16
ЗЕРТТЕУ ЖОБАСЫН ЖҮРГІЗУ:
НЕГІЗГІ НҰСҚАУЛЫҚ
Физик Ричард Феи�нман (Richard Feynman) аи�тқандаи�: «Біз адамзат дамуының
ұшар басында тұрмыз. Проблемалармен күресуіміз негізсіз емес. Қолымыздан
келгеннің бәрін істеп, шамамыз жеткеннің бәрін біліп, шешімдерді жетілдіріп,
келер ұрпаққа аманаттап кетуіміз қажет» (Feynman, 1997: 102).
Ғылыми зерттеу жағдаи�ды жақсартуға ықпал етеді. Демек, әңгіме алға жете-
леи�тін жолдар туралы. Біз ол жолдарға мұқтажбыз. Жағдаи�ды өзгертуді талап
ететін және өзгерте алатын қадамдар көп. Мысалы, үкіметте көп мәселе туын-
даи�ды, кеи�де сол үкіметтің өзі мәселеге аи�налуы мүмкін. Қоршаған ортамызда
дағдарыс тудыратын жағдаи� шаш етектен. Ғаламшарымыз алып жылыжаи�ға аи�-
налып, жер сортаң тартып барады, таза ауызсуға жарымаи� отырған елді мекен
көп. Ақшаны, азық-түлік пен дәрі-дәрмекті мұқтаж жандарға теңдеи� бөліп берудің
жолын таппаи� келеміз. Денсаулық сақтау мен білім беру көңіл толатын деңгеи�де
емес. Жаһандық деңгеи�ден бастап жергілікті ои�ын алаңына деи�ін нәсілшілдік,
сексизм, соқыр сенім мен кемсітуден арылған жоқ. Дүниенің әр түкпірінде күн
саи�ын балалар қатыгездікке ұшыраи�ды, балалар порнографиясы миллиардтаған
доллар әкелетін индустрияға аи�налған.
Терроризм қаупімен күресуіміз және сол қауіпті жеңіп үи�ренуіміз керек.
Алкоголь өнімдері мен шылым сияқты зиянды дағдының кесірінен және зауыт-
тар мен автокөліктердің улы химиялық қалдықтарымен күн саи�ын өзімізді улап
жүрміз. Анорексияны насихаттаған бұқаралық ақпарат құралдарының кесірі
тиген балалар да ашығып, соғыс пен саяси қақтығыстардың құрбанына аи�на-
луда. Ал мектептер зорлық-зомбылықты, есірткіні, сексуалдық және нәсілдік
шиеленісті әлі күнге жеңе алған жоқ.
Жазатаи�ым жағдаи� мен өндірістен зиян шегіп, күн саи�ын 6 300-ден аса адам
жұмыс орнында көз жұмады (Халықаралық еңбек ұи�ымы, 2016). Ал «аман қал-
ғандар» басшылық тарапынан, бюрократиялық тиімсіз басқару жүи�есінен, кем-
сітуден және жұмыс пен басқа да мыңдаған міндетті қатар алып жүруден жапа
шегеді.
Иә, аи�налада қауіп тым көп, ал зерттеушілер – жағдаи�ды жақсартумен аи�на-
лысатын көп топтың бірі ғана.
Достарыңызбен бөлісу: