шын мәнінде мә-
дениетке ыңғаи�ланған қарым-қатынас орнату жолдарын жасап шығарған. Ол 
мәдени құрылымдар көп жағдаи�да топ мүшелеріне жасырын. Өи�ткені сол мә-
дениет ортасында өскендердің ортақ интерпретациясы бар. Интерпретация 
нормаға аи�налғандықтан, қарым-қатынас орнатудың өзге жолдары қарасты-
рылмаи�ды. Бірақ мәдени топтың сыртында орналасқандар ол құрылымдарды 
анығырақ көреді. 
Бір мысал келтіреи�ік. Австралияға алғаш көшіп барғанымда регби матчы 
аяқталған соң жүргізілетін сұхбаттардың стандарт түрі бар екенін баи�қадым. 
Ол мазмұнмен ғана баи�ланысты емес, сөз, сөи�леу ырғағы, сөз тіркестеріне де 
қатысты. Сондықтан сұхбат «матч қиын болды» деп сұрағаннан бастап, «жақсы 
ои�надыңдар, осы маусымда сәттілік тілеи�мін» деген тілекпен аяқталады. Жасы, 
ұлты немесе алаңда ои�нап жүрген уақытының аи�ырмашылығына қарамастан, 
сұхбат берушілердің жауаптары өте ұқсас: «Рақмет, бауырым!», «Жігіттер бар 
күшін салды», «Жігіттер жарады!», «Жақсы ои�нады!», (мысалы, «Доггис» сияқты 
қарама-қарсы топтың аты аи�тылады) «Олар бізді біраз терлетті», «Тои�лап оты-
ратын уақыт жоқ, бауырым», «Білегімізді сыбанып, маусымның қалған бөлігінде 
жақсы ои�науымыз керек», «Көңіліңіз түспесін, бауырым!». Әлдебіреу бұл сөздер 
қатарын бұзып, өзгешелеу сөи�лесе, онысы бірден елді елең еткізетін. Мысалы, 
2016 жылғы (Орегон штатындағы ои�ын сериялары) маусым аи�ындағы австра-
лиялық үлкен регби лигасының ои�ынынан соң ои�ыншы ауыртпалықпен кел-
ген жеңісті пәктікті жоғалтумен теңестірді. Мұндағы сарказм былаи� аи�тылды: 
«Бұл бір пәктіктен аи�ырған сезімге аздап ұқсас дер едім. Ои�ын онша жағымды 
болған жоқ, бірақ үлкен іс тындырдық». Ои�ында ереженің анық бұзылғанынан 
хабардар баспасөз осы бір екіұшты сарказмды лезде іліп алып кетті.
Бұл оқиғаны өзге спорт түрлеріндегі және өзге елдердегі жағдаи�лармен са-
лыстырыңыз. Америкалық футболшылардың сұхбат беруі өзгеше. Ағылшынның 
крикетшілері де сұхбатты өз мәнерінде береді. Қарым-қатынастарды орнатуға 
көмектесетін құрылымдар бар, бірақ олар көбіне баи�қалмаи�ды.


192
ЗЕРТТЕУ ЖОБАСЫН ЖҮРГІЗУ: НЕГІЗГІ НҰСҚАУЛЫҚ
Этноәдіснамалық стратегия ретінде ортақ интерпретацияларды қалаи� құ-
растыратынымызды зерттеу күнделікті қарым-қатынастарды қамтитын шикі 
деректерді жинақтаудан құралған. Бұл қарым-қатынастар көбіне өзіндік ерек-
шеліктерге баи�ланысты аи�қындалады – дәрігер мен науқастың, отбасы мүше-
лерінің, достардың, белгілі бір мәдени топтың немесе жоғарыдағы мысалға 
оралсақ, сұхбат алушы мен сұхбат берушінің арасындағы қарым-қатынастар. 
Кеи�ін дерек аудиожазбаға жазылады немесе анализ әңгімелесумен ғана шек-
телмесе, видеоға түсіріледі. Сенімсіздікті, сөи�леу ырғағын, қарым-қатынасты, 
сарказмды, беи�вербал белгілерді анықтап алып, сұхбат мұқият қағазға түседі. 
Осыдан кеи�ін анализ келесі сатыға көтеріледі де, қарым-қатынас бірлескен түр-
де қалаи� құрылатынын анықтауға кіріседі. Қарым-қатынастарды біріктіретін 
ережелерді, жеке адамдардың іс-әрекетін немесе әңгімені қалаи� жүргізетінін 
анықтауыңыз керек. Бұл контексті зерттеуден және ол контексті қатысушылар 
қалаи� түсінетінін зерделеуден тұрады. Контест (немесе Гарфинкельдің сөзі-
мен аи�тқанда, индексті табиғат) аса маңызды, өи�ткені контекст белгілі бір топ 
үшін белгіленген қарым-қатынастардың паттерндерін білдіреді. Регби ои�ынын 
мысалға алған жағдаи�да, бұл контекст ои�ыннан кеи�інгі сұхбат деуге болады.
Қате интерпретацияларды зерттеу
Коммуникация және қарым-қатынастың табиғатын ашып көрсетуге қол-
данылатын ақырғы әдіс – жағдаи� өз ретімен жүрмегенде қақтығыстар мен 
қателіктерді зерттеу әдісі. Нормаларға қарсы шығатындарды «солаи� болуға 
тиіс» жағдаи�ға қақтығысқанда баи�қау, деконструкциялау және түсіну оңаи�ырақ. 
Кореи� тамырлы, бірақ 20 жасынан АҚШ-та тұрып келген анам, қызымның туған 
күнінде қалыптасқан әдетпен Австралияға қонаққа келді. Ол тәртіпке бағын-
баи�ды, өи�ткені қағидаларға бас қатырып та жатпаи�ды және әзіл-қалжыңды 
жақсы көреді. Қонақ бөлмеде кішкентаи� бір балақаи�дың қандаи� сүи�кімді екенін 
аи�тып отырғанымызда, анам әңгімемізге араласты. Кім туралы аи�тып отырға-
нымызды түсінген ол таңдана: «Ана бала ма?! Ол бір сүи�кімсіз ғои�!» – деп аи�та 
салды. Жараи�ды, бұл сөзі шындыққа жанасатын-ақ шығар, басқалар да іштеи� 
солаи� ои�лап отырған болуы да мүмкін (анамның сөзіне бәрінің жамыраи� күліп 
жіберуі оны растаи�тындаи� еді). Бірақ бөлмедегінің бәрі қағидаларды білетін 
және сыи�лаи�тын, демек, балақаи� туралы ондаи� нәрсе аи�тпауымыз керек еді. 
Әсіресе баланың кіндік шешесі мен әпкесінің көзінше (Құдаи�ға шүкір, баланың 
ата-анасы ол кезде кетіп қалған, бірақ оны анам білген жоқ еді) сөзге абаи� бол-
ғаныңыз жөн. Анамның көпшілік қабылдаған интерпретациямен жүргісі келмеуі 
мәдени норма күтетін нәтижелерді ашып көрсетті. Шындығында, қабылданған 
интерпретациялы салтты бұзу арқылы көп дүниені күлкіге аи�налдыруға бо-
лады. Біз әдетте қалыпты деп белгілеген қарым-қатынастардың паттерндерін 
көре бермеи�міз, бірақ оларды бұзған кезде ғана баи�қап, таңғалып, күліп, шо-
шынып не ашуланамыз.


193
Әдіснамаларды түсіну: сандық және сапалық тәсілдер 
Этноәдіснаманың артықшылықтары мен кемшіліктері
Этноәдіснама жеке адамдардың әлеуметтік, оның ішінде интерпретациялау 
еңбегін ескеріп, сол еңбекті зерттеи�тін әдістерді ұсынады. Жеке адамдар әлеу-
меттік әлемге қалаи� мағына беретінін зерттеи�ді, әлеуметтік тәртіпке мағына 
беруде және оны қалыптастыруда жеке адамдар сырт қалмаи�тынын мои�ындаи�ды.
Сондаи�-ақ этноәдіснама қарым-қатынас орнатудың шынаи�ы процесінің («қа-
лаи�» деген сұрақ) өзекті тақырып екенін; вербал қарым-қатынас тақырыбын 
(«не» деген сұрақ); қарым-қатынас орнатуымыздың себебін («неге» деген сұ-
рақ) әлеуметтік ғылымдар саласындағы мамандар қоятын жалғыз сұрақ емес 
екенін мои�ындаи�ды. Бұл – мәдениетті зерттеудің өзгеше бір түрі. Этноәдіснама 
белгілі бір мәдени топтың мүшелері нені маңызды санаи�тынын және интер-
претациялауға қалаи� үлес қосатынын зерттеи�ді. Мәдениет ішіндегі әңгімелесу 
мен әлеуметтік құрылымның табиғатын интерпретациялау бізге көп нәрсені 
ұғындырады. Этноәдіснама қарым-қатынастың белгілі бір түрлері қалаи� жүзеге 
асырылатынын зерттеу жолын ұсынады. Мысалы, «Сот қаншалықты әділ және 
қалаи� шешім шығарады?» немесе «Медицина қызметкерлері жағымсыз әсерді 
мүмкіндігінше азаи�ту үшін жағымсыз жаңалықты қалаи� хабарлаи�ды?» деген 
сұрақтардың жауабын іздеи�ді.
Дәл қазіргі уақытта Facebook, Twitter, Instagram және Pinterest сияқты он-
лаи�н араласу түрлері саудамен аи�налысушыларға, коммуникация маманда-
рына, қауымдастық мәселелерімен аи�налысатын мамандарға және қоғамдық 
ғылым саласындағыларға аса қызық. Қарым-қатынас қалаи� орнатылатыны 
және ұи�ымдар жаңа интерпретациялы іс-әрекетке қалаи� араласатыны да қызу 
талқыланып жүрген тақырып. Қоғамдық ғылымдағы әдіснама ретінде этноә-
діснаманың маңызы зор.
Ағымнан тыс қалған кез келген әдіснама сияқты, бұл әдістерді қолданудың 
қиындықтары да бар. Ол қиындықтарға сізге қол ұшын бере алатын тәжірибелі 
маманның тапшылығын жатқызуға болады. Оған қоса, әдіснамадан хабары аз 
адамдарға оны не үшін таңдағаныңызды түсіндіріп, тиімділігін дәлелдеуіңіз 
қажет.
Кеи�біреулер «этноәдіснама сөздің немесе іс-әрекеттің мағынасын зерттемеи�-
тіндіктен, ол бізге нәсіл, тап немесе гендер сияқты іргелі әлеуметтік мәселелерді 
немесе маңызды конструкцияларды интерпретациялауға көмек бере алмаи�ды» 
деген пікірді ұстанады. Этноәдіснама жасап шығаратын ережелер онсыз да бел-
гілі, сондықтан қызық емес деп аи�татындар да бар. «Этноәдіснаманың интерп-
ретациясы нәсілшілдік немесе сексизмді жеке адамдар қалаи� туындататынын 
түсінуге көмектеседі» деген пікірді жақтаушылар да жоқ емес. 
Интерпретациялық жұмыстарды талдауға баи�ланысты тағы бір ұшқары 
пікір – әдіснама әңгімелесуді талдаумен, дәлірек аи�тқанда, жазылған вербал 
деректерді жіктеп зерттеумен ғана шектелген деи�тін жаңсақ пікір (15-тарауды 


194
ЗЕРТТЕУ ЖОБАСЫН ЖҮРГІЗУ: НЕГІЗГІ НҰСҚАУЛЫҚ
қараңыз). Талдаудың мұндаи� түрі этноәдіснамалық зерттеу әңгімелесудің және 
қарым-қатынасқа түсудің беи�вербалды қырын ескерусіз қалдырады дегенді біл-
діруі мүмкін. Дегенмен әңгімелерді талдау этноәдіснамалық деректердің талда-
нуы үшін ең үздік және ең көп қолданылатын тәсіл болғанымен, бұл тәсіл оның 
ықтимал әдістерінің бірі ғана екенін естен шығармаған абзал. Беи�вербал ин-
терпретация этноәдіснамада ауызша сөз интерпретациясы секілді қолданылады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   181   182   183   184   185   186   187   188   ...   503




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет