Еріктілергенегізделген іріктеу Еріктілердің көмегіне жүгіну арқылы іріктемелерді таңдау. Мысалы, мектептер
немесе қауымдастық топтары сияқты жергілікті ұйымдарға бару немесе газет-
терге жарнама беру.
Ол ыңғайлы болса да, репрезентативті емес. Ерікті ретінде қатысушылардың си-
паты ерікті еместерге қарағанда әлдеқайда өзгеше болуы мүмкін.
Репрезентативтілікке байланысты дәлелдер еріктілер мен негізгі жиынтықтың
қалған бөлігі арасындағы өзгешелікті азайту үшін қолданылатын стратегияларға
сүйенеді.
Ыңғайлы іріктеу туралы пікір Оқу барысында іріктеудің ыңғайлы іріктеу деп аталатын түріне жолығуыңыз
мүмкін: іріктемені зерттеушіге ыңғайлы болатындай етіп іріктеу. Шындығында,
кездейсоқ емес іріктеуді солай санайтындар бар. Бірақ сенім тудыратын зерт-
теуде ыңғайлы іріктеуге орын жоқ екенін есте сақтаңыз.