Бағдарламасы аясында іске асырылды The Essential Guide to zina o’leary 3 rd Edition



Pdf көрінісі
бет186/503
Дата01.04.2022
өлшемі7,43 Mb.
#137498
түріБағдарламасы
1   ...   182   183   184   185   186   187   188   189   ...   503
Байланысты:
oliri zina zertteu zhobasyn zhurgizu negizgi nuskaulyk (2)

Феминистік тәсілді түсіну 
Ең әуелі, маңызды мәселелердің басын ашып алаи�ық. Феминистік әдіснама 
бар ма? Егер бар болса, оған анықтама беру тіпті мүмкін емес, өи�ткені феминист 
зерттеушілер сан түрлі әдіснамалық негіздерге сүи�енеді және зерттеу жүргізуде 
сан түрлі әдістерді қолданады. Анықтауға оңаи� болғанымен, зерттеудегі феми-
нистердің көзқарасы – күрделі тақырып. Бұл жердегі негізгі алғышарт – дәстүрлі 
зерттеу қағидалары беи�саналы түрде патриархалдық жаңсақ пікірге негізделіп 
құрылған деген пікір. Шындығында, жалпы білім деп қабылдаи�тын ұғымымыз 
туралы феминист зерттеушілер ер адамдардың білімі деген пікірде. Яғни білім 
зерттеу дегеніміз не және ол қалаи� жүзеге асуға тиіс деген түсінік патриархалдық 
құндылықтар мен сенімдерден қалыптасқан. Бұл ер адамның жаңсақ пікірлері 
зерттеу сұрағын қоюдан бастап, деректерді жинақтау, оны түсіндіру мен көрсе-
туге деи�інгі барлық процестерге дендеп еніп кеткен. Ең бастысы – осы жаңсақ 
пікірлер негізгі ағымдағы зерттеу барысында ескерусіз қалатыны. Сондықтан 
(ер адамдардың) белгілі бір өмір шындығынан туындаған ғылыми хаттамалар 
білімді өндіруге стандартты, дұрыс, сенім тудырады деп есептелді.
«Феминистік зерттеу дегеніміз не немесе олар немен аи�налысуы керек» деген 
сұрақты түсіндіруден бөлек, феминистік зерттеушілер «қазіргі әдіснамалық 
зерттеу ер адамдарға тән жасырын жаңсақ пікірлерден ада екенін мұқият тексе-
ру керек» деген пікірмен бірауыздан келіседі. Ер адамдарға тән жаңсақ пікірлер-
ді ашып көрсетуге және патриархалдық ықпалдардан ада жұмыс жазуға, зерттеу 
процесінің барлық сатыларында феминистік теориядан және принциптерден 
хабардар болуға мұқтажбыз. Кеи�бір феминист зерттеушілер ерлерге қарағанда 
әи�елдер әртүрлі әлеуметтік өмір шындығын жақсырақ қарастырады деп сенеді. 
Өи�ткені әи�елдер патриархалдық игіліктерді аи�налып өтеді. 
Феминистік көзқарас бои�ынша зерттеу дегеніміз:
y
әрдайым саяси мотивациясы бар;
y
әйелдерге құқық пен мүмкіндік берген;
y
әлеуметтік теңсіздікті өзгертуге бағытталған;
y
маргиналданған дауыспен қоса, адамзаттың әртүрлілігін көрсететін;
y
әйелдер мен ерлер арасындағы, сондай-ақ әйелдер арасындағы маңызды (нәсі-
ліне, табына, ұлтына, дініне, мәдениетіне, сексуалдық бағдарына т.с.с. байланыс-
ты) айырмашылықтарды мойындайтын;


195
Әдіснамаларды түсіну: сандық және сапалық тәсілдер 
y
зерттеушінің ықпалы мен ұстанымын мойындайтын;
y
зерттеуші мен зерттелушінің арасындағы өзгешелікті азайтатын;
y
сан алуан, субъективті және жартылай ақиқатты мойындайтын зерттеу.
Дәстүрлі әлеуметтік ғылыми әдістердің феминистік сыны ішкі сыннан да 
ада емес. Біріншіден, көпшіліктің пікірінше, жоғарыда санамалап өткен алғы-
шарттар феминистік әдіснамаға ғана тән деи� алмаи�мыз. Олар көптеген, тіпті 
барлық сапалық зерттеу әдістеріне тиесілі. Екіншіден, феминист зерттеушілер-
дің өздері орта таптан, ақнәсілден шыққанын, сондықтан оларға тән жаңсақ 
пікірлерді ұстанатынын, оған қоса өздерінің зерттеу шекарасын орнататынын 
аи�тып, аи�ып тағатындар бар. Үшіншіден, әи�ел адамдардың тәжірибелері сан 
түрлі екенін ескере отырып, гендер ғана шынаи�ы интерпретациялар жасаи� ала-
ды деген тұжырым жеке адам өмірінің әлемін көрсететін өзге тармақтардың 
бәрін де маргиналдандырады. 
Жеке пікірімді аи�тсам, жоғарыдағы тізімге қарап отырып, феминистік әдіс-
наманы ең жақсы жол деи� алмаи�мын. Жақсы сапалық зерттеу әдісін қолдаи�мын. 
Әи�тсе де, феминистік әдіснамаға баи�ланысты әдебиеттермен таныс болғанның 
паи�дасы зор екеніне сенемін. Оны қолдану мақсатында емес, зерттеу ои�ынында 
бедерленген мәдени жаңсақ пікірлерді ашып көрсетуге арналған бір жол ретін-
де оқып тұру керек. Сол кезде зерттеу әдісін әлемді танудың туабітті жаңсақ 
сүрлеуінен бас тартып, зерттеу саяхатының даңғыл жолына шығуға мүмкіндік 
туады. 
Сапалық зерттеу аса қызық сияқты, алайда феноменология мен 
этноәдіснамалық зерттеу қаншалықты пайдалы?
Ғылым әлеміне енді-енді саяхатқа шықсаңыз, сапалық зерттеу сәннен 
шығып қалғандаи� көрінуі мүмкін. Бірақ ол зерттеу әлеуметтік әлеміміздің 
түсінігіне қатысты тың ои� қосады. Оны өте паи�далы жолмен тың ои�ға жете-
леи�тіні сөзсіз. Мысалы, университеттегі әріптесім бала асырап алушы ата-
аналар арасындағы талас-тартыс кезінде медиациялық сессиялар нәтижесі 
көңілге қонымды болуы үшін этноәдіснамалық зерттеуді қолданды. Басқа 
әріптесім әскери қызметкердің жарақаттан кеи�інгі депрессияны емдеу үшін 
денсаулыққа күтім көрсету қызметтерін жақсартуды интерпретациялауда 
феноменологиялық зерттеу әдісін қолданды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   182   183   184   185   186   187   188   189   ...   503




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет