Тарауды қорытындылау y
Мейлі негізгі жиынтыққа қатысты болсын, мейлі негізгі ақпарат берушілерге қа-
тысты болсын, тіпті екеуіне бірдей қатысты болсын – сұрағыңызға кім жауап бере
алатынын немесе жауап қайда жасырулы екенін білу аса маңызды. Ақпаратты
жинау мүмкіндігіңіз сенім тудыруға қабілетті деректері жинау үшін керек.
y
Дұрыс, ашық, шынайы, білімді, есте сақтау қабілеті жақсы, өзін көрсетуге жас-
қанбайтын, өздерін белгілі бір қырынан көрсетуді қажет деп таппайтын рес-
понденттері таңдауыңызға және оларды іріктеуде қиындықтарға кездесуіңізге
тура келеді.
y
Іріктеу сізге көпшіліктің ойын, білімін, бір нәрсеге қатысын, сенімін және/не-
месе сенімдерін қамту үшін аздаған ақпарат алуға мүмкіндік береді. Кездейсоқ
іріктеу репрезентативті іріктемені мақсат етеді, ал кездейсоқ емес іріктеу рес-
понденттердің «жабыла жинақтау» техникасы арқылы немесе еріктілер арқылы
іріктеуге жол ашады.
y
Жобалық зерттеуде негізгі ақпарат берушілер құнды ақпарат көзі бола алады.
Олар зерттеудің алғашқы кезеңдерінде; деректі триангуляциялау және растау
үшін; деректің басты қайнар көзі ретінде қолданылатын болар. Ақпарат беру-
шілерге сарапшылар, тәжірибесі барлар, көшбасшылар, бақылаушылар, өсек-
шілер, қосымша тәжірибесі барлар, инсайдерлер, сөз тасушылар және «экстер»
(бұрынғылар) жатуы мүмкін.
y
Қоғамның элементтерін жан-жақты сипаттау арқылы және жеке бір жағдайда
немесе кейсті зерттеу кейс-стади зерттеуі деп аталады. Олар репрезентативті
болмағанымен де, кейстер теорияны жоққа шығару, теория жасау немесе бар
теорияны қолдау арқылы білімге өз үлесін қоса алады.