14
ЗЕРТТЕУ ЖОБАСЫН ЖҮРГІЗУ: НЕГІЗГІ НҰСҚАУЛЫҚ
Не
істегенімізді білсек, оны зерттеу деп атамас едік қой, солай емес пе?
Альберт Эйнштейн
Зерттеу жобасын әзірлеу мәселелері
Өте қызық жағдаи�ды бастан өткермексіз. Зерттеу жобаңызды әзірлеу мүмкін-
дігі туды. Процесті басқарып, шешім қабылдауға сақадаи� саи� даи�ынсыз. Бірақ,
бір жағынан, іске білек сыбана кірісіп кетуге жүрегіңіз дауаламаи�ды. Себебі
зерттеу жүргізудің кәнігі маманы емессіз. Ал сізге тақырып таңдап, зерттеле-
тін мәселені қарастырып, этикалық талаптарды ескеріп, әдебиеттерді іріктеп,
әдіснамалық тәсіл әзірлеп, әдістерді жоспарлап, нақты ұсыныс жасап, респон-
денттерді тауып,
дерек жинап, оны талдап, жазып шығу керек.
Мұндаи� жағдаи�да сізді «Бәріне қалаи� үлгеремін?» деген сауал мазалаи�тыны
анық. Оған бола қынжылмаңыз, бәріне де осындаи� ои� тыныштық бермеи�ді.
Мұның шешімі оп-оңаи�. Бакалавр дәрежесін алу үшін диплом жұмысын жаз-
саңыз да, доктор дәрежесін алу үшін жоба әзірлесеңіз де шешімі – біреу. Әр
қадамды рет-ретімен жүргізіңіз. Зерттеу жүргізудің қисыны мен ырғағы бар.
Сол қисын мен ырғақты біліп қана қои�маи�, сенімді әрі білікті түрде паи�далана
алу да керек.
Оқыту мақсаты
y
Зерттеу
жобасын әзірлеу мәселелері
○
Зерттеуді сынақ әрі мүмкіндік деп ұғыну
○
Ақиқатты табудағы жауапкершілікті түсіну
y
Зерттеу дегеніміз не және ол не үшін қажет?
○
Зерттеудің қажеттігін түсіну
○
Зерттеу жағдайды жақсартатын
құрал деп есептеу
y
Зерттеу құрылымына тереңдеу
○
Эпистемология мен онтологияның күрделі
әлеміне бойлау
○
Зерттеу парадигмаларын түсіну
○
Рефлективті практика концепті және аралас әдіснамаларды меңгеру
○
Әдіснама мен
әдістің айырмашылығын білу
y
Көмекші құрал
○
Осы кітапты барынша тиімді пайдалану жолы
15
Зерттеу
әлеміне тереңдеу
Әрине, зерттеуді бастағанда әрбір адам жүрексінеді. Саналы түрде аңғар-
масаңыз да, зерттеу жобасын әзірлеу кезінде білім алу сапарында жаңа сатыға
көтерілесіз. Бұған деи�ін білім тұтынушысы болып келген едіңіз. Енді жеткі-
лікті ақпаратты есте сақтап, өңдеп, синтез жасауды үи�рендіңіз. Бұл дағдының
арқасында әрбір ақпаратты талдап, тіпті оны сын тезінен өткізе де аласыз.
Зерттеу жүргізу – мүлде жаңа әлем. Себебі ендігәрі сіз білім тұтынушыдан білім
өндірушіге аи�наласыз. Ақиқатты тауып, өзгеге жеткізе алатын тұлға боласыз.
Жаңа дағдының арқасында білігіңіз бен жауапкершілігіңіз арта түседі. «Зерттеу
туралы біліп қана қою жеткіліксіз екен, енді өзім де зерттеи� бастауым керек»
деген жаңа мақсатқа ұмтыласыз.
Достарыңызбен бөлісу: